Qazaqsha

Көпбалалы ана: басқа берген бақ па әлде сынақ па?

Көпбалалы ана: басқа берген бақ па әлде сынақ па?
Көпбалалы ана: басқа берген бақ па әлде сынақ па?
12.10.2020, 21:00
Изменено: 04.02.2024, 11:45

Жақында бір құрбым маған “Жұмысқа шығайын деп жатырмын. Бір жыл қызмет атқарып, үшінші балаға декретке шығамын. Қарап отырсам бир миллионға жуық декреттік төлем алады екенмін” деді. Алла қаласа, сосын бір “бизнес бастап кетсем” деген ойы бар екенін айтты. 
“Менің тарапымнан бір қулы іс сияқты емес па? Қалай ойлайсың?” деп сұрады.

Көпбалалы ана: басқа берген бақ па әлде сынақ па?

“Жаным ау, несі қулық? Менің ойымша, ақылы бар әйелдер дәл осылай декретке шығу керек. Қаншама әйел бес-алты бала тауып, асырай алмай мемлекеттен немесе халықтан көмек күтіп отырады” – дедім.

Менің сөздерім көпбалалы аналарға ауыр тиуі мүмкін. Алайда жаңалықтардан олардың қаншалықты қиналып жүргенін өте көп көреміз. Шағын құлайын деп тұрған үй, киетін дұрыс киімдері де жоқ, әкесі жалғыз ақша табады, тіпті кейбіреулерін әкелері тастап кеткен жағдайларды естіп жатамыз. 

Бұрын менің сондай отбасыларына жаным ашитын. Бірақ тұрмысқа шығып, балалы болған соң, ойым өзгерді. Шүкір үш балам бар, Алла қаласа төртіншісіне де болар деп отырмыз. Әр баламнан кейін жұмысқа оралып, уақыт өте декретке шығып отырдым. Үшінші баладан кейін жолдасыммен көбірек жұмыс жасай бастадық. Өйткені жанұяда адам саны өскен сайын, қаржылай шығын да өсетініне көзіміз жетті. 

Алла бәрімізге бірдей мүмкіндік береді, бәрімізде 24 сағат, 12 мүшеміз бар. Кім қалай қолданады? Неге бір отбасыда төрт-бес бала бола тұра, әлеуметтік жағдайы жақсы, балалардың қарны тоқ, киімі бүтін болса, келесі отбасыда жағдайлары өте нашар? Неге нәресте көтерер алдында қаржылай дайындалып, жағдайын жасап қоймасқа? «Бір қозы туса,  бір түп жусан артық шығады» дейді қазақта, бірақ ашығын айтқанда мемлекеттен берілетін жәрдемақыға көпбалалы жанұяны асырау өте қиын. 

Орыстардың бір мақалы бар ғой “На Бога надейся, а сам не плошай” деген. Бұл менің өмірлік ұстанымым деп айтсам да болады. “Алланың қалауы, бұйырғаны болар” деп жатамыз, бірақ менің ойымша нәрестенің аш болғанын Алла қаламайды. Әкесінің ішімдікке салынып, анасының балаларына бүтін киім бере алмауы – бұл Алланың қалауы  емес, бұл әр адамның таңдауы. 

Ата-ана ретінде әр балаға жауаптымыз. Өмірге әкелген күннен бастап қолымыздан келгенше тырысып бағу ол біздің парызымыз. Біздің қоғамда қызметіне де, бала тәрбиесіне де үлгеріп жүрген аналар аз емес. Өйткені ол – сол аналардың таңдауы.

Көпбалалы ана: басқа берген бақ па әлде сынақ па?

Бала-шағаны асырау үшін миллиондаған қаржы керек емес, мимен жұмыс жасау керек. Жалқаулықты тастап, алдыға ұмтылу керек. Осыларды жеткізем, адам болсын деген ата-анада бәрі болады, Алла өзі қолдау көрсетеді.

 

Фото: pexels.com

Menu
×