Есімде бар, бір күні мен танымал астаналық визажист Нұрлан Әлімқожаевтан сұхбат алған болатынмын. Менің оған қойған сұрақтарым әртүрлі болып еді, бірақ ең қызықтырған сұрақ, неліктен барлық әйелдердің осыншама молынан, осыншама түрлі-түсті және соншама мен мұндалап бояла бастағандығы жайлы болатын. Әрі Анджелина Джолидің еріндерінің бейнесін пайдаланып қалу тіптен әрбір жұлдызды және жұлдызы жарқырай қоймаған мэйкте тіптен көзге ұрып тұрады. Менің сұхбаттасып отырған адамын дәл осындай сұлулықты тудырып жүрген еді, сондықтан бұл мынаны меңзеу еді: Сіз барлық әйелдерге өмірдің барлық жағдайларына дәл осындай кешкі мэйк жасауға шынымен де кеңес бересіз бе? Жауап күтпеген жауап болып шықты. Нұрланның айтуы бойынша, ол «nude»мен натурэль стиліндегі мэйкті барлық әйелдерге ұсынып, тіптен барынша аз макияжбен мінсіз тері әсеріне қол жеткізуге көмегін беретін сс кремдерді мақтайды екен, бірақ, қыздар мұндай стильден үзілді-кесілді бас тартып, «менің визажистте болғаным көрініп тұрсын» деп өтінеді екен.
Бүкіл әлем табиғи күтімге алынғандыққа, табиғилыққа және қолдан жасалған сұлулық туралы стереотиптерден арылуға ұмтылып отырған кезде, біздің әншілеріміз бен актриса қыздарымыз, керісінше, телеэкрандардан өздерінің түрлі-түсті көлеңкелерінің, ерін далаптарының және алқызыл опа-далабының ойынымен жарқырап көрінеді.
Сірә, макияждың түрі бойынша күндізгі және кешкі болып бөлінетіндігін барлық әйелдер білетін шығар. Күндізгі макияж беттің бб, сс кремдердің немесе жеңіл-желпі пудраның көмегімен беретін салауатты түсімен шектелетіндіктен күндізгі макияж болып отыр, сондай-ақ күндізгі макияждың базасына сүрме мен ерінге арналған оп-далап немесе жалтырауық кіруі мүмкін.
Кешкі макияждың шектеулері жоқ, мұнда беттің сопағын түзету де, кемпірқосақтың барлық түстері жарқыраған көз де, тіптен, мен мұндалаған опа-далап та бар. Солай болса да, сұлулық эксперттерінде белгілі бір қағидалар бар: бәр нәрсеге: әлде ерінге, әлде көзге акцент жасау, опа-далапты тым молынан қолданбау және ақыр соңында, макияж түсірген кезде немесе саған оны түсірген кезде, адамның жасын негізге алу, осыған арқа сүйеу.
Бірақ, біздің жұлдыздарымыз үшін ережелер мүлде жоқ, мұнда: «неғұрлым көбірек болса, соғұрлым жақсырақ» деген ұран жұмыс істейді. Кей кездері мен, мысалға, Баян Есентаеваның топтарының әншілерін оның дәл өзінен ажырата алмай қаламын. Бір визажисттің жұмысы ғана көрініп тұрады. Кейде мен дарынды қыздарымыздың, көз қабағына көп күш түсіргендіктен, таза көзқарасын көрмеймін. Кей кездері маған біздің жасы біразға келген ардақты әншілеріміз макияждың тоннасымен өздерін әдейі қартайтатын секілді болып көрінеді. Фотоколлажды қоса келтірейін, өздеріңіз қарап көріңіздерші.
Алайда, өздерінің балғын, аса көп күш түсірмеген бет әлпеттерімен, ашық көзқарасымен және жай ғана өздерінің табиғи сұлулығымен қуантып жүрген қыздар, басым бөлігінде актриса қыздар да баршылық.