СЕКСТЕН КЕЙІН ІШ АУЫРАДЫ: ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ БАСТЫ СЕБЕПТЕР:
-
Іштің немесе ішектің кебуімен байланысты
Кейбір қыз-келіншектердің пікірінше, секстен кейін іштің төменгі жағы тартылып ауырады, бұл іште ауа жиналып, іш кебуіне де ұқсайды деседі. Жауабы судай анық болса керек, кейбір позаларда, мысалы, партнер артта тұрып, қызтізеге төрт аяқтап тұрса, акт кезінде қынап жаққа ауа да кіріп кетеді. Егер дем алу процесі де күшейіп, жиі-жиі күрсініп дем алса, оның салдарынан іш ауырғандай болып, газ жиналып жатқандай сезінеді.Бұл жағдайда жыныстық қатынастан кейін бірер уақыт горизонталды күйде жата тұрсаңыз ішіңіздегі ауа біраз азайғанын байқайсыз.
-
Полиптер
Жатыр мойнында болатын полиптердің кесірінен көп қыз-келіншіктер толғауға ұқсайтын, секс кезінде немесе одан кейін қозып кететін ауру түрін байқайды. Сол кезде қынапта (влагалище) спазмға ұқсас қысым пайда болып, тіпті жыныстық қатынастан кейін қан ағу да орын алса, ол полиптің қынапты травмаға ұшыратқаны болу керек. Полиптер40-50 жастағы әйелдерде ғана емес, жас қыздарда жиі кездеседі. Полиптерден құтылған соң бұл ауыру түрі басылады.
-
Аналық без кистасы
Егер сіз төмен жағыңызда оң немесе сол жақтан басталған ауруды сезінсеңіз, бұл кистаның салдарынан болуы әбден мүмкін. Осындай жағдайда дәрігерге көрініп, емделу қажет, ал қатты ауырғанды басу үшін – ауырғанды тоқтататын дәрілерді ішсеңіз болады. Бұл жағдайдаакт кезінде – «жоғарыда отыру» позициясы аса ыңғайлы болса керек,себебітереңділікті өзіңіз бақыласаңыз дұрыс болар.
-
Инфекциялар немесе молочница
Төмен жақта қышу қабынып, ашытып ауырған сезім пайда болса, жыныстық еріндер қызарып, үрленіп тұрса, бұл инфекциялық аурылардың сипаттамасы. Дұрыс диагнозды білу үшін – УЗИ-ден өту керек, бұл түрлі венеретикалық аурулардыңтүрі немесе қарапайым молочница болуы мүмкін. Дәрігер қандай бактериялар бұл ауруды қоздырып отырғанын анықтап береді және емделу курсын белгілейді.
-
Спайкалық процестер немесе эндометриоз
Эндометриоз да, спайкілер де жыныстық қатынас кезінде немесе одан кейін ауыртқызатын сипатқа әкеледі. Эндометриоз кезінді ер адамның жыныстық органы қынапқа кірген бетте кенеттен шыдай алдырмайтын ауырутүрі басталып кетуімүмкін. Кенеттенбасталған ауру орын алса, жыныстық қатынасты тоқтатып, дереу дәрігерге қаралу керек.
-
Фиброздық ісіктер немесе жатыр миомасы
Секс барысында ісік жатыр мен оның жанындағы органдарға қысым келтіре алады.Ауырғанды тудырмау үшін акт кезіндегі тереңдікті қадағалап, өзіңізге ыңғайлы позицияны таңдап, ыңғайсыз жағдайды болдырмаудың алдын алыңыз.Позалар әртүрлі болуы мүмкін, қайсысы сізге аса жағымды болуын бақылап анықтаңыз. Әрине, жатыр миомасы да, фиброзды ісік те денсаулыққа зиян болғандықтан оны емдеуді ұзаққа создырмай, гинекологқа тез көрініңіз, себебі “зиянды” жасушалар ұлғайып, ауру асқынып кетуі мүмкін.
-
Цервицит
Ер адамның жыныстық органы тым терең кіргенде, жатыр мойнында қабыну процесі басталса (цервицит) қаныптың ішінде сыздауға әкелетін тітіркену де орын алады. Олар секс барысында немесе уақыт өте пайда болуы мүмкін, бұл жерде ауырғанды дер тоқтататын дәрілер көмектеспейді. Толық қанды зерттеуден өтіп, дәрігер нұсқауларын ұстаныңыз!
СЕКСТЕН КЕЙІН ІШТІҢ ТӨМЕНГІ ЖАҒЫ АУЫРАДЫ: БАСҚА ДА СЕБЕПТЕР
-
Эмоциялар
Егер жыныстық қатынас кезінде сіз стресске шалдыққан, шаршаған, күңіренген, реніш күйінде болсаңыз, іштің ауырғаны асқазанның қозуынан да болуы мүмкін. Бұл жағдайда эмоционалдық күйіңізді жақсартып, өзіңізді жағымды сипаттағы көңіл-күйге аударыңыз. Болашақта секс кезінде тек жақсы эмоцияда болуыңызды қадағалау қажеттігін біліңіз, себебі сіздің организм, әсіресе асқазаныңыз жағымсыз эмоцияларға сезімтал болады.
-
Оргазм
Қанып пен жатыр оргазм кезінде қатты бүркілдеп, жиі тартылған кезде көбісін ауыртатындай хәлге ұшыратады. Әдетте ол жеңіл түрде өтіп, ыңғайсыздық тудырмауы тиіс. Бұндай жағдай орын алса, деніңіз сау болса, келеңсіз әсер көп ұзамай өтіп кетеді.
-
Тым қатаң түрдегі секс
Ер адам жанталаса, кенеттен қызға еніп кірген сәтте көбінесе іштің төменгі жағы ауыруға шалдығады. Оны сәл жұмсақтық танытуға сұраңыз, себебі секс кезінде жарақаттануға әкелетін жайттар да аз емес. Қатты түрдегі жыныстық қатынас әйелдердің зәр шығаруына да жағымсыз әсер етуі мүмкін. Жыныстық қатынас барынша ләззат сыйлау керек.
-
Қынаптың құрғақ болуы немесе іші тырысып, ылғалы жетіспегені
Әйел адамның қынабы әрдайым ылғалданып, секс кезінде барынша дымқылданған болуы қажеттігі бәріне мәлім. Құрғақтанып, тырысып тұрған қынап жыныстық қатынасты жағымсыз етеді. Ер адам қызды керек сезімге баулу үшін, оған “ену” үшін, көбірек сүйіп-сипап, нәзіктікпен жанына, денесіне от лапылын жандыруға тырыссын.
Барлық оқырмандарымызға жан мен тән рахатын тілейміз! Қарым-қатынасыңыз жанды, сезімге толы болып, баянды бақыт сыйласын!
Гинекологқа жиі қаралып тұрыңыздар, кез келген ауруды емдегеннен гөрі алдын алу дұрыс емес пе. Денсаулығыңыз мықты болсын!