1. Бұл мәселеде оны көндіріп немесе көңілін қалдырып балаға қысым жасаудың қажеті жоқ.
Ол өз таңдауын өзі жасасын. Егер бала оразаны ұстау шешіміне өз бетімен келсе, сіз бұл ісін мақтап, қалайша тез жетіліп, қайратты болып өскендігіне таңданатындығыңызды айтыңыз.
2. Егер бала әлі жеткіншек жастан да кіші болса (мысалы, 5-7 жаста) және сіз оның денсаулығына алаңдайтын болсаңыз, оған күні бойы емес, жарты күн -
сухурдан түскі асқа дейін, немесе керісінше, түскі астан бастап ифтарға дейін ораза ұстауды ұсыныңыз. Сондай-ақ балаға өзіңізбен бірге күні бойы аптасына бір немесе екі рет ауыз бекітуді ұсынуға болады. Балаңызға діни міндеттерді орындау адамға белгілі бір жаста ғана артылатынын, белгілі бір физикалық қабілеттерге ие болған кезде ғана басталатынын түсіндіріңіз.
Кейбір ғалымдар оразаны 10 жастан бастап ұстауға болады деп санайды
3. Егер ата-ана балаларының болашақта оразаны қуана ұстауларын қаласа, бұл жағдайда ата-аналардың сөздері емес, олардың іс-әрекеттері мен көзқарастары маңызды екенін ұмытпағаны жөн.
Егер олар өз ата-анасында діни міндеттерді қуанышпен және ынта-ықыласпен орындалатыныдығын көре алса, онда балалар олардан үлгі алғысы келетін болады.
Ал егер балалары ораза мен дұғаның ата-ана үшін қандай да бір міндет екенін көретін болса, онда олардың өз еркімен ата-анасымен бірге намаз оқып, ораза ұстағысы келуі екіталай. Егер сіздің үйіңізде Рамазан жарқын мереке ретінде қарсы алынса, онда ораза балалар үшін қуаныш болады және олар оны асыға күтеді.
Тағы келесідей сұрақ туындайды:
Рамазан айында мұсылман емес қоғамда өмір сүретін балалар өзін қалай ұстауы керек?
Мысалы, бала ата-анасымен бірге ораза ұстағысы келді, ауладағы немесе мектептегі достарына оған күндіз ештеңе ішіп-жеуге болмайтындығын, онымен тәттілермен бөлісудің, су ішуді ұсынудың қажеті жоқ екендігін қалай түсіндіреді?
Басқа балалар одан неліктен өзін осылай ұстайтынын сұрастырып, оның ештеңе іше алмайтындығы үшін мазақтап, немесе керісінше, басқалар тамақ жеп тұрған кезде оны аяп, ораза тұтқан баланы дәмді нәрсемен: «су ішсең немесе бір тілім шоколад жесең не болады? Ешкім біліп қоймайды ғой» азғыруы мүмкін.
Балаға бұл қиыншылықты жалғыз көтеру қиынға соғады, сондықтан ата-аналар мұғалімдердің көмегіне жүгініп, балаларға досы күндіз неге олармен тамақ ішпейтінін түсіндіріп беруі керек.
Ұл-қыздарыңызға адамдар әртүрлі болатынын түсіндіріңіз, әр түрлі ұлт өкілдері - терісінің түсі оңаша, әртүрлі дін өкілдері де бар екендігі қалыпты құбылыс екендігін жеткізіңіз. Құдай адамдарды бір-бірін тануы үшін әртүрлі ұлттар мен тайпалар етіп жаратқандығын айтыңыз.
Христиан дінінің өкілдері дәл біздің қасымызда тұрады - олардың өз әдет-ғұрыптары бар, өздерінің оразалары кезінде олар ет жемейді, шіркеуге барады. Мұсылмандар Рамазан айында таңнан кеш батқанға дейінгі кезде ауыздары берік болады. Мектептеріңіздегі мұғалім бұны сіздің балаңыз оқитын сыныптағы сыныптастарына түсіндірсе жақсы болады.
Балаларыңыздың мұсылман құрбыларымен көбірек уақыт өткізуіне жағдай жасаңыз: балаларыңызбен достарыңызды өз үйлеріңізге шақырыңыз, балалар үшін мерекелік кештер, түрлі шаралар мен ойын-сауықтар ұйымдастырыңыз.
Сол кезде сіздің балаларыңыз үшін Рамазан көп кезге дейін есінде болатын және олар асыға күтетін уақытқа айналады.
мақала: islam-today.ru сайтынан орыс тілінен аударылды.
сурет: unsplash.com, жеке архив