Путешествия семьей

Ыстықкөлдегі демалыс: бағалар және пікірлер, лебіздер

Ыстықкөлқазақстандықтар үшін дем алуға арналған міндетті орындардың бірі болып алған және бірі болып қалып та отыр. Жомарт қазақс
Ыстықкөлдегі демалыс: бағалар және пікірлер, лебіздер
Ыстықкөлқазақстандықтар үшін дем алуға арналған міндетті орындардың бірі болып алған және бірі болып қалып та отыр. Жомарт қазақс
Ыстықкөлдегі демалыс: бағалар және пікірлер, лебіздер
Ыстықкөлқазақстандықтар үшін дем алуға арналған міндетті орындардың бірі болып алған және бірі болып қалып та отыр. Жомарт қазақс
17.08.2015, 05:52
Изменено: 27.03.2024, 18:07

Ыстықкөлқазақстандықтар үшін дем алуға арналған міндетті орындардың бірі болып алған және бірі болып қалып та отыр. Жомарт қазақстандықтар түрік курорттарымен тең дәрежеде тұрған сүйікті көлге жаз ішінде бірнеше рет болса да келіп кетуге дайын. Бізге бір демалыс орнынан басқасының пайдасына бас тартпау тән. Біз одан да Ыстықкөлге Түркияны қосып, шынайы патриоттар ретінде, өзіміздің қазақстандық курорттарға да барамыз). Міне, қазақтың жаны осыншама кең, осыншама жомарт! Әрине, осы кеңдіктің барлығына қаражат, әрі әжептәуір қаражат қажет. Бірақ, табысты экономистердің есептеуінше, шығындарды жақсылап тұрып ұйымдастырудың өзі елеулі қаржы үнемдеуге алып келеді. Сондықтан, Ыстықкөлдің пансионаттарын, демалыс аймақтарының сапасын, қызметтердің алуан түрлілігін және басқа да бөліктерді өзіміздің кең көзқарасымызбен қарап шығамыз да, 2015 жылғы жазда неден таңдау жасау керек болатындығын және өз таңдауымызды Ыстықкөлдегі демалыс аймақтарының қайсысына тоқтатуымыз керектігін шамалайтын боламыз.

Ыстықкөлдің танымал жағалаулары – бұл Чолпон-Ата және Қаракөл қалаларына, Бостери, Сары-Ой, Чок-Тал, Булан-Сегеттю, Чон-Сары-Ой, Тамчы курортты ауылдарына жақын жатқан жағажайлар, сондай-ақ Барскоон, Джети-Огуз, Григорьевское және Семёновское шатқалдары.

Жағажай туризмі негізінен алғанда солтүстік жағалаудың Тамчи ауылынан бастап Корумду ауылына дейін шоғырланған. Оңтүстік жағалау тасты жағажайлардан және суға шомылу үшін салқын судан қорықпайтын қатал қазақстандықтарға арналған. Солтүстік, қазақстандықтарға танымал және жақынырақ жағалауда да өз бетінше ұйымдастырылған демалыс айтарлықтай танымал болып отырса да, Тамга және оңтүстік жағажайлардағы басқа да кенттер негізінен алғанда Ыстықкөлдегі демалыста аса алға кеткен адамдарға немесе «жабайы жүріп» дем алғанды артық көретіндерге арналған. Қалай жету керектігін материалдың соңынан оқыңыздар.

Егер Сіз Ыстықкөлде «жабайы түрде» дем алуға шешім қабылдасаңыз, мына бір ақпарат Сізге керек болып та қалар. Жеке меншік орындарда демалыстың құны жағажайдың алыстығына, сондай-ақ тұрушыларға арналған бөлмелердің қалайша жайлы етілгендігіне және қандай тұрмыстық жағдайлар ұсынылатындығына байланысты болады. Бір адамға шағын үйлерде және коттедждерде бір тәулік тұру 400 сомнан бастап және одан жоғары ($8) болады. Кафеде тәулік бойына тамақтандыру да дәл осылай күніне 400 сомнан басталады. Әрине, баға Сіздің тәбетіңізге байланысты. Бағаның дәл 15 шілдеден көтерілетіндігін және шамамен тамыздың 20-ларына дейін өзгеріссіз қалатындығын ескеріңіз. Кейбіреулер бағаны төрт кезеңге – 1 шілдеге дейін және 20 тамыздан кейін, 1-ші шілдеден 20 шілдеге дейін, 20 шілдеден 20 тамызға дейін бөледі. Аймақтардың адамға толуы ауа райына да байланысты болатындығы түсінікті ғой. Жуырдағы күндері ҚырғызгидрометЫстықкөлдің солтүстік жағалауында суға шомылу мен күнге қыздырыну үшін жарамды ауа температурасының болатындығына уәде беріп отыр. Ал бірнеше күн өте, ауа райы болжамының мәліметтері бойынша, аномалиялы аптап ыстық басталады!

Пансионаттарды қарастырып шығайық. Осы күнге дейін көлдің әртүрлі жағажайларында  олардың кем дегенде елуі салынып та қойған. Әрине, олардың әрқайсысы толық демалыс аймағы болып табыла бермейді. Бірақ, қарекетшіл қырғыздар өздерінде кез келген материалдық ауқаттылығы бар келушілерді орналастыра алады. Орайы келе ме, келмей ме, бірақ көптеген отельдер мен пансионаттардың меншік иелері қазақстандық азаматтар болып табылады, ал қызмет көрсету болса еш жерде ұлттық белгі бойынша бөлінбейді – қырғыздар да, біздің отандастарымыз да үлкен ақша үшін көргенсіздік жасай немесе шағын ақша үшін жоғарғы класс бойынша – инабаттылықпен және қожайын ретінде қызмет көрсете алады. Сондықтан да өзіміздің әсірешілдігімізді басқа жағдайлар үшін қалдырып, ұмытып, дем алу үшін тек жақсы көңіл-күйімізбен барайық.

Дем алу үшін ұсынылып отырған барлық пансионаттарды Ыстықкөлде осы жазда немесе 2014 жылы болып қайтқан қазақстандық туристер ұсынған.  Жолдаманы сатып алған кезде Сіздің демалысыңызды ұйымдастырушылардың "стандарт", "жартылай люкс", және әсіресе - "люкс" немесе "VIP" номерлер дегенде нені ойда ұстайтындығын қарастырып көріңіз. Өте көп жағдайда дәл сол бір атаумен мүлдем әртүрлі жағдайлар есте ұсталуы мүмкін. Баламен демалысты қамтамасыз етуге де дәл осы айтылғанның қатысы бар. Кейбір пансионаттар бала үшін толық мөлшерде қосымша ақыны белгілейді, бір жерлерде 50% дейін жеңілдік жасайды, ал 3 жасқа дейінгі бала үшін ақы төлемеуге мүмкіндік беретін жомарт иелер де бар. Бірақ, әрине, балақан үшін орын бермейді. Оңтүстік жағалаудың барлық пансионаттары меймандар үшін экскурсиялар ұйымдастырады. Көп жағдайда дем алушылар осы бағыттарды жаттап алған - Джети-Огуз, Өлі теңіз, Григорьев шатқалы. Солай бола тұрса да, осы жерлерде қайта-қайта бола отырып, олардың әсемдігіне тамсануды қоймайсың. Дәл осылайша, көлдің қақ ортасында суға шомыла отырып, пароходта серуендеу,  сондай-ақ скутерлер мен катамарандарда серуендеу жалықтырмайды деп ойлаймын. Барлық пансионаттарда келіп орналасудың есептік уақыты - 13:00 кейін, кетудің уақыты 11:00 дейін екендігін есте ұстаңыз.


Сонымен, осында немесе жақын жерде аптасына 25000 теңгеден бастап дем алуға болады

Вояж пансионаты (Бостери ауылы)

Пансионат аумағында стандартты номерлері бар 1 корпус (номерлерде дәретхана және суық су бар),  осылардың әрқайсысында 8 номерден және шале бар 2 жайлы коттедж орналасқан. Барлық номерлерде ванналарға тәулік бойы ыстық және суық су беріліп отырады. Аса жоғары жайлылығы бар номерлерде көшеден жеке кіретін есік бар.

Pandaland Image


Тәулігіне тұру бағасы (шілде-тамыз) - стандарт – 20$; жартылай люкс – 30$

Жағажайға дейін - 6-7 мин.

Аумағы – жайлы етілген, көкорай және гүлдер өсіп тұр

3 жасқа дейінгі балалармен – ыңғайлы

Wi-fi - бар

Тамақтандыру пансионатта 3 рет, жолдаманың құнына кіреді.

Сайт, Фэйсбукте бар, тел.: +996 3943 45933


"Ала-Тоо" – 2015 пансионаты

Пансионат Чолпон Ата кентінің орталық бөлігінде, орталық базар маңында, «Эль Нуру» пансионатының жанында орналасқан.

Орналастыру

Стандарт: «Стандарт» категориясындағы 2,3 және 4 орындық номерлерде, бір қабатты ағаш коттедждерде орналастыру, әрбір номерге кіретін есік көшеден жеке орналасқан. Санитарлық торап және қолжуғыш – екі номерге ортақ. Ыстық суы бар душ аумақта орналасқан.

Жақсартылған: Кірпіш коттедждерде, "жақсартылған" категориядағы 2-3 орындық номерлерде орналастыру. Номерлерде теледидар, тоңазытқыш, душ, дәретхана, суық және ыстық су бар.

Тәулігіне тұру бағасы (шілде-тамызда 3 мәрте тамақтанумен): Стандартты коттедждер – 22$; Жақсартылған коттедждер (кірпіш және ағаш) – 30$

Фотодан көріп отырғандарыңыздай – мұндағы демалыс көрсеқызарларға арналмаған. Жағдай айтарлықтай спартандық, бұл, өзім жоғарыда жазып кеткендей, кейбіреулер үшін – тек оңды жағдай. Ыстықкөлден басқаға алаңдатпайды!)

Жағажайға дейін -300 метр.

3 жасқа дейінгі балалармен – ыңғайлы

Wi-fi - бар

ҚЫЗМЕТТЕР

Балалар үшін - балалар алаңы

Дем алушыларға қызмет көрсететін - киім үтіктейтін бөлме (тегін), қайық бекеті, балалар алаңы, кітапхана, жазғы кинотеатр, дискотека, кафе, гриль-бар, киіз үйлер, бильярд бөлмесі, ақылы тұрақ, медпункт, дүкендер, киосктер бар.


«Ковчег Гранд» шағын пансионаты (Чолпон-Ата)

Шағын пансионат стандартты номерлері бар 2 қабатты негізгі ғимараттан, жартылай люкс номерлері бар бір қабатты ғимараттан және люкс номерлері бар екі шағын үйден тұрады. Стандарт – бір орындық кереуеттері бар бір бөлмелі номерде тумбочка, киім ілгіш, кресло, теледидар бар. Санитарлық торап және душ 3 бөлмеге жеке орналасқан. Жартылай люкс - бір орындық кереуеттері бар бір бөлмелі номер, тумбочка, киім ілгіш, тоңазытқыш, спутниктік теледидар бар. Санитарлық торап және душ номердің ішінде орналасқан. Барлық жартылай люкстерде киімге және ақжаймаға арналған шкафтар және жағажайға арналған жамылғы тұр.

Тұрып, қонуға баға 2015 жылы: шілде - тамыз - стандарт 12$/адам.; жартылай люкс 16$/адам., люкс 20$/адам.

*3 жасар балаларға тегін, орынсыз және тамақсыз, жеңілдіктер тек 1 балаға беріледі.

*Орынмен 7 жасқа дейінгі балаларға 30% жеңілдік (тұруға).

Pandaland Image

Фотодан көріп отырғандарыңыздай – тиіптік интерьерлік колориті бар жағдай көнбіс, күй талғамайтын дем алушыларға арналған. Бірақ, клиенттердің айтқан пікірлері бойынша, мұнда тазалық сақталады және клиентті құрметтейді, сондықтан бәрін мұқият қадағалап отырады.

Жағажайға дейін - 6-7 мин.

3 жасқа дейінгі балалармен – ыңғайлы

Wi-fi - бар

Сайт, әлеуметтік желілерде - жоқ, отельдің телефонын да шарқ ұрып іздестіріп, таба алмадық, сондықтан броньдау үшін, сірә, олармен сайтқа кіріп немесе турфирмалар арқылы хабарласу керек.

ҚЫЗМЕТТЕР

Балаларға арналған бассейн, балалар алаңы

Дем алушыларға қызмет көрсететін – еуропалық және ұлттық тағамдары бар кафе, теннис, бильярд, автомат-машинада кір жуу үшін бір толтыру- 250 сом (біздің ұнтақпен). Клиенттің ұнтағымен - 150 сом.

ТАМАҚТАНДЫРУ: Үш рет тамақтандыру - 15$/адам.

3500-5000 сом үшін пансионат өкілдері Сіздерді тіптен шекарада да күтіп алады ("седан" типті автомобиль (5-орындық) 3500 сом, "минивэн" типті автомобиль (7- орындық) 5000 сом)


Жеке меншік сектор

Әділет меймандар үйі

Жартылай люкс номер бір бөлмеден тұрады және өзіне жататын гарнитурды: шкафтарды, кереуеттерді, тумбаларды, үстелді, орындықтарды, ыдыс-аяқты, спутниктік арналары бар ТД, балконды, санитарлық тораппен душ кабинасын қосады. Люкс номері: люкс өзіне 2 ұйықтайтын бөлмені қосады. Номерде кереуеттер, тумбалар, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, санитарлық тораппен душ кабинасы, спутниктік арналары бар ТД және тоңазытқыш бар.

Тұрып, қонуға баға 2015 жылы - 10 шілдедене 25 тамызға дейін - 20$/адам., қалған күндері - 13$/адам.

* 5 жасқа дейінгі балалар  үшін тегін, орынсыз және тамақсыз .

Pandaland Image

Дем алушыларға көзге ашылатын көрініс ұнайды, ал қожайындары болса, жағдайды көптеген шағын пансионаттарға қарағанда,  қазіргі заманға көбірек лайықты етуге тырысқан.

Жағажайға дейін – 600 м (8-10) мин.

3 жасқа дейінгі балалармен – ыңғайлы

Wi-fi - бар

Сайт жоқ, әлеуметтік желілерде - жоқ. Өкінішке орай, байланыс жасау ақпараты да табылмады. Делдал турфирма арқылы байланыс жасаған жақсырақ болады.

ҚЫЗМЕТТЕР:

ашық аспан астындағы бассейн, бассейні бар сауна, таза ауадағы асхана, балалар алаңы, киіз үй, тұрақ, үстелдегі теннис және бильярд залы.

Тәулігіне машина үшін 1$ төлеп тұратын, күзетілетін ақылы авто тұрақ.

ТАМАҚТАНДЫРУ - Ұлттық және еуропалық тағамдар, 3 мәрте тамақтанумен бір адамнан 12$ (ниет бойынша).


Егер Сіз үлкен дискотекалары және ондаған басқа адамдармен бірлескен таңертеңгілік астары бар пансионаттарды жақсы көрсеңіз және демалысқа аптасына 40 000 теңгеден аспайтын қаржы жұмсауға дайын болсаңыз, Сізге мына варианттар жарамды болуы мүмкін.


Нұр сәулелі жағалау (Лучезарное побережье)

2 қабатты корпус, номерде душ, дәретхана, спутниктік ТД, тоңазытқыш бар.

Пансионаттың 2007 жылы реставрациядан өткен 2 корпусы бар (жаңа сантехника, кафель, гипсокартон, жиһаз, терезелер және т.б.).

2,3,4 орындық жартылай люкс номерлер бар (номерде душ, дәретхана, теледидар, тоңазытқыш бар).

Тәулігіне тұру бағасы: стандарт 28 – 31$; жартылай люкс - 31$ бастап

Pandaland Image

Егер Сізді жамылғылардың мен мұндалап тұрған суреті мен корпустың айналасындағы кейбір жерлердегі аумақтың енді ғана ойластырылып жатқан көгалдандырылуы түршіктірмесе, басқа нәрседе шағымдар бола қоймас. Ең бастысы - көл, осыны ұмытпаймыз! Жағажайға алға басыңыз)!

Жағажайға дейін - 400-500 метр.

3 жасқа дейінгі балалармен – ыңғайлы

Wi-fi - бар

Сайт жоқ, әлеуметтік желілерде жоқ

ҚЫЗМЕТТЕР

Балаларға арналған бассейн, балалар алаңы

Отельде DVD кинотеатр, караоке-бар, бильярд, үстелдегі теннис, дискотека, автомобильге арналған тұрақ бар. Жағажайда скутерлер, бананы бар су катері бар.

ТАМАҚТАНДЫРУ – 3 реттік, жолдаманың құнына кіреді


Алтын құм

№ 2 корпус  –2, 3, 4 орындық стандартты номерлер, екі номерге ортақ душ, санитарлық торап (секциялық орналастыру). Ыстық су тәулік бойы.

№ 4 корпус –2, 3 орындық стандартты номерлер, номерде душ, сан.торап бар.

2+2 (блоктар) — блокқа душ , сан.торап.Ыстық су тәулік бойыберіледі.

№ 1 корпус – 2,3,4 орындық номерлер, 2 номерге ортақ санитарлық торап, душ

Танымал жастар пансионаты, мұнда музыка мен сауық тәулік бойына бір сәт толастамайды. Аумақта қылқанжапырақты және жапырақты ағаш өскен тоғайлар, фонтандар мен тал орналасқан, аллеялар Ыстықкөл раушангүлі өскен гүлзарлармен безендірілген.

Pandaland Image

Ең ежелгі және алматылықтар жақсы көретін демалыс аймақтарының бірі. Мұнда шындығында да көңілді болады! Шамалы баға үшін бұл толықтай сауық құрудың жақсы мүмкіндігі! Бірақ, егер Сіз әріптестеріңізді немесе көршілеріңізді, ал бәлкім – сыныптастарыңызды немесе анаңызды жұмысынан достарыңызды көруді қаламасаңыз, басқа жерге барғаныңыз жөн болады. Мұнда тек алматылықтар ғана дем алып жатқан секілді сезім пайда болады!


Тәулігіне тұру бағасы: Стандарт – 21-28$; Жартылай люкс – 24-28$; Люкс – 26-32$

Жағажайға дейін - 6-7 мин.

3 жасқа дейінгі балалармен – жарамайды

Wi-fi - бар

Сайт жоқ, әлеуметтік желілерде - жоқ

ҚЫЗМЕТТЕР

Барлар, ұлтық және еуропалық тағамдар кафесі, дискотекалар, сауна, бильярд, футбол алаңы, волейбол алаңы, теннис корттары, автотұрақ, қалааралық телефон, интернет-клуб, кинотеатр, айырбастау бекеті, аквасаябақ, американ таулары, шолу дөңгелегі, медпункт, дәріхана, дүкен.

Емдеу – емдеу-сауықтыру кешені бар (ванналар, циркулярлық душ, уқалау)

ТАМАҚТАНДЫРУ - кешенді 3 реттік 12$ – әр алуан тағамдар


Асыл Таш

Орналастыру: мейманхана типіндегі 5-қабатты корпус, 3-4 қабаттарда "стандарт" номерлер. «Стандарт» номерлер 1-бөлмелі, жеке санитарлық торабы, кілем жамылғысы, балконы, теледидары, тоңазытқышы бар 2-3-орындық. Лифт жұмыс істейді.

«Люкс» номерлері 1-бөлмелі, 2-3-4 орындық. Жаңа жиһазы мен сантехникасы бар кең бөлмелер. 2 орындық номерде үлкен екі адамдық кереует, 3 орындық номерде – екі адамдық және 1 адамдық керекет тұр. Әр номерде санитарлық торап, душ, теледидар, тоңазытқыш, үлкен балкон бар.

Pandaland Image

Барлық адамдармен бірге, бірақ сонымен қатар – оңаша болғысы келгендерге арналған. Сондай-ақ жайлы етілген түрік немесе Еуропа жағалауларына ұқсамайтын, аздап жабайы және өте табиғи Ыстықкөлді жақсы көретіндерге арналған.

Тәулігіне тұру бағасы: Стандарт - 27-30$; Жартылай люкс - 31$; Люкс - 40$

Жағажайға дейін - 6-7 мин.

3 жасқа дейінгі балалармен – ыңғайлы

Wi-fi - бар

Сайт жоқ, әлеуметтік желілерде - жоқ

Тыныш демалыс үшін аздап көбірек ақы төлей алатындарға арналған (аптасына 60000 теңгеден бастап).


"Дилором" – 2015 пансионаты

Қара Ой кентінде (Чолпон Ата қаласына 12 км жетпей) орналасқан. Пансионат Өзбекстандағы «Асака» банкіне тиесілі. "Телтору" және «Қырғызстан ғылым академиясы» пансионатының жанында орналасқан. Пансионат 350 орынға есептелген. Әдемі жасыл аумақта, алма ағаштарының ортасында жайлы етілген коттедждер орналасқан. 2004 жылы "жартылай люкс" және "люкс" номерлері бар екі жаңа корпус пайдаланылуға берілді.

«Стандарт» коттедждерінде – әрбір коттедж 5 номерге есептелген (2+2+2+2+4 -орындық), душы бар санитарлық торап номерге кіретін есіктің жанында орналасқан, санитарлық торапқа көшеден кіреді. Номерлерде тек жиһаз жинағы, бір орындық кереуеттер, шкаф, үстел, орындықтар бар.

2 қабатты "люкс" корпустарда – 2 деңгейлі 4 орындық номерлер орналасқан. 1 қабатта толығымен жабдықталған, плитасы мен тоңазытқышы бар ас үй,  сондай-ақ  меймандар аймағы мен санитарлық торап  орналасқан.  2 қабатта – 2 ұйықтайтын бөлме және санитарлық торап бар. Сондай-ақ коттедждерде «Люкс» номерлері бар.

Тәулігіне тұру бағасы (шілде-тамыз, 3 мәрте тамақтанумен): Стандарт – 29$; Жартылай люкс – 44$; Люкс – 64$

Pandaland Image


Бұл пансионаттың жағажайы жақсы, көріп отырғандарыңыздай, жағдай «саяжайдағыдай». Мұнда өзбек, Ресей және қазақ туристері дем алады. Дилором өзбек кәсіпкерлерінің иелігінде.


Жағажайға дейін - 150 -250 метр

Аумағы – саябақ аймағында орналасқан, беседкалар бар, аумақ гүлдермен безендірілген, биік қарағай мен шыршалар өсіп тұр.

3 жасқа дейінгі балалармен – ыңғайлы

Wi-fi - бар

ҚЫЗМЕТТЕР

Балалар үшін – «Кеме» балалар алаңымен, балаларға арналған, бассейні бар суға түсетін төбешікпен жабдықталған.

Дем алушыларға қызмет көрсететін - сауна, бильярд, ұлттық тағамдар ұсынатын жазғы кафе, сыра бары, массаж кабинеті, оңаша орындағы дискотека, шәйхана, велосипедтерді жалға беру, үстелдегі теннис, ойын және спорт алаңы, массаж. Жағажай айтарлықтай созылыңқы, әр адам оңаша қалу үшін өзіне орын таба алады. Судағы сауықтардың барлық түрлері бар.

"Курортная деревенька"– 2015 демалыс базасы

Орналасуы

Кара-Ой ауылында (бұрынғы Долинка), Бішкек қаласынан 250 км, Чолпон-Ата қаласынан 4 км жерде орналасқан.

Орналастыру

Екі және үш орындық номерлерден тұратын шағын пансионат іс жүзінде Дилором пансионатының аумағында орналасқан және оны ВИП-аймақ ретінде толықтырып отырады. Коттедждер-бунгало, екі және бір бөлмелі. Пансионаттың жалпы сыйымдылығы 100 орын. Номерлер ыңғайлы жаңа жиһазбен, тоңазытқышпен және спутниктік арналары бар теледидармен,  дәретханамен және ыстық пен суық суы бар душ кабинасымен жабдықталған. Аумақ күтімге алынған, тегістеп кесілген жасыл шалғындар, караоке залы, бильярд, сауна, тәулік бойына күзет бар.

Орналастыру бағасы (коттедждер - 1, 2-х және более орындық) - бір адамға: 40$ бастап

Pandaland Image


Фотодан көрініп отырғанындай, бөлмелердің үй бұйымдары мен шағын пансионаттың аумағы көзге айтарлықтай тартымды. Дилором пансионатымен көршілес орналасуы оның барлық қоғамдық мекемелеріне баруды, ал дем алу үшін өз «үйіне», коттеджге қайтып оралуды мүмкін етеді. Жалпы алғанда, коттеджде тұру отбасы үшін өте ыңғайлы, толығымен оңашалануға және үлкен социумнан лайықты дем алуға болады.

Жағажайға дейін - 150 -250 метр

Аумағы – саябақ аймағында орналасқан, беседкалар бар, аумақ гүлдермен безендірілген, биік қарағай мен шыршалар өсіп тұр.

3 жасқа дейінгі балалармен – ыңғайлы

Wi-fi - бар

ҚЫЗМЕТТЕР

Дилором пансионатының барлық қызметтері

Ыстықкөл жағалауындағы санаторийлер мен пансионаттардың санына есеп жетпейді. Әрекетшіл көршілеріміздің абыройына, олар өздерінің туристеріне және шетелдік туристерге мүмкіндіктердің барлық спектрін – өзіміз бүгін қарастырып шыққан бюджеттік демалыстан бастап керемет қымбат отельдерге дейін ұсынып отыр. Айтпақшы, қазақстандық инвесторлар да «жылы көлдің» жағалауындағы демалысты жайлы етуге жомарттықпен қаржы салып отыр. Қымбат отельдердегі демалыстың құны тәулігіне $60 басталады.


Ыстықкөлге қалай жетуге және Қырғызстанға бақылау-өткізу бекетінен қалай өтуге болады

Өзімізге белгілі болып отырғанындай, Ыстықкөлге үш амал-тәсілмен – ұшақпен, автомобильмен және автобуспен жетуге болады. Тілек білдірген адамдарды Алматыдан автобуспен бірнеше компания жеткізеді. Олардың автобустары Абай-Масанчи көшелерінің қиылысынан,  стадионнан, «Сайран» автобекетінен және «Алатау» метро тұрағынан (Абай көшесінің бойында, Жароков және Гагарин көшелерінің арасында) сапарға шығады. Алматыдан ұшақпен Сіз 40 минутта 31688 теңгеге ($170) ұшып жетесіз. Ыстықкөлге ұшақтар  (Алматы-Тамчи) дүйсенбі және жұма күндері (11.20.) ұшады. Автобуспен немесе автомобильмен қозғалу жылдамдығына байланысты шамамен 5-10 сағатта жетесіз. 2015 жылы автобуспен жол жүру ақысы - екі жаққа 8000 теңге. Бір жаққа - 4000 теңге. Балалар үшін (2 жастан 12 жасқа дейін) жол жүру ақысы, тиісінше - 7000 және 3500 теңге. Егер ілесіп жүргендердің арасында ата-аналары болмаса, балаға сенімхат толтыруды ұмытып кетпеңіз және жолдама мен/немесе билетті сатып алардың алдында, міндетті түрде Қазақстаннан тысқары жерге шығуларына шектеу салынған қарызгерлердің тізімінен өзіңізді тексеріп алыңыз.  

Қазақстандық туристер Қордай бекетіне шағымдануын жалғастырып жатыр – құжаттарды тексеру үшін өз кезегіңді тосу кей кездері бірнеше сағат алады. Бұған қырғыздар тарапынан өкілдер кідірістердің дәл осы қазақстандық жақтың әрекеттеріне орай болып отыратындығын түсіндіреді.

Pandaland Image

Көршілес республиканың билігі өздерінің қазақстандық туристерге қызығушылығын айтарлықтай ашық және достық пиғылмен көрсетіп отыр және өткен жылдардағыдай, біздің туристік ұйымдарымыз бен БАҚ үшін конференциялар өткізуде және өздерінің қызметтері туралы ақпарат беруде. Бұл мақтауға тұрарлық және біздің қазақстандық демалысты ұйымдастырушыларға, мысалға, Алакөлдегі билік басындағыларға немесе Балхаштағы билік басындағыларға үлгі беріп отыр. Айтпақшы, сөз орайы келіп отырғанда айта кетсек, Қазақстандағы демалыс туралы біз жуық арада жазатын боламыз. Ал әзірге сіздердің назарларыңызға – "Ақ жол - Қордай" бақылау-өткізу бекетін қоспағанда, Ыстықкөлді баяғыдан жақсы көретіндердің жол сілтеулері бойынша кеденнен өтудің басқа варианттарын ұсынып отырмыз:

1. Карасу ("Ақ тілек-Қарасу" өткізу бекеті  (ӨБ) - халық арасында Қара өзен деп аталады)

2. Аухатты - "Кенбулун-Аухатты" ӨБ

3. Сартобе - "Токмок-Сартобе" ӨБ (Аухатты және Сартобе – бұл екеуін тек Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары ғана пайдалана алады)

Ал мынау – Қордайда кезек күтіп отырмау үшін, басқа бақылау-өткізу бекеттеріне қалай баруға болатындығының сипаттамасы. Бішкекке қарай жол тартасыз, Қордай асуынан өтесіз, Қордай кентіне кіресіз, орталық алаңнан кейін базар тәрізді орынды көресіз (дүкендер мен ақша айырбастау орындары көп), осы базардан кейін 1-ші бағдаршамда солға бұрылу керек (базарда тоқтап, Қара өзенге бұрылысты сұрап алғаныңыз жақсы болады). Одан әрі тұру жүресіз және 15 км кейін жолдың оң жағынан шекааралық өткелді – Қара өзен – Ақ тілек бекетін көресіз (ол тәуліктің кез келген кезінде көрініп тұрады), бұл бекетте шекарадан жүк көлігі де, автобустар да өте алады.

Егер де авто аз болса, шекараны осы жерден өтесіз және Т-тәріздес қиылыста солға бұрыласыз – алдыңыздан Ыстықкөл көрінеді!

Егер бұл жерде де машиналар мен автобустар көп болса, дәл осы жолмен (әрқашан негізгі жол бойынша, бұрылыстар жоқ, тек ауыл арасының тармақталған жолдары бар) әрі қарай жүресіз де, 62-ші км Аухатты кеденіне келіп тірелесіз – бұл жерде шекараны тек жеңіл автомобильдер өтеді, Қара өзенге қарағанда, мұнда бәрі жеңілірек. Шекараны өтіп, мұнда да солға бұрыласыз. Ыстықкөл аумағына кіру жеңіл автодан 500 сом тұрады.

Pandaland Image


Міне, шекара арқылы өтудің осындай варианттары бар. Басқа варианттарды іздеудің қажеті жоқ, өйткені, мұның 330-шы бабы ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз өткені үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратын, ҚР Қылмыстық Кодексі туралы да ұмытпау керек қой. 

Pandaland Image


Әрі, сөзіміздің соңында, Ыстықкөлге келушілер үшін құжаттар бойынша пайдалы ақпарат.

Шекаралық бақылаудан өту үшін қажетті құжаттар

Қазақстан азаматтарында өзімен бірге осылардың күшінде болу мерзімі тур аяқталған күннен бастап кемінде бір ай құрайтын ЖАРАМДЫ жеке бас куәлігі немесе шетелдік паспорттары, пансионатқа жолдама және сақтандыру полисі болуға тиіс. 16 жасқа дейінгі балалар үшін арнайы қыстырмасы және фотосуреті бар, түпнұсқадағы туу туралы куәлік (көші-қон полициясы 3 жұмыс күні ішінде толтырады), әлде шетелдік паспорт болуы, әлде баланың суреті ата-анасының паспортына желімделуі тиіс. Ата-аналарынсыз шығатын балалар үшін екеуінен де (немесе ана-анасының тым болмаса біреуінен) сенімхат керек. Бір ата-анасымен шығатын балалар үшін ата-анасынан сенімхат қажет емес.

Ресей және ТМД азаматтары Қазақстанда тіркелуге тиіс.

Шетел азаматтарына Алматы қаласындағы Консульдықта Қырғыз визасын толтыру керек (виза туристік жолдаманы ұсынған кезде 1-3 күн ішінде толтырылады).

Демалыстарыңыз сәтті болсын! Ыстықкөл Сізді тосуда!)

Прочитать этот текст на русском. Перевод: Шокан Канафин

Menu
×