Семейный досуг

Алматыдағы балалар санаторийлері

Біздің өз балаларымызды жақсы көретіндігіміз соншалықты, олар үшін тіптен өзіміздің демалысымызды да құрбандыққа шалуға әзірміз. Егер Сіздің балаңыздың денсаулығы сыр білдірген болса, онда Сіз учаскелік дәрігерден жергілікті

Біздің өз балаларымызды жақсы көретіндігіміз соншалықты, олар үшін тіптен өзіміздің демалысымызды да құрбандыққа шалуға әзірміз. Егер Сіздің балаңыздың денсаулығы сыр білдірген болса, онда Сіз учаскелік дәрігерден жергілікті шипажайларға жолдама беруін талап етуіңізге толықтай құқығыңыз бар.

Кәсіби емдеу, жасыл екпе ағаштар, таза ауа – осының барлығын балаңыз мамандандырылған мемлекеттік мекемелерде ала алады. Біздің редакциямыз  оларды іздестіруіңізді жеңілдетуге және Алматы қаласындағы балаларды емдеу мекемелерінің тізімін келтіруге шешім қабылдады.

Pandaland Image
 
№2 БАЛАЛАР САНАТОРИЙІ

 

 «№2 балалар санаторийі» МКҚК Алматы қаласының Әуезов ауданында, 12 шағын аудан, 17 үй мекен-жайы бойынша, жалпы ауданы 1992 шаршы м. болатын 2 қабатты типтік ғимаратта орналасқан. Қатарлас жатқан аумақ - 0.98 га, көгалдандырылған, мұнда осында беседкалар, балалар ойнайтын құмды алаңқай, әткеншектер, айналмалы үстелдер және басқа да шағын сәулет пішіндері орналасқан, арнайы жабдықталған 4 ойын алаңы бар.

Кімді емдейді: санаторий қала емханаларынан жолдамалар бойынша неврологиялық профильде 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсетеді.

Емдеу: физиоемдеу бөлімі, емдік дене шынықтыру кабинеті, массаж кабинеті, сенсорлық бөлме.

Балаларды сауықтыру кешенді жүргізіледі, барлық балалар физиопроцедуралар, массаж алады, емдік дене шынықтырумен айналысады, темір тапшылығы анемиясы, созылмалы тонзиллит, өт шығаратын жолдардың дискинезиясы және т.с. секілді ілеспелі ауруларды емдеу жүргізіледі. Санаторийде сенсорлық бөлме жұмыс істейді, мұнда сөйлеуін түзетуге мұқтаж болып отырған балаларда логопедпен жеке және топтық сабақтар өткізіледі.

 «№2 балалар санаторийі» МКҚК-на балаларды қабылдау тәртібі:

- Балаларды қабылдау қала емханаларынан жолдама бойынша жүргізіледі

- Баланы сауықтыруға жолдаманы тұрған жер бойынша емханадан алуға болады.

- Қатаң көрсетілімдер бойынша, 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар қабылданады.

- Бала жолдамада көрсетілген мерзімде, ата-анасының бірінің (қкмқоршысының) қатысуымен қабылданады, кешігіп келуге және мерзімінен бұрын кетіп қалуға тыйым салынады.

- Балаларға барып, олармен көрісуге тек кесте бойынша рұқсат етіледі.

- Бала маусым бойынша аяқ киіммен және киіммен, ыңғайлы ауысымдық аяқ киіммен, іш киімнің 4-5 жинағымен, пижамамен, спорттық киіммен, жеке бас гигиенасы заттарымен қамтамасыз етілуге тиіс.

Мекен-жайы: Алматы қ., 12 шағын аудан, 17 үй

Тел/факсы: +7 (727) 302-94-71, 302-94-70

Сайтыhttp://ds2.kz

Pandaland Image
 
 
№3 „АЛАУ” санаторийі

№3 балалар санаторийінің профилі пульмонологиялық, өкпенің созылмалы аурулары және темір тапшылығы анемиясы бар балаларды сауықтыру жүргізіледі. Балалар мұнда «Госпитальға жатқызу бюросы» порталы арқылы қаланың  бастапқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының жолдамалары бойынша келіп, қабылданады.  Санаторий тегін негізде, жыл бойына жұмыс істейді.

Құжаттардың тізімі:

Балалар мен жасөспірімдерге арналған 076/у  үлгідегі санаторий-курорт картасы (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 ж. 23.11. №907 бұйрығы)

Балалар санаторийіне 077/у үлгідегі жолдама (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 ж. 23.11. №907 бұйрығы)

Амбулаториялық аурудың 027/у үлгідегі медициналық картасынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 ж. 23.11. №907 бұйрығы) көшірме және егер осылар жүргізілген болса, ультрадыбыстық зерттеу УЗИ, ЭХО КГ, ЭКГ,ФКГ, ФГДС мәліметтері, ЛОР-дың, тіс дәрігерінің қарап тексеру мәліметтерімен дуоденальды зондтау мәліметтері, көшірмеде соңғы физиоемдеу, жайылмалы анамнез (ілеспелі диагноз) егжей-тегжейлі көрсетілуге тиіс.

Үйдің, балалар бақшасының және мектептің эпидемиологиялық қоршаған ортасы туралы мәлімет.

Профилактикалық егулердің 63/у үлгідегі картасының көшірмесі (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  2005 ж. 08.07. №332 бұйрығы.

Мекен-жайы: Алматы қ., Шашкин көшесі, 7 үй

Сайтыhttps://alau3.kz/ru

Телефоны: 8 (727) 262-32-98

Pandaland Image
 
№4 балалар санаторийі

«№4 балалар санаторийі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны 1982 жылы құрылған және қала Әкімдігінің жанындағы Денсаулық сақтау басқармасына бағынышты. Жергілікті маңызы бар санаторий, яғни, санаторийге тек Алматы қаласының тұрғындары ғана қабылдана алады.

Кімді емдейді: жүйке жүйесінің, ас қорыту ағзаларының, жүрек-қан тамыры және несеп шығару жүйелерінің аурулары бар, 7 жастан 13 жасқа дейінгі балаларды емдейді.

Профилі: гастроэнтерологиялық, нефрологиялық, неврологиялық, кардиологиялық.

Қажетті құжаттардың тізімі:

-Санаторий-курорт картасы;

-Баланың лабораториялық анализдері және балаға қажетті медициналық құжаттар;

-Несептің және қанның жалпы анализі;

-Егер ілеспелі созылмалы патология орын алып отырған болса – профильдік маманның (патологияға сәйкес) кеңесі, мұнда ілеспелі созылмалы патологияның сатысы, сонымен қатар ұсыныстар көрсетілуге тиіс;

- Профилактикалық егулер туралы 63 үлгідегі картаның көшірмесінің мәліметтері;

- Госпитальға жатқызу бюросы арқылы стационарға госпитальға жатқызуға жолдама;

- «Госпитальға жатқызу бюросы» электронды порталынан жоспарлы госпитальге жатқызу талоны.

ГОСПИТАЛЬҒА ЖАТҚЫЗУ ҮШІН ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРДІҢ ТІЗІМІ:

— Барлық асқынған кезеңіндегі аурулар;

— Арнайы емдеуді қажет ететін барлық созылмалы аурулар;

— Оқшаулау мерзімі аяқталғанға дейін бастан кешкен инфекциялық аурулар;

— Бацилла таратушылық;

— Көздің барлық жұқпалы аурулары, қатерлі анемия, лейкемия, қатерлі жаңа түзілімдер, кахексия, ішкі ағзалардың амилоидозы, өкпе туберкулезінің және басқа ағзалардың туберкулезінің белсенді түрлері;

— Жүрек-қан тамыры жүйесінінің қатаң түрдегі аурулары;

— Қан айналымының кез келген дәрежедегі жеткіліксіздігі;

— Эпилепсиясы, қалшылдау синдромы, психоневроздары, психопатиясы, ақыл кемістігі бар, күтімге алудың және емдеудің жеке жағдайларын қажет ететін, психотропты және қатты әсер ететін препараттарды үнемі қабылдауда отырған балалар;

— Балаларда осы санаторий үшін қарсы көрсетілген ілеспелі аурулардың болуы.

Осы санаторийге жасы мен ауруы бойынша сәйкес келмейтін балалар санаторийге қабылданбайды.

Мекен-жайы: Алматы қ., Щепкин көшесі, 5 үй

Телефоны: 8 (727) 309­08­55

Сайтыhttp://sanatoriy4.kz/ru/home-1/

Ата-аналарға кеңестер:

Санаторийде барлық дәрі-дәрмек әрқашан бола бермеуі мүмкін, сондықтан баланың өз дәрі қобдишасын алдын ала жинап қойған дұрыс

Баланың бос уақытын елеп-ескермей қоймаңыз. Көп жағдайда балалар үйіне кетуін өтінеді, өйткені санаторийде оның сүйікті ойыншықтары, кітаптары немесе басқа да ермектері болмауы мүмкін. Балаға қажетті заттары, ойыншықтары бар рюкзакты алдын ала жинап қойыңыз

Санаторийге жолға шығар алдында, педиатрмен ақылдасып, одан кеңес алыңыз. Дәрігер баланы қарап шығып, қосымша ұсыныстарын берсін.
 

Сегодня читают

Сегодня читают

Топовые новости

×