Qazaqsha

"Раяна" есімінің мағынасы

"Райан" есіміне "а" жалғауын қосу қаншалықты дұрыс? 
"Раяна" есімінің мағынасы
"Райан" есіміне "а" жалғауын қосу қаншалықты дұрыс? 
"Раяна" есімінің мағынасы
"Райан" есіміне "а" жалғауын қосу қаншалықты дұрыс? 
03.12.2021, 03:06
Изменено: 24.04.2024, 11:37

Елімізде каңтар айы мен сәуір айы аралығында 6 035 "Раяна" есімді балақай дүниеге келді. "Раяна" есімі 2021-ң рейтингі бойынша, ең танымал есімдер тізіміне ілініп, төртінші орынға ие болып отыр.  

"Раяна" есімінің жалпы сипаттамасы 

Бұл есім тек біздің елде ғана емес, көптеген халықта танымалдығын арттырған. Мәселен, мұсылман халықтарынан бөлек, европалық, ағылшын тіпті ирландық мәдениетте де жиі кездеседі. 

Есімнің шығу тарихы Араб мәдениетінен бастау алады. Араб тіліндегі "Раян" ер азамат есімінің өзгерген нұсқасы - "Раяна". 

Отандастарымыз қасиетті Рамазан айында дүниеге келген нәрестенің атын ырымдап "Раяна" атап жатқаны белгілі. Оның мағынасы тікелей ислам дініне байланысты:

жәннат қақпасы Райан Рамазанда ораза тұтқандарға ғана арналған, - деген пайғамбар (с.ғ.с.).

Шығу тегіне байланысты мұсылмандардың арасында дауға айналған сұрақ:

"Райан" есіміне "а" жалғауын қосу қаншалықты дұрыс? 

Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл есімнің қызбалаға арнап өзгертілген нұсқасы. Бүгінгі күнде сарапшылар нақты бір ойды ұстанып, жауабын айтқан емес.

Раяна отбасы ішінде

Отбасылық қарым қатынаста өте адал жандардың бірі, арамдық пен өтірік "Раяна" есімділерге жат құбылыс. Өзі және жолдасы үшін қызыққа толы өмірдің қалыптасуына бар күшін салады. Тағдырын өз қолына алу бұл есімнің иелеріне тән қасиет. "Раяна" есімді қызға шынайы ғашық болған жан, қатал мінезіне қарамастан жан дүниесінің нәзіктігін көре алады. 

Раяна коғам ішінде 

"Раяна" есімді қыздар көбіне интроверт болып келеді. Олар үшін өзімшіл және нарцисс адамдардың арасында уақыт өткізу қиындық тудырады. Туған туыстарына, достарына және жақын деген жандарға қол ұшын беруден ешқашан бас тартпайды.

Бала кезінен "Раяна" есімді қыздар өнерге құмар болып өседі, ән айту, би билеу секілді белсенді қылықтар танылады. 

“Болар баланың белін бу” - демешкі, "Раяна" есімді балақайлардың ата-аналарының құлағына алтын сырға: балалық шағында танытқан белсенділікті көре білу, әрі оны дамыта білу - даналық.  



 

 

 

Menu
×