Qazaqsha

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӨМІРІН ЖЕҢІЛДЕТУГЕ АРНАЛҒАН 10 ЛАЙФХАК

Жүктілік – әрбір әйелді сынақтан өткізетін кезеңдердің бірі. Бір жағынан сіз қобалжып, кішкентай нәрестеңізбен кездесетін уақытты күтесіз, екінші жағынан – уақыт өте келе сіз тез шалдығып, көбірек демалғанды қалайсыз, денеңіз біртүрлі ауыр болып көрініп, ыңғайсыздық тудырады.

11.06.2019, 05:39
Изменено: 16.04.2024, 01:20

Жүктілік – әрбір әйелді сынақтан өткізетін кезеңдердің бірі. Бір жағынан сіз қобалжып, кішкентай нәрестеңізбен кездесетін уақытты күтесіз, екінші жағынан – уақыт өте келе сіз тез шалдығып, көбірек демалғанды қалайсыз, денеңіз біртүрлі ауыр болып көрініп, ыңғайсыздық тудырады.

Баланы 9 ай көтеріп өз-өзіңізді жақсы сезінудің амалдары аз емес екеніне көз жеткізгіңіз келсе, сіздер үшін жинаған 10 пайдалы кеңестерді қарап көріңіздер, көңілдеріңізден шығатынына кұмәнымыз жоқ.

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӨМІРІН ЖЕҢІЛДЕТУГЕ АРНАЛҒАН 10 ЛАЙФХАК

Шашқа арналған резіңке сізге құтқарушы болады

Сіз күн сайын үлкейіп, денеңіз ұлғайып баратынына көнуге тура келеді. Ұнайтыншалбарыңыздың сылдырмақ ілгекі жабылмаса не істеуге болады? Шешім табу оп-оңай – бар болғаны қара резіңкені түймеге арналған тесіктен өткізіп, енді түймелей берсеңіз болады!

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӨМІРІН ЖЕҢІЛДЕТУГЕ АРНАЛҒАН 10 ЛАЙФХАК

Қысқа кеудешелерге арналған жасырын бандаж

Барлық жүктілердің көңілін түсіретін жағдай – «қампиған» ішіңізді жабуға сүйікті кіиіміңіздің тең жартысы кетеді. Ол ол ма, денеңіздің арқа жағы, шет шағы болсын, ашық-шашық қалып, әдемі көрінбейді. Енді ол үшін күңіренбеңіз! Кәдімгі жұмсақ материалды майкадан арнайы ішті орайтын бандаж жасап, енді кез келген киімді кие берсеңіз болады, ішіңіз ешқай жеріңізді кенеттен ашып жібермейді.

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӨМІРІН ЖЕҢІЛДЕТУГЕ АРНАЛҒАН 10 ЛАЙФХАК

Кинезио тейптар: жүкті әйелдің омыртқасына түсетін салмақтан құтылу

Kinesio tape – инновациялық дәрісіз пластырь, ол омыртқа мен буындардағы қақсауға төтеп береді. Бұл эластикалық жабысқыш лента 100% мақтадан жасалған. Оны жүкті әйелдер, денсаулыққа ешбір қауіптенбей қолдана алады. Терінің созылған жерлері немесе ауыр салмақ түскен орындарға жабыстырып қойсаңыз, жеңілдік сезінесіз.Тэйптар іш пен омартқаға да жабыстырылады.

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӨМІРІН ЖЕҢІЛДЕТУГЕ АРНАЛҒАН 10 ЛАЙФХАК

Қымбат жастықтарды алмастыратын жай ғана үрлемелі дөңгелек

Үрлемелі дөңгелекті тек суға түскенде емес, жүкті әйелдерге арналған жастықтың орнына да қолдануға болады. Ортасындағы тесікке ішіңізді жатқызып, денеңіздің басқа бөліктерін шет жақтарына жайғастырсаңыз, өзіңізді ыңғайлы сезінесіз!

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӨМІРІН ЖЕҢІЛДЕТУГЕ АРНАЛҒАН 10 ЛАЙФХАК

Шетке жайлы жайғасқыңыз келсе

Жүктілікте кез келген әдеттегі кейіпте жату қиынға соғады. Бірақ сіз жай ғана жұмсақ ойыншықты бүйіріңізге басып, жайғассаңыз, бұл ыңғайсыздықты ұмытып кетесіз!

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӨМІРІН ЖЕҢІЛДЕТУГЕ АРНАЛҒАН 10 ЛАЙФХАК

Төсекке дейін жеткізіп беру

Кішкентай жәшіктер сатып алып, олардың ішіне өзіңіздің сүйікті тағамдарыңызды, жеміс-жидек, сүлгі мен суды салып қойыңыз. Осындай пайдалы заттардың жинағы сізге жүруге қиын болған кезде өз септігін тигізеді. Жолдасыңыз да осындай шешімге қуанып қалар.

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӨМІРІН ЖЕҢІЛДЕТУГЕ АРНАЛҒАН 10 ЛАЙФХАК

Офиста отырған кезді жайлы қылыңыз

Бала күтіміне арналған демалысқа дейін уақытыңыз әлі көп болса, басқа сөзбен айтқанда декретке әлі шықпасыңыз, өз жұмыс орныңызды ыңғайлатуға тура келеді. Үйдегідей отырғыңыз келсе, аяғыңыз үйісе, аяқ астына жұмсақ пуфты қойып, ұзыннан созылып, жайлы жайғасыңыз.

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӨМІРІН ЖЕҢІЛДЕТУГЕ АРНАЛҒАН 10 ЛАЙФХАК

Жүктілік кезінде фигураны сақтап қалуға финиктер көмектеседі

Жүкті болған кезде біз, көбінесе, көптеген зиянды тағамдарды жеп қойып, тәттілерден де бас тартпаймыз. Сол тәттілердің орнына бір килограмм финиктер сатып алсаңыз, организм пайдалылығын сезінеді, оның құнарлығы жоғары, дәмі де сізге ұнайды.

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӨМІРІН ЖЕҢІЛДЕТУГЕ АРНАЛҒАН 10 ЛАЙФХАК

Кокос майы – терінің созылуына қарсы жақсы амал

Осы кезеңде денені тиісті ылғалдату терінің созылуына жол бермейді. Құрғақ тері мен жүктілік әрдайым жақын жүреді. Кокос майының құрамындағы гиалурондық қышқыл және басқа да пайдалы қоспалар бұл сұрақты шешудің жақсы амалы болып отыр.

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӨМІРІН ЖЕҢІЛДЕТУГЕ АРНАЛҒАН 10 ЛАЙФХАК

Ноутбукпен жұмыс істегенде оны арнайы тамақтануға арналған тіреуіштің үстіне қойыңыз.

Орыс тілінде мақаланың сілтемесі 

Menu
×