Qazaqsha

Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясына лайықты тұңғыш қазақстандық! 

Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясына лайықты тұңғыш қазақстандық! 
Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясына лайықты тұңғыш қазақстандық! 
20.12.2021, 21:00
Изменено: 08.04.2024, 04:50

Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) ғылыми қызметкері Жанат Махатаева Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясына лайықты тұңғыш қазақстандық болып отыр. Жанат Назарбаев Университетінің (НУ) Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде робот техникасы саласында  PhD дәрежесін алуда.

Microsoft стипендиясы менің зерттеуші ретінде кәсіби дамуымды айтарлықтай жоғарылатады. Бұл маған басқалардан үйренуге және өз зерттеулеріммен халықаралық ғылыми қоғамдастықпен бөлісуге мүмкіндік береді. Мұның барлығы кәсіби зерттеу ортасының, НУ-дегі тәлімгерлік пен білімнің арқасында мүмкін болды,

– дейді Жанат Махатаева.

Қызық болар! Соңғы екі онжылдықтың ішінде Microsoft Research PhD стипендиялары бағдарламасы дүние жүзі бойынша 700-ден астам стипендиатты қолдады, олардың көпшілігі Microsoft компаниясының қызметкерлеріне айналды.

Microsoft Research PhD стипендиясы – компьютерлік зерттеулер саласындағы айрықша таланттарды анықтап, олардың мүмкіндіктерін кеңейтетін жаһандық бағдарлама. Microsoft корпорациясы барынша мықты әрі инклюзивті зерттеу қоғамдастығын құру үшін, есептеу техникасымен байланысты салаларда ғылыми дәрежелерді алатын талантты мамандар шеңберін кеңейтуге ұмтылады. 

Жанат өз зерттеулерін НУ-дің ARMS және ISSAI зертханаларында жүргізеді. Оның жұмысы адамның жадысын және толықтырылған шынайылық (AR) пен жасанды интеллекттің көмегімен қабылдауды жақсартуға бағытталған. Бұл зерттеудің нәтижелері адамдарға, әсіресе деменциядан немесе Альцгеймер ауруынан зардап шегетін пациенттерге көмек көрсету жүйелерінде орасан зор жақсаруларға жеткізуі мүмкін. 

Қазіргі уақытта Жанат Microsoft HoloLens-ті пайдалана отырып жадыны арттыру жүйесін әзірлеу үстінде, мұнда ол нысандарды тану және пайдаланушылардың  AR ортасындағы орнын айқындау үшін компьютерлік көру алгоритмдерін пайдаланады. Жанат Microsoft-тің қолдауымен өз зерттеулерінің аясын кеңейтіп, қабылдаумен байланысты когнитивтік бұзылыстардан зардап шегетін адамдарға арналған қосалқы жүйелерді әзірлеуді көздеп отыр.

 

Menu
×