Қазнетте желіні шулатқан Алина Шакиеваның орындауындағы «Ұйқым келмейді» әнінің сөзін жазған актер, композитор Рамазан Амантай, деген ақпар елдің құлағын елең еткізді.
«Бизне по-казахски» фильмінде Еркош рөлін сомдап, «I go to school» деген сөздері арқылы танымал болған Рамазан Амантайдың «Ұйқым келмейді» әнінің авторы екені казнетке тосын хабар болды.
«Қош бол, деп айттың. Тағы да бірдеме дедің» деген өлең жолдарымен басталатын әннің мағынасы қандай? Сөзінің мәні неде? Желіні шулатқан осы сауалдарды әннің сөзін жазған Рамазан Амантайдың өзіне жолдадық. Дегенмен сауалдарымыздың жауапсыз қалуы ойымызды растап тұрғандай.
Мақала авторы: Айғаным Ахунбай