Звезды Казахстана

АЙНҰР НҰРСЕИТОВА: Менен ұлымнан бас тартуды өтінген еді

Ол қыз-инстаграм, өзінің инстаграмға адал жазылушыларының сүйіктісі, өзінің аттас салонының иесі, ана және естен тандыратындай керемет әдемі жан! Айнұр Нұрсеитова pandaland.kz. порталына эксклюзивті сұхбатын берді.
АЙНҰР НҰРСЕИТОВА: Менен ұлымнан бас тартуды өтінген еді
Ол қыз-инстаграм, өзінің инстаграмға адал жазылушыларының сүйіктісі, өзінің аттас салонының иесі, ана және естен тандыратындай керемет әдемі жан! Айнұр Нұрсеитова pandaland.kz. порталына эксклюзивті сұхбатын берді.
АЙНҰР НҰРСЕИТОВА: Менен ұлымнан бас тартуды өтінген еді
Ол қыз-инстаграм, өзінің инстаграмға адал жазылушыларының сүйіктісі, өзінің аттас салонының иесі, ана және естен тандыратындай керемет әдемі жан! Айнұр Нұрсеитова pandaland.kz. порталына эксклюзивті сұхбатын берді.<img a
15.09.2015, 13:10
Изменено: 07.04.2024, 17:07

Ол қыз-инстаграм, өзінің инстаграмға адал жазылушыларының сүйіктісі, өзінің аттас салонының иесі, ана және естен тандыратындай керемет әдемі жан! Айнұр Нұрсеитова pandaland.kz. порталына эксклюзивті сұхбатын берді.

Pandaland Image

Айдана: Айнұр, біздің барлығымыз балалық шақтан шыққанбыз дейді. Кей кездері жұрт Сізді және сіздің апа-сіңлілеріңізді апалы-сіңлілі Кардашьяндармен салыстырып жатады. Сіздердің барлығыңыз қазақстандықтар арасында танымалсыздар. Ата-аналарыңыз сіздерді қалай тәрбиелеп еді?

Айнұр: Мен сіздермен әбден келісемін. Адам балалық шағында өз бойына сіңірген нәрсе оны болашақта тұлға ретінде қалыптастыратын да болады. Не ексең, соны орасың. Әрине, біздің дүниетанымымызды анықтайтын талай факторлар болып отырады, бірақ сонда, да біз өзіміздің бойымызға дәл осы балалық шағымызда салынғанның дәл өзіміз. Бірақ, ата-анамыз бізді ешқашан арнайы отырғызып қойып, бізге дәріс оқыған емес. Бізді ұрып-соқпады, жерден алып, жерге салып ұрыспады. Бізге ешкімді үлгі етіп қоймады. Қалай дұрыс болатындығын біздің құлағымызға құйып отырған жоқ. Бізге қалай жасаған дұрыс еместігін және нені жасамау керектігін айтып отырды. Бізде әрқашан қателік жасау құқығы болды. Біз өз заттарымызға өз білгенімізше иелік еттік. Жоғалта, сыйға тарта, сата, бере алатынбыз. Бізге тыйым салынбады, бізге олай істеуге болмайтындығы нандырылды. Бірақ, шешім қабылдау мүмкіндігі әрқашан біздің өзімізде болды. Бұл бәріне де рұқсат берілгендігіне қарағанда, жауапкершілікке көбірек жақын еді. Бірақ, балалық кезімізде біз өзімізді барлық қалыпты балалар секілді ұстадық және жұрттың көзіне түсе бермеуге тырыстық. Иә, бізді белгілі адамдармен жиі салыстырып отырады. Бұл, әрине, асыра айтылған сөздер, бірақ біз бұған қарсы емеспіз.     

Pandaland Image

Pandaland Image

Айдана: Сіздің ол үшін көп нәрсені құрбан етіп отырған ұлыңыз бар, жақында Сіз тіптен ұлыңыз үшін жаңа қатынастардан бас тартқаныңызды айтқан болатынсыз. Сіз оны қандай адам етіп тәрбиелегіңіз келеді?

Айнұр: Иә, менің ұлым бар. Ол бес жаста. Баласын сүйген кез келген ана секілді, мен ол үшін қажеттінің барлығын жасап отырмын. Сіз еске алған тарихқа қатысты былай дер едім: иә, бұл болды. Мұны талап етіп отырған нақұрыс әсте сол заманның сұлтаны болмаса да, некемізді сақтап қалу үшін, мен ойға келместей тым қатал, орта ғасырлық жағдайларға келістім. Ол мүлдем өзімшіл, бақытсыз адам еді. Мен сол кезде өзіме ендігі шегінер жер қалмады деп есептедім. Мен барлығынан бас тарттым. Тегімді өзгерттім. Оның достарымен ғана емес, туған апа-қарындастарымен, ата-анасымен қарым-қатынас жасауымды қойдым. Мен өте қызықты ұсыныстардан бас тарттым. Өзімнің инстаграммдағы аккаунтымды алып тастадым.

Осы бір адам келбетіндегі ашулы... жоқ, құбыжық емес, кішкентай пенденің орынсыз тілектері үшін, мұны өзімнің өлімім ретінде қабылдап, мен келмеске кеттім. Бірақ, ол ұлыма теріс қарауымды, оған сырт беруімді талап еткен кезде, орнымнан тұрдым да, кетіп қалдым.

Мен оның парасатты, ақылды, жөні дұрыс адам болып өскенін қалаймын.

Pandaland Image

Айдана: Сіздің жүктілігіңіз қалай өтті?

Айнұр: Қыжыл қинап, оның үстіне жиырма килограмға толып кетсем де, менің жүктілігім қалыпты өтті. Маған барлық қажетті және еркелігім бойынша, онша қажет бола да бермейтін жағдайлар жасалды. Бұл ең толғандыратын кезең еді. Мен өз нәрестемді тағатсыздана күтіп, оны қолыма алдым да.

Айдана: Ұлыңызды жалғыз тәрбиелеу қиын ба?

Айнұр: Менің бұл мәселеде жолым болды. Менің ата-анам немерелері десе, ішкен асын жерге қояды. Әрі бұл маған керемет демеу болып отыр. Менің ұлым қамқорлыққа және сүйіспеншілікке бөленіп отыр.

Айдана: Өзіңізді қалай күтімге алып, өзіңізді бабыңызда қалай ұстап отырасыз?

Айнұр: Менің алып отырған орным өзімді бабымда ұстауға мүмкіндік беріп қана қоймай, осыған міндеттейді де. Сұлулық салонының иесінің әдемі болмауына болмайды ғой.  Мен өз өзімді артық граммдармен жерге қаратып жатқанда, іс басқа. Кейбір дәмді тағамдардың дәмін татып көрмеу өте қиынға соғып отырады.

Pandaland Image

Pandaland Image

Айдана: Сіз тіптен өз салоныңызды да ашып отырсыз, Сіз оны қалай басқарасыз, нольден бастау қиын ба?

Айнұр: Маған салон ашу және оны танымал етумен айналысу қиын емес еді. Мен өзім де айтарлықтай танымал болдым және жарнама қызметімен айналыстым, бұл айтарлықтай табыс әкеліп отырды. Сондықтан, менің командамда жұмыс істеуге ниет еткендер мен күткеннен көбірек болып шықты. Адамдарды іріктеп алған кезде, мен олардың біліктілігінен өзге, олардың келбетіне және мәнеріне назар аударып отырдым. Менің ұжымымдағы кей адамдар іс жүзінде кәсіби жолын менде бастаған болатын. Мәселен, біздің визажист Камилла еліміздегі өз ісінің белгілі шебері болып отыр. Оның жұмыс кестесі қараша айына дейін алдын ала жазылып, келісіліп қойылған!

Ал ұжымды басқару – оңай міндет емес. Бірақ, қолымыздан келіп жатыр. Сынап көру және қателесу әдісімен алға басып келеміз.

Pandaland Image

Айдана: Ұлыңызды тәрбиелеу үшін уақыт жеткілікті ме?

Айнұр: Мен ол үшін айтарлықтай уақыт бөліп жүрмін деп ойлаймын. Ол менің өмірдегі бар бақытым емес пе!

Pandaland Image

Айдана: Сіздің тағы босанғыңыз және жаңа жанұя құрғыңыз келе ме?

Айнұр: Әрине, менің тағы да бала көргім келеді. Менің жанұя құрғым келеді. Бірақ, енді кез келген жолмен емес. Менің мақсатым ығыр қылмайтын тілек, ниетке айналды. Оның бәрі тағдырдың қолында.

Pandaland Image

Айдана: Сіздің арманыңыздағы ер адам, ол кім?

Айнұр: Ол парасатты, инабатты және соқыр сенімдерден бос адам болуға тиіс. Бұл ең бастысы. Қалғандарының оның бойында қоса болғаны құба-құп болады.

Pandaland Image

Айдана: Сөзіміздің соңында, біздің мамаларымызға біраз кеңестеріңізді берсеңіз!

Айнұр: Мен тек жалғызбасты мамаларға тілек тілей аламын. Өздеріңізге, балаларыңызға және болашақтарыңызға сеніңіздер. Сіздер міндетті түрде жеңіп шығасыздар! Ал жеңімпазға болса бәрі де бұйырады.

Menu
×