Путешествия

Қайсысы тиімдірек: турфирмадан жолдама алу ма, әлде өз бетімен саяхаттау ма

Біздің Гоаға барғанымыз туралы шынайы оқиға. Кейін мен қайсысы тиімдірек екенін: турфирмадан жолдама алу ма, әлде өз бетімен интернет арқылы қонақүйлер мен авиабилеттерге тапсырыс беру ме, соны есептеп көрдім.
Қайсысы тиімдірек: турфирмадан жолдама алу ма, әлде өз бетімен саяхаттау ма
Біздің Гоаға барғанымыз туралы шынайы оқиға. Кейін мен қайсысы тиімдірек екенін: турфирмадан жолдама алу ма, әлде өз бетімен интернет арқылы қонақүйлер мен авиабилеттерге тапсырыс беру ме, соны есептеп көрдім.
Қайсысы тиімдірек: турфирмадан жолдама алу ма, әлде өз бетімен саяхаттау ма
Біздің Гоаға барғанымыз туралы шынайы оқиға. Кейін мен қайсысы тиімдірек екенін: турфирмадан жолдама алу ма, әлде өз бетімен интернет арқылы қонақүйлер мен авиабилеттерге тапсырыс беру ме, соны есептеп көрдім.

Мен өз бетіммен саяхаттауға бірден әрі еш қаймықпай кірісіп кеттім. Мен турфирмалар туралы тіпті әңгіме де қозғалмайтын кеңседе жұмыс істедім – билет пен қонақүйлерге тапсырысты өзім интернет арқылы бердім. Жұбайым екеуіміз үйлену тойымыздан кейінгі бал айымызға аттану үшін Парижді таңдаған кезімізде, мен көп ойланбастан, компьютерге отырып, Киев арқылыең арзан рейсті таптым. Біз өзіміздің сүйікті қаламызға барып қана қоймай, лоукостпен Ниццаға барып, таңғажайып жағажайда күнге жылынып та қайттық.

Келесі жылы біз Таиландқа сапар шектік. Бұл ретте де өз бетімізбен, қайтадан көп жерді көріп қайттық: бірнеше күн шағын Ко Самет аралының жағажайында демалып, бір апта Паттайяда сауық құрдық, сосын екі күн Бангкокта дүкен араладық. Содан кейін Санкт-Петербургпен Мәскеуде болып, Шри-Ланка  мен Филиппин аралдарына бардық. Ұзақ жылдар бойы аяғым турфирма табалдырығынан аттамаған еді, бірақ күйеуім демалысқа бара алмайтын болып, маған бір жасар балам мен екеуіміздің аналарымызды алып демалысқа барып қайтуды ұсынған кезде, мұндай жауапкершілікті өзіме жүктей алмайтынымды түсіндім. Біз турфирмаға барып, БАӘ-не жолдама сатып алдық. Әуежайға/әуежайдан трансфер– бұл әрине өте ыңғайлы, бірақ гидтер басқан ізіңді аңдып, қияли бағамен саяхатқа аттандыруды ғана көксіп тұрғанын көрген кезде, көңіліңе біраз кірбіңтүсетіні рас. Бірақ«жаңадан келген-туристер»әдеттепрайстарды көп танып біле бермейді жәнеондағы құйтырқылықты сезе қоймайды. Алгидтер болса, алдап-сулап, алтыннан қамал соғып тастайтын әдеттері емес пе. Бірақ сол айтқан уәделерінің жартысынан көбі орындалмай қалып жатқан кезде,өзіңнің алданғаныңды сезінесің.

Теңізге келесі жолдамамыз тағы турфирмадан сатып алынды. Бұған бірнеше себеп болды. Біріншіден, компаниямыз: мен, екі балам: төрт жаста және сегіз айлық, анам және енем. Екіншіден, Египет – ел ішіндегі жағдайдың тұрақсыздығы. Үшіншіден, Алматыдан тіке рейстің жоқтығы. Шарм-аль-Шейх қаңырап тұрды– ресейліктерге мұнда келуге тыйым салынды – сондықтан гидтер туристерге қомағайлана тап беретін. Әрине мен пирамидаларды көргім келгендіктен, экскурсия құнын төледім. Сапарда болған бүкіл уақытымның небары бір-екі сағатында ғана әлем ғажайыбын қызықтай алдым. Жалпы ұшуымыз үш сағаттай уақыт алды, ал қалған кезде – мүлдем ұсқынсыз дүкендерді аралаумен өтті десек те болады, әлгі дүкендердің қожайындары біздің автобусымыз соларға келіп тоқтағаны үшін гидтерге ашық түрде ақы төлеп жатқанын өз көзімізбен көрдік. Бостан бос өткен уақытыма өкінгенімді көрсеңдер ғой. Бірақ түсінгенім – бұл сыбайластықты жеңемін деу бос әуре ғана – онан да араласпағаның абзал.

Кенеттен күйеуім қаңтар айында демалысқа шығатын болды. Біз екі баламызбен Үндістандағы Гоаға баруға бел будық. Сол сәтте біраз ойға батқаным рас: турфирмаға барсам ба екен, әлде өз бетіммен іздестіру романтикасына берілсем бе екен. Ақыры таныс турагент құрбыма біз үшін жолдама тауып беруін өтініп көрейін деп шештім, кейінгісін көре жатармыз деген оймен. Бірақ чартердің күндері бізге ыңғайсыз болып шықты, сөйтіп мәселе өздігінен шешіле қойды – біз өзімізге ыңғайлы күндері ұшатын тұрақты рейстерге билет алып, қонақүйге тапсырысты өз бетімізбен беретін болдық. Осы жағдайдың арқасында мен бағаларды салыстырып, төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік алдым.

Турфирманың бізге ұсынғаны

Турфирма бізге әртүрлі қонақүйлерге 10 күнге жолдама ұсынды. Бағалары біздің компаниямызға арнап белгіленген: екі ересек, бір бес жасар бала және екі жасқа толмаған бір бала. Соңғы балаға ұшу ақысына аздап қосымша төлем алынды, қонақүйде тұруы тегін. Жолдаманың ақысына ұшу, трансфер, қонақүйде тұру, таңғы ас ішу құны кіреді, медициналық сақтандыру сыйға беріледі. Виза – жасына қарай адам басына 100 долларданбөлек төленеді. Ескерте кетейін, демалысымыз Жаңа жыл мерекесіне тұспа-тұс келді, басқа күндерге арналған бағалар арзанырақ болуы әбден мүмкін.

The Golden Crown Hotel & Spa - 3458 $

Joecons Beach Resort - 2970 $

Silver Sands Beach Resort - 2260 $

The Gardenia Resort - 2873 $

The Verda Carmona - 3290 $

Алдымен көзге оттай басылғаны, booking.com сайтында осы қонақүйлерге қатысты берілген пікірлер мен бағалар. Бағасы айтарлықтай төмен– орташа есеппен алғанда бір түнге15 000 тг(шамамен40$). Өз басым, демалыс– арзан дүниенің артынан жүгірудің амалы емес деген пікірді ұстанамын, соның ішінде«ҒажайыпҮндістанда». Үнемдеудің ақыры есеңгіреу мен бұзылған демалыспен аяқталуы әбден мүмкін еді.Пікірлерге сенсек, аталған қонақүйлер аса жақсы деуге келмейтіндей болып көрінді. Орташа рейтингі– 10баллдың 6-ы.

Өзіміздің жасаған таңдауымыз

Біз екі қонақүйді таңдадық– біраз ойлануымызға тура келді, себебі олар бір-бірінен мүлдем ерекше еді. Біріншісі – Beira Mar Beach– бұл судың тап жанында орналасқан бір бөлмелі шағын үйлер. Оны ұлым таңдады. Екіншісі– Sterling Goa Varca– жақсыинфрақұрылымы бар үлкен ғимарат, ондабалалар бөлмесі, спорталаңы, велосипедтерді жалға алу қызметі, таңертеңгі йогажәне көптеген басқа да қызметтер қарастырылған. Бұл жағы маған ұнады. Аталған қонақүйлер көрші жағажайларда орналасты. Үш күн бір қонақүйде тұрған соң, біз такси алып, 10 минуттан кейін басқа қонақүйден бір шықтық. Бір орында отыра алмайтын әдетіміз, ал турфирмамен бұл мүмкін болмас еді. Қонақүйлердің бағасы шамамен бірдей – тәулігіне 100 доллардан сәл артық (40 000 тг). Бірақ жұлдыздығы әртүрлі – біріншісі – үш жұлдызды, ал екіншісі – төрт. Рейтингі – 10 баллдың 8.3-і. Қонақүйлер ұнады, егер толығырақ білгіңіз келсе, сұрақтарыңызды комментарийлерде қалдырыңыз. Сонымен бүкіл компаниямызға шаққандағы тұру ақысы + таңғы асымыз 149 557 тг (395 $ - бірінші қонақүй) + 239 554 тг (632 $ - екінші қонақүй) болды.

Авиабилет шығындары. Делиге ауысып отырып ұшуға мәжбүр болдық. Әрине, бұл біреулер үшін үлкен ыңғайсыздық, тіке чартерлік рейс ыңғайлырақ болары анық, тек мен үшін емес. Әйтпесе Дели әуежайын қашан көрер едім?! Ол керемет әуежай! Балаларымыздың жылжымалы жолақтан естері кетті. Жұмсалған қаражат – Алматыдан Үндістанның астанасына дейін 523 807 тг (1380$) және Гоаға дейін– 259 406 тг (684$).

Электрондық виза үшін консулдық алым, оны өзім жасадым, - сауалнаманы елшіліктің ресми сайтында толтырдым – құны адам басына 80 $. Барлығы төрт адамға теңгеменесептегенде - 121 816.

Әуежайдан қонақүйге дейінгі трансфердімаған өзім тапсырыс берген сайтымда ұсынды.Бағасы– 13 226 тг (35$). Баратын жолы расында да бірталай жер.Сапарымыз бір жарым сағатқа созылды.Қайтардатрансфердібіз қонақүйден алып, 1700 рупий немесе шамамен10 000 теңгедей төледік.

Ал енді санап көр!Бәрін қосқанда, тіпті одан сәл артығымен алғанда, бүкіл шығынымыз1 294 140 тг немесе 3 470 долларды құрады. agoda.com сайты маған бонус қоса есептеді. Бұл «ақшаны» мен Делиде қонған қонақүйімізге (онда түнгі түйісу болған) және екі жаққа жүрген трансферімізге төледім. Теңгемен алғанда бұл шамамен20 000 (52$). Расында да қуантарлық бонус!

Тұжырым

Сонымен, өз бетімен саяхаттаудың құны турфирмадағымен бірдей деуге келеді, бірақ біз таңдаған қонақүйлер жақсырақ болды деп есептеймін. Және турфирмада жолдаманың бағасына қоса төрт адамға виза үшін 400 доллар төлеу керек болғанын ұмытпаңыз.

Өз бетімен саяхаттағысы келетіндерге арналған пайдалы сайттар

Ұшу

Aviasales.kz– жүздеген авиакомпания билеттерінің бағасын салыстырып, сізге ең арзан және ең қолайлы нұсқасын ұсынатын сайт.

Тұрғын жайлар

Booking.com– ыңғайлы іздеу және көптеген шынайы пікір

Agoda.com – әлем бойынша тұрғын жайларды іздеуге арналған ыңғайлы сайт, Азияда маманданады.

Aviasales.kz әртүрлі дереккөздердегі қонақүй бағаларын салыстырып, ең тиімді нұсқаны ұсынады.

Транфер

Бүгінде әлемнің кез келген нүктесінде әуежайдан қонақүйге дейін трансфер қызметін ұсынатын көптеген сервистер бар. Мәселен, Mozio немесе HolidayTaxis. Бағаларын мына жердесалыстыруға болады.

Демалысыңыз бейғам әрі қуанышты өтуіне тілектеспін!

Menu