Здоровье

Босанудан кейінгі жыныстық қатынас: гинекологтың кеңесі

Ауырта ма? Босанудан кейін жыныстық қатынасқа қашан түсуге болады? Алғашқы қатынастан кейін қандай салдарды күтуге болады?

Мәселе босанудан кейінгі алғашқы жыныстық қатынасқа келгенде, көптеген жұптар күйгелектікке салынады. Әйелдерді: «Ауырта ма? Қанша күткен жөн? Қайтадан жүкті болып қалсам қайтемін? Бірдеңе сезінер ме екем?» деген сұрақтар мазалайды. Бұл сұрақтың бәрі орынды. Босанудан кейін алғашқы кездері болатын ыңғайсыздық та қалыпты жағдай. PandaLand өз оқырмандарына босанудан кейінгі алғашқы жыныстық қатынасқа байланысты кейбір мәселелермен жақынырақ танысып, оларды қалай шешуге болатынын анықтауды ұсынады.

Редакцияны қызықтырған барлық сұрақтарға жауап табуда 25 жылдық еңбек өтілі бар акушер-гинеколог ӨтеғалиеваГүлнарНұрлыбайқызы көмектесті.

Босанудан кейінгі жыныстық қатынас: гинекологтың кеңесі

 

Сөйтіп, нәресте дүниеге келгеннен кейін жыныстық қатынастан бас тарту керектігіне қандай факторлар әсер етеді? Гүлнар Нұрлыбайқызының пікірі бойынша, ең бірінші және негізгі фактор босанудан кейін әйел адамның барлық органдары мен жыныстық жүйесінің жұмсақ тіндерінің қалпына келуі болып табылады. Бұлайтарлықтай ұзақ үдеріс, оны күте тұрған дұрыс. Психологиялық күй де өз әсерін тигізеді. Көбінің босанудан кейін өз денесімен қанағаттанбау сезімі басым болатыны анық, әрине әйелдер жұптарының өз дене бітімінің жаңа ерекшеліктерін қалай қабылдайтындығы алаңдатады. Жыныстық қатынас бұрынғыдай бола ма?

Босанудан кейін әйелдердің жыныстық қатынас тұрғысынан көптеген жағымсыз тұстары болады: бұрынғы қалпына келмеген құрсағы, бәлкім терінің керілуі, емшегінің ауыртуы, ұзақ уақыт бойы бөліністердің болуы, гормондардың құтыруы. Әдетте дәрігер перзентханадан шығармас бұрын, әйелдерге босанудан кейін біраз уақыт жыныстық қатынастан сақтану керектігін ескертеді.Әрбір босанған әйелге жеке көзқарас керек, сондықтан шектеу уақыты әртүрлі болуы мүмкін.

«Жұбымен жақындық әдетте 6-8 аптадан кейін (40 күн) мүмкін болады, — деп түсіндіреді гинеколог. — Әдетте бұл кезеңде сүттің өндірілуі үшін жауапты пролактин гормоны жоғары болады. Әйелдерде ана түйсігі жоғары болатындықтан, ол ең алдымен өз сәбиі туралы ойлайды. Босанғаннан кейін өздерін жыныстық қатынастан екі айдай шектеген әйелдер менің қабылдауыма алғашқы жыныстық қатынас мәселесіне қатысты келеді. Әрине олар өздерін нашар сезініп, ауырсынғанын айтып шағымданады. Бұның себебі – әйелдердің психологиялық тұрғыдан дайын еместігінде, босанудың өзі — өте үлкен стресс».

Босанудан кейінгі жыныстық қатынас: гинекологтың кеңесі

Дегенмен жыныстық қатынас кеңес етілмеген кезеңде болып қалатын жағдайлар да кездесіп жатады. Бұл жағдайда бұның кейбір салдарына дайын болған жөн. Гүлнар Нұрлыбайқызының түсіндіргені бойынша, «мерзімінен бұрын жыныстық қатынастың» салдарынан қан кету күшейе түсуі мүмкін, себебі әйелдерде босанудан кейінгі 40 күн бойы жатырдан бөліністер болады (лохий), олар жатырдың сілемейлі қабығының қалпына келуімен байланысты.

Босанудан кейінгі алғашқы жыныстық қатынастың (тіпті белгіленген мерзімнен кейін болса да) бір қатар ерекшеліктері болатынын түсіну керек.

«Жыныстық жолдардың жұмсақ тіндері әлі бос, қалпына келмеген болады, — дейді гинеколог, — ал егер әйел босану кезінде жарақат алған болса, сәйкесінше кез келген жыныстық әрекет оның ауырсынуды сезінуімен байланысты болады. Сондықтан әйелдерде жайсыздық, коитус (жыныстық қатынас – авт.еск.) кезінде ауырсыну жағдайлары орын алып, либидоның төмендеуі мүмкін, олардың оргазмды сезінбеуі де ықтимал».

Табиғи жолмен босанған және кесарь тілігі жасалған әйелдердің арасында жыныстық қатынастан шектелу ережелерінде айырмашылық бар ма? Гүлнар Нұрлыбайқызы айтарлықтай ерекшелік жоқ деп көрсетеді.

«Кесарь тілігі жасалған әйелдерде операциядан кейінгі тілік ұзақ жазылады, жатыр әдеттегіден ұзағырақ қалпына келеді. Бірақ оперативті босану барысында жыныстық жолдар босануға еш қатыспайды. Бір жағынан, бұл жақсы. Әйтсе де екі жағдайда да барлық босанған әйелдердің оңалу кезеңі бірдей. Тек операциядан кейінгі әйелдерде физикалық жүктемелерге қатысты шектеулер болады. Мәселен, алғашқы жарты жылда дене пішімін қалпына келтіруге кеңес берілмейді», — дейді дәрігер.

Босанудан кейінгі жыныстық қатынас: гинекологтың кеңесі

Табиғи босану жолдары арқылы туған әйелдер жарақат алған жағдайда, жазылу үдерісі толығымен өткенше, жыныстық қатынастан шектену қажет екендігіне назар аударыңыз.

Ал егер жұп бала туылғаннан кейін сексуалды өмірін қалпына келтіре алмаса не істеу керек? Гүлнар Нұрлыбайқызының түсіндіргені бойынша, әдетте серіктесі екінші орынға кетіп, бар күш-қуатын әйел адам өз сәбиіне арнайды. Уақыттың жетіспеуі, тұрмыс, босанумен байланысты жағымсыз естеліктер — жыныстық өмірді жұбайлардың міндетіне айналдыратын себептер. Еркектер бұған түсіністікпен қарап, әйел жүгін азайтып, үй шаруасының бір бөлігін өзіне алып, сәбиді қарауға көмектесулері керек. Әйелдердің ұйқысы қанық болуы тиіс, сол кезде олардың жыныстық құштарлығы (либидо) қалпына келеді.

Енді қорытындылайық. Гинекологтың берген негізгі кеңестері:

  • Жыныстық қатынасқа босанудан кейін 6-8 аптадан соң ғана түсу.
  • Әйелдер контрацепция мен кейінгі қалпына келу мәселелері бойынша кеңес алу үшін, гинекологқа босанудан кейін 40 күн өткен соң міндетті түрде қаралуы керек. Жыныстық органдар мен жатырдың көлемі қысқарып, бәрі қалпына келгендігіне көз жеткізу үшін жамбас мүшелерін узи-зерттеуден өткізу керек.
  • Босану барысында жарақат алып, тігіс жасалған әйелдерде бәрі жазылып кетуі үшін уақыт қажет. Жыныстық қатынас кезінде тігістердің ажырап кетуі ықтимал және бүтіндігі қалпына келмеген болса, мұның салдарының болуы әбден мүмкін. Бұны әрине қалпына келтіруге болады, бірақ екінші қайтара тігіс салынады.
  • Емшекпен емізген кезде, қауіпсіз контрацепция әдісін таңдау керек. Қазір емізетін аналарға арналған контрацептивтер сатылады. Сонымен қатар әйелдерге бұл кезде шиыршық(спираль) енгізуге болады. Әрине сақтану керек, себебі түсіктердің басым бөлігі жүктіліктен кейінгі бесінші-алтыншы айларда болады.
  • Егер жыныстық қатынас кезінде(одан кейін)ауырсыну немесе қабыну үдерісі пайда болса, бұны дереу жойып, жыныстық қатынасқа ем аяқталғаннан кейін ғана түсуге болады. Егер әйел өзін жағымсыз сезінсе немесе құрғақтықты байқаса, дәріханаларда сатылатын лубриканттарды пайдалануға болады.
  • Әйелдер ұйқыларын қандырып, көбірек демалуы керек. Негізгі жүктемені еркектер өзіне қабылдауы тиіс. Егер келіспей жатса, дәрігер солай деп айтты деңіз! Әйтпесе секс жақын арада мүлдем жоғалуы ықтимал. Әбден қажып, босанудан кейінгі дағдарысты басынан кешіріп жүрген әйел жыныстық құмарлықты қайдан сезінсін?

Сегодня читают

Сегодня читают

Топовые новости

×