Qazaqsha

Теңсіз неке: ақша бақыттан құнды ма?

Теңсіз неке: ақша бақыттан құнды ма?
Теңсіз неке: ақша бақыттан құнды ма?
02.11.2020, 07:10
Изменено: 14.03.2024, 06:21

Тарихқа көз жүгіртсек, көп халықтарда және біздің қазақтарда да теңсіз неке құрылып, көбіне мансап маңызды болып жатады. Екі ортада шырылдаған бойжеткен, өз сөзіне, қалауына еркі жоқ, өз бақыты үшін күресе алмайтын, бәріне көнетін жәбірленуші.

Цивилизация, заман қарқынды дамуда деп жатыр адамзат, бірақ надандық па немесе бізге солай өмірсүрген ұнай ма: ескі дәстүрлерді әлі күнге дейін жалғастырудамыз.

Теңсіз некенің рекордын орнатып отырған мемлекеттер Үндістан мен Непал екен.

Теңсіз неке: ақша бақыттан құнды ма?

Ол жерде қыз баланы 13 жастан бастап тауар ретінде сату әлі де жалғасын тауып жатқан көрінеді. Мысалы, Махатма Ганди 13 жасында өзімен жасты қызбен отау құрған екен. Тым жас отбасылы болудың кемшіліктерін ескере, Ганди Үндістанның заңнамасына өзгерістер енгізіп, қыздар 14, жігіттер 18 жастан бастап некеге отыра алады деп өзгерткен. Бірақ, үнділердің және де ол жаққа барып қайтқан туристтердің айтуынша бұл заң орындалмауда және қарапайым халық көне дәстүр бойынша қыздарды ерте тұрмысқа беруді жалғастыруда.

Бұл жерде атап өтер жайт, көбіне қыздар тауар сияқты "сатылып", әкелері жасы тым үлкен азаматтарға ұзатып жататын жағдайлар әлі де көп екен.

Оңтүстік Азия теңсіз неке жағынан алдыңғы орындарда келе жатқан көрінеді. Бұл статистиканың ұзақ жылдар бойы өзгермеуінің себебі дәстүрлер. Қазіргі заманауи ортада өскен, көзі ашық адамға ерсі және жабайы естілетін дүние бұл.

Қазақ халқының дәстүрлері көрікті әрі өте көп. Бірақ өкінішке орай, біздің халқымызда да жүрекке ащы сезім ұялататын жайттар да бар. Олар әлі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан зорлық пен теңсіз некенің құрылып жатқаны. Құлаққа жайсыз естілсе де, теңсіз неке аз емес.

Анонимді болуын сұраған кейіпкеріміздің айтуынша жақын арада ол үш рет ажырасқан, әкесімен қатарлас кісіге тұрмысқа шығады екен. Менің мақала жазып жүргенімді білетін инста-оқырманым маған оның оқиғасын жазуымды өтінді. Сонымен, кейіпкердің әңгімесі:

"Негізі жақсы отбасында өстім, балалық шағым бақытты өтті деп айта алам. Жоғары білімімді алып, жұмыс істеп жүрмін. Көбісі мені отырған қыз деп айтады, бірақ, мен келіспеймін. Қазір ондай сөз жойылу керек деп ойлаймын. Қыздар қалаған уақытында тұрмысқа шыға алады, шүкір.

Бірнеше ай бұрын жеңгем айтып бастады, басында мән бермей жүрдім. Негізі жеңгем таныстырам деген кісінің жасын білмедім. Фотода жас көрінді. Көрінісі көрікті деп айта аламын.

Жасым отызда болғандықтан, танысуға келістім. Сөйтіп, телефонмен таныстық. Жасын сұрадым, сөйтсем 24 жас үлкен екен. Өткені жайлы жасырмай айтып берді. Үш рет ажырасыпты. Ойланып қалдым. Жеңгеме болмайды деп айттым. Бірақ үйдегілер менің шешіміме қарсы шықты, маған ультиматум қойды, ақыры келістім.

Өзімнен үлкен кісіге мені ұзатып жатыр. Кейде ойлап қоямын, осылай жүре бермей тұрмысқа жастай шығып кеткенімде жақсы болар ма еді деп. Бірақ, өзімді бақытсызбын деп айта алмаймын. Қазіргі мақсатым, ана атану. Ал егер отбасы болып кетсек, онда ата-анам қателеспеген болып шығады", - деп сөзін аяқтады кейіпкеріміз.

Бұл жерде мәселе жастың үлкендігінде деп айту қиын. Басты мәселе, үш рет ажырасқан кісіге тұрмыс құрмаған қыздың ұзатылуында. Бұл теңсіз неке екені анық.

Теңсіз неке: ақша бақыттан құнды ма?

Ал сіздер қалай ойлайсыздар, осындай некеде бақытты болуы мүмкін бе? Мүмкін дүниежүзі бойынша заңнаманы өзгертіп, неке жасын 18  жастан бастап қойса және жас айырмашылығы тым үлкен болмаса дұрыс бола ма?

Дәстүрлерді айтар болсақ, қозғайтын жайттар өте көп. Ең бастысы, бұл адамның құқығының бұзылмауы, бойжеткендердің өз қалауымен тұрмысқа шығуы.

Автор: Гульжан Реймбай

Фото: unsplash.com 

Menu
×