Qazaqsha

Өз жолымды қалай табамын. 5 мысал

2020 жыл баршамызға есте қалардай әсерлі жыл болып өтуде. Заман бүгін өзгеруде және біз бұл ағымның бөлшегіне айналып отырмыз. Тарихта қалар, естен кетпес жыл. Бірақ, ертеңгі күні ұрпағымызға не айтарымыз өзімізге байланысты.
Өз жолымды қалай табамын. 5 мысал
2020 жыл баршамызға есте қалардай әсерлі жыл болып өтуде. Заман бүгін өзгеруде және біз бұл ағымның бөлшегіне айналып отырмыз. Тарихта қалар, естен кетпес жыл. Бірақ, ертеңгі күні ұрпағымызға не айтарымыз өзімізге байланысты.
Өз жолымды қалай табамын. 5 мысал
2020 жыл баршамызға есте қалардай әсерлі жыл болып өтуде. Заман бүгін өзгеруде және біз бұл ағымның бөлшегіне айналып отырмыз. Тарихта қалар, естен кетпес жыл. Бірақ, ертеңгі күні ұрпағымызға не айтарымыз өзімізге байланысты.

Біз бүгін тек позитивті жағын қарастырып, осы жылы жаңаша табыс табуды әңгіме етсек. Бұл жолы жаңа сфераны қамту туралы алшақтан жұмыс істеудің бес мысалын айта өтейін.

1 мысал

Үйде отырып жұмыс істеу трендке айналуы қалыпты жағдай. Карантин кезінде еш уайымсыз, балалардың қасында, ата-анамыздың қасында көбірек болып, Интернет арқылы жұмыс жасаған ыңғайлы және қауіпсіз.

Сонымен, алғашқы мысал ретінде таргеттік жарнаманы қолға алуды ұсынады едім. Қазір компаниялар мен жеке кәсіпкерлер онлайн жұмысқа көшіп, ұсыныстарын жарнама арқылы ұсынуда.

Nielsen Brand Effect компаниясының зерттеуі бойынша Инстаграмдағы жарнаманың 97% есте қалады екен. Сонда бірдеңе сатып алу қажет болса, тұтынушы алғашында әлеуметтік желіде көрген жарнамасын еске алады екен. Осы тұрғыда таргетолог болу рейтингі жоғары мамандықтардың қатарына жатады.

2 мысал

Қызықты, креативке толы, шығармашылықты талап ететін жұмыс іздесеңіз СММ мамандығына назар аударыңыз. СММ-маманы болу, Инстаграм немесе басқа да әлеуметтік желілердің парақшаларын жүргізу арқылы табыс табу. Блогердің көмекшісі болу, интернет-дүкендер, сұлулық салондар, әртүрлі сала мамандарының жеке брендтік парақшаларын жүргізуге болады.

Қазақстанда бұл мамандыққа оқытатын көптеген курстар ашылған. Өзіңіге ыңғайлысын таңдап, тіпті оқу барысында алғашқы табысыңызды табу мүмкіндігі бар.

3 мысал

Интернет-дүкен ашу, сайт арқылы тауар немесе ұсыныстар сату. Ол жерде балалар киім-кешегі немесе ересек адамдарға арналған киімдерді сатуға болады. Косметика, ыдыс-аяқ, сыйлықтарда осындай дүкенде тез сатылады, және табыс көзіне айналуы мүмкін. Тек тауар ғана емес, интернет-дүкенде ұсыныстар сатуға да болады. Мысалы, сұлулық саласындағы мастер-класстар, әртүрлі курстар мен марафондар.

Қазір сайтты қыруар ақшаға тапсырыс бермей-ақ, үйде отырып Tilda немесе Wix сайттарында өз дүкеніңізді, жеке сайтыңызды жасап алсаңыз болады. Бұл тез, арзан әрі жеңіл болмақ.

4 мысал

Жастардың, студенттердің ең сүйікті саласына айналып жатқан мобилограф және видеограф саласы. Бұл жас таңдамайтын, қарқын дамып келе жатқан сала, өйткені қазір барлық қимылды желі арқылы ұсынуды үйреніп жатырмыз. Әлеуметтік желіде немесе теледидарда көп коретін ерекше жарнамалық видеолар осы сала мамандарының ерекше туындылары. Байқағаныңыздай олар көзтартарлық, қызықты және шығармашылық рухты талап етеді. Мұның бәріне үйрену оңай.

Видеографтың табысы өте мол болмақ, өйткені, жарнамаға қатысты дүниелердің бәрі арзан емес. Сондықтан, қызығушылық болса, бұл саланы дамытқаныңыз жөн.

5 мысал

Қолыңыздан келер дүниелер көп болса, айтарыңыз, маман ретінде бөлісеріңіз көп болса, өз авторлық курсыңызды ашыңыз. Қазір алғашқы ойыңызды тапқандаймын: бұл оңай емес, көп еңбектену керек, қолымнан келмейді, сенімсіздік, қорқыныш сезімі оянуы мүмкін. Бірақ, өз сүйікті жұмысыңызды шеберлікпен жасап жатқанда осындай сенімсіздік болады ма? Егер өз күшіңізге, біліміңізге сенімді болсаңыз неге басқалармен бөліспеуге?

Тәттілер пісіруді, фотоға түсіруді, видеоны әрлеу (обработка), киім-кешек тігуді, тоқуды, би билеуді немесе психологиялық көмекті өз курсыңызда халыққа ұсыныңыз.

Бұл заманауи жұмыс ағымдарының кішкене ғана бөлігі. Және де осы идеялар жаңа жұмыс бастауыңызға түрткі болар деген ниеттемін. Баршаңызға сәттілік серік болсын!

 

Фото: pexels.com

 

 

 

 

 

 

Menu