Qazaqsha

«Қазақ Аруы 2022» кастинг талаптары мен шарттары

«Қазақ Аруы 2022» кастинг талаптары мен шарттары
«Қазақ Аруы 2022» кастинг талаптары мен шарттары
14.07.2022, 13:20
Изменено: 06.08.2022, 20:30

"Қыз көрігімен" демекші, жыл сайын бойжеткендер арасындағы тозбас ақылымен, көрінер көрнегімен, тыйылмас еңбегімен жарыса байқауға түсетін "ҚазақАруы" байқауына кастинг басталды. 

Осымен он екінші рет өткізіліп отырған байқауды, продюсер Баян Алагөзова жылда өз бақылауында алып, қатаң тәртіппен жүргізіп отырады. Еліміздің түкпір-түкріпінен қатысатын қыздарымыз финалда берілетін тәжіні арман етеді, десек, артық болмас.

Айта кетсек, 2021 жылы "ҚазақАруы" атағына ие болған, 22 жастағы Ақтөбелік ару – Аружан Аманжолова еді. Ал осы жылы бұл атақ кімге берілетінінін анықтау үшін, 6 маусым мен 25 тамыз аралығында болатын кастинг жайында байқаудың кастинг директоры Гульжан Даулетова жариялаған болатын.

Әрине, байқауға барлық қыздар қатыса алмайды, тек 17-25 жас аралығындағы бойжеткендер бақ сынауға өтініш беруге болатынын айта кеткен жөн. Бұдан бөлек, басты талаптардың бірі – қатысушылардың Қазақстан азаматы болуы міндетті, тұрмыс құрмаған және бой өлшемі 165-тен жоғары, деген шарттар басты талап негізіне алынып отыр.

Негізінен, байқау бірнеше кезеңнен тұрады:

  • Ең алдымен қатысушылардың онлайн тіркеудең өтуі шарт. Тіркеуде аты-жөнін толық, тұрып жатқан қала мен қатысушы жасы, бой өлшемі және инстаграм парақшасын қалдыру арқылы бірінші кезеңнен қатысушылар іріктеледі.
  • Инстаграм парақшасы міндетті түрде ашық болуы тиіс.
  • Екінші кезең – офлайн түрде, сұхбат, дефиле, фотосессия болып, яғни жартылай финал өткізіледі. Осы кезеңдерден өтсеңіз финалға жолдама аласыз.

ҚазақАруы байқауы бұл жылы жеңімпаздарға тәжіден бөлек:

  • «Тұран» университетінде тегін оқу, 5 миллиондық ақшалай сертификатын алуға;
  • «Әлем Аруы», «Жер Аруы» байқауларына қатысу мүмкіндіктерін береді.

Қызыкты

2021 жылы Алматыда өткізілген "ҚазақАруы" байқауының жеңіпазы 22 жасар Ақтөбелік – Аружан Аманжолова. Ең алғашқылардың бірі болып бұл жайында продюсер Баян Алагөзова өз инстаграм парақшасында Аружан екеуінің суретін салып, жариялаған болатын. Қазіргі таңда Аружан өз қаласында телеарнада жұмыс жасауда.

2020 жылы ҚазақАруы атағына ие болған 20 жасар Алматылық – Нарқыз Айдарова.

2019 жылғы байқаудың жеңіпазы – Сәния Темірханова. Павлодар қаласының аруы өз өнерінде, Мұқағали мен Абай өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтуға жарысқа шыққан болатын.

Мақала авторы: Асель Куатова

Популярные статьи и новости

Menu
×