Семейный досуг

Мама, cеруендеуге, сырғанауға барайықшы! Алматыдағы балалар аландарын шолу

Балалар да, ересектер де қаладағы аномалиялы аптап ыстықтан мезі болып, титықтаған кезде, ашық күн сәулесінің астында ұзақ уақыт болу өте қауіпті. Бірақ, баланың жазғы демалысын ажарландыру, жарқын ету аса қажет-ақ. Біз кішкентай пандочкаларымы
Мама, cеруендеуге, сырғанауға барайықшы! Алматыдағы балалар аландарын шолу
Балалар да, ересектер де қаладағы аномалиялы аптап ыстықтан мезі болып, титықтаған кезде, ашық күн сәулесінің астында ұзақ уақыт болу өте қауіпті. Бірақ, баланың жазғы демалысын ажарландыру, жарқын ету аса қажет-ақ. Біз кішкентай пандочкаларымы
Мама, cеруендеуге, сырғанауға барайықшы! Алматыдағы балалар аландарын шолу
Балалар да, ересектер де қаладағы аномалиялы аптап ыстықтан мезі болып, титықтаған кезде, ашық күн сәулесінің астында ұзақ уақыт болу өте қауіпті. Бірақ, баланың жазғы демалысын ажарландыру, жарқын ету аса қажет-ақ. Біз кішкентай пандочкаларымы
03.09.2015, 06:03
Изменено: 07.04.2024, 08:08

Балалар да, ересектер де қаладағы аномалиялы аптап ыстықтан мезі болып, титықтаған кезде, ашық күн сәулесінің астында ұзақ уақыт болу өте қауіпті. Бірақ, баланың жазғы демалысын ажарландыру, жарқын ету аса қажет-ақ. Біз кішкентай пандочкаларымыздың бос уақыты жайында қам жей отырып, аттракциондардың төбесі жабық саябақтарын іріктеп алдық.

Pandaland Image

1) LUNAPARK-те Сіздің балаларыңыз оқытып-үйрететін және дамытатын ойындарға араласа, қазіргі заманғы ойын автоматтарында ойнай, балалар мен ересектерге арналған ең жақсы аттракцион-сауықтарды байқап көре алады.

Сауықтар: балалар орталығы, ойын автоматтары, аттракциондар

Жұмыс сағаттары: 11:00 - 23:00

Мекен-жайы: Ташкент көшесі, 514а, Райымбек даңғылы – Саин көшесінің бұрышы

Телефоны: +7 (702) 215-68-11

Ресми сайты: lunapark.kz

Pandaland Image

2) «Holiday Park» аттракциондардың төбесі жабық саябағы болып табылады және  келушілерін олардың жасына қарамастан дем алуға және бой жазуға, сауық құруға, көңіл көтеруге шақырады. Сіз бұл жерде әр алуан аттракциондарда және ойын автоматтарында сырғанап, серуендей, ал сондай-ақ көңілді лабиринтті шарлай аласыз. Онымен қоса, ең кішкентай келушілерге көңіл жадырататын балабақшада болу ұнап-ақ қалады.

Сауықтар: балалар орталығы, ойын автоматтары, аттракциондар

Жұмыс сағаттары: 10:00 - 23:00

Мекен-жайы: Рихард Зорге көшесі, 18, 4 қабат, MART сауда-сауық орталығы

Ресми сайты: almaty.mart.kz/holidays

Pandaland Image

3) Maxima сауда-сауық орталығында боулинг ойнауға, роликті конькилер (тіптен қыста да) тебуге, 7-D форматта кино көруге, ал сондай-ақ өз балаларыңыздың бос уақытын ойын алаңында өткізуге болады.

Сауықтар: боулинг, мұз айдындары, балалар орталығы, ойын автоматтары, аттракциондар

Жұмыс сағаттары: дүйсенбі-жұма: 11:00 - 02:00; сенбі-жексенбі: 11:00 - 03:00

Мекен-жайы: Райымбек даңғылы, 239, MAXIMA сауда-сауық кешені

Телефоны: +7 (727) 227-33-06

Ресми сайты: www.trk-maxima.kz

Pandaland Image

4) «HAPPYLON Magic Park» Ресейде және Қазақстанда танымал болып отырған аттракциондар желісіне кіреді. Бұл жерде әр алуан аттракциондарда, оның ішінде диджейге арналған пульті бар роликті мұз айдынында көңіл көтеріп, сауық құруға, сырғанауға болады. Онымен қоса, сіздерге бейнеойындар, симуляторлар және жүлде аппараттары қызмет көрсетеді. Келушілер сондай-ақ «Jumanji» мейрамханасына жайғаса немесе туған күнін әлде корпоративтік кештерін «Party ROOM»-де өткізе алады. Онымен қоса, «HAPPYLON Magic Park»-те жеңілдіктердің бонустық жүйесі қолданылады.

Сауықтар: тир, балалар орталығы, ойын автоматтары, аттракциондар

Жұмыс сағаттары: 10:00 - 24:00

Мекен-жайы: Розыбакиев көшесі, 247а, «Мега Алматы» ССО

Телефоны: +7 (727) 232-26-56

Ресми сайты: magic.happylon.com

Pandaland Image

5) Ауданы 2300 шаршы метр болатын «Funky Town» сауықтардың үш (таңертеңгі, күндізгі және кешкі қала) аймағына бөлінген, бұл аймақтардың әрқайсысы әртүрлі жастағы келушілерге арналған. «Таңертеңгі қала» 1 жастан 5 жасқа дейінгі ең кішкентай келушілерге ұнап-ақ қалады, «Күндізгі қалада» 6 жастан бастап 12 жасқа дейінгі балаларға арналған ойын автоматтары мен аттракциондар бар, ал «Кешкі қала» жасөспірімдердің де, ересектердің де көңілінен шығып жатады. Мұнда қызықты акциялар мен бонустық жүйе қолданылады.

Сауықтар: балалар орталығы, ойын автоматтары, аттракциондар

Жұмыс сағаттары: дүйсенбі-жұма: 10:00 - 23:00; сенбі-жексенбі: 10:00 - 24:00

Мекен-жайы: Ташкент тракты, 17к, 2-ой қабат, Молл Апорт сауда-сауық кешені

Телефоны: +7 (727) 312-16-20

Ресми сайты: www.funkytown.kz

Pandaland Image

6) «Простоквашино» спорт-сауық орталығы кішкентай меймандарын өздерінің бос уақыттарын әр алуан аттракциондарда көңілді өткізуге, лабиринтті шарлауға, скалодромға өрмелеп шығуға, роликтерде сырғанауға немесе батутта секіруге шақырады. Сондай-ақ барлық ниет білдірушілер мұнда үстелдегі ойындар ойнай, би студиясында және шығармашылық студиясында шұғылдана алады. Онымен қоса, орталықта фотостудия, мультфильмдер көруге арналған бейнезал және балалар кафесі жұмыс істейді.

Сауықтар: балалар орталығы, аттракциондар

Жұмыс сағаттары: 09:00 - 24:00

Мекен-жайы: Рысқұлов даңғылы, 143в, 4-ші қабат

Телефоны: +7 (727) 317-22-20, +7 (727) 354-04-54, +7 (707) 217-22-20

Ресми сайты: prostokvashino.kz

7) «Wonderland» балалар игротекасы «City Plus» сауда кешенінде орналасқан және балаларыңыздың дем алуы мен ойын ойнауы үшін қажеттінің барлығын: аттракциондарды, ойын автоматтарын және алуан түрлі ойыншықтарды ұсынады.

Сауықтар: балалар орталығы, ойын автоматтары, аттракциондар

Жұмыс сағаттары: 09:00 - 23:00

Мекен-жайы: Төле би көшесі, 285

Телефоны: +7 (727) 275-98-05

Pandaland Image


8) Балалардың көңіл көтеретін Happylon Travel Park саябағы MEGA Park орталығында ашылған. Саяхаттарға және шытырман оқиғаларға құмар кішкентайлар бұл жерден өз талғамына сай сауықты міндетті түрде табатын болады. Саябақта 8 аттракцион және 92 ойын симуляторы бар. Сондай-ақ Сізге балалардың көңілді туған күндерін, спорттық жарыстар және басқа да сауық-көңіл көтеру шараларын ұйымдастыру қызметі қызмет етеді. Happylon Travel Park саябағының меймандары Happylon Cafe тақырыптық кафесінде жүрек жалғай және тіптен осы кафеде банкетке тапсырыс бере де алады. Мұнда бонустық бағдарлама және жеңілдіктердің жинақтаушы жүйесі қолданылады.

Сауықтар: ойын автоматтары, аттракциондар

Жұмыс сағаттары: 10:00 - 22:00

Мекен-жайы: Мақатаев көшесі, 127, MEGA Park, 3 қабат

Телефондары: +7 (727) 357-28-69, +7 (771) 775-75-47, +7 (701) 778-77-42

Ресми сайты: travel.happylon.com

Menu
×