Qazaqsha

ЖҮКТІЛІКТІҢ 7 АПТАСЫ

Егер сіз босанғанға дейінгі әйелдер емханасына әлі бармаған болсаңыз, міндетті түрде барыңыз. 
ЖҮКТІЛІКТІҢ 7 АПТАСЫ
Егер сіз босанғанға дейінгі әйелдер емханасына әлі бармаған болсаңыз, міндетті түрде барыңыз. 
ЖҮКТІЛІКТІҢ 7 АПТАСЫ
Егер сіз босанғанға дейінгі әйелдер емханасына әлі бармаған болсаңыз, міндетті түрде барыңыз. 
26.04.2021, 19:09
Изменено: 20.03.2024, 12:49

Жүктілік әлі сыртынан байқалмайды, сіз салмақ қосуыңыз да, токсикозға байланысты салмақ тастауыңыз да мүмкін. Бірақ омырауыңыз «өсіңкіреді». Енді сіз жүкті әйелдерге арналған іш киімді сатып алу туралы ойлана аласыз. ХБ матадан жасалған қалың белбеуі бар кеуде іш киімі өте ыңғайлы.

Жүктіліктің 7 аптасындағы әйелдің сезімдері

Осы кезеңде көптеген әйелдерді жыныстық қатынас мәселесі мазалайды, рұқсат па немесе рұқсат емес пе деген. Дәрігеріңіз рұқсат берсе де, абай болыңыз! Қайтсе де, болашақ анаға жағымды эмоциялар қажет! Сіз көбірек тамақтана бастадыңыз. Ас болсын, тек тоқаш емес! Ет, сүт өнімдері және көкөністерді де жеңіз. Айтпақшы, терінің, шаштың және тырнақтың жағдайы нашарлауы мүмкін. Себебі сізден шығатын кейбір пайдалы заттар мен витаминдер қазірдің өзінде нәрестені тамақтандыруға кетіп жатыр. Бірақ, бәріне қарамастан, сіздің көздеріңізде жылтыр, өзіндік құпия бар, оның себебін тек өзіңіз білесіз!

Бала: ұрықтың дамуы, 7-апта

Баланың көлемі кішкентай зәйтүн дәніне ұқсайды, ал оның түр-әлпеті басқа планеталық адамға ұқсайды. Қабақтар қазірдің өзінде көзді жауып тұр, құлақтары пайда бола бастайды. Аузы да қалыптаса бастады. Эмбрионның кішкентай беті анықтала бастады. Мишық бөлімдері мөлдір бас сүйек ішінде көрініп тұр. Мидың қарқынды дамуына байланысты ең тез болып бас өседі, қазір ол денеге пропорционалды емес. Арт жағынан құйрық көрінеді, ол уақыт өте келе түсіп қалады. Жалпы түрде орталық жүйке жүйесі қалыптасты, сүйек жасушаларының дамуы басталды. Аптаның соңында жыныстық дөңбешік, одан кейін жыныс мүшелері пайда болады.

Кеңес:

Біз тағы да қайталаймыз: темекі шегу, ішімдік және дәрілік заттарға - «жоқ!» деңіз. Мұның бәрі балаға қатты әсер етуі мүмкін. Инфекциядан аулақ болыңыз және өз-өзіңізге ем тағайындамаңыз.

Жүктілік күнтізбесін апта бойынша қадағалаңыз!

Келесі оқитыныңыз: ЖҮКТІЛІКТІҢ 8 АПТАСЫ

 

Сурет: unsplash.com

Menu
×