Qazaqsha

Балалар мен жастардың гаджетке құмарлығы, пайдасы мен зияны

Балалар мен жастардың гаджетке құмарлығы, пайдасы мен зияны
Балалар мен жастардың гаджетке құмарлығы, пайдасы мен зияны

Экономиканың қарқынды дамуы заманды өзгертуде. Егер осыдан 10-15 жыл бұрын балалар мен жастар таза ауада және достар арасында көбірек уақыт өткізсе, қазіргі кезде тым басқа жағдай орын алуда.

Заманның өзгеруі қалыпты жағдай, бірақ ата-ана ретінде баламыздың гаджеттерге қатты ынтасын қойып, бар зейінін сол жаққа жұмсамауын қадағалау.

Смартфондар, ұялы телефондар, планшеттер, дербес компьютерлер мен ноутбуктар, смарт-сағаттар өміріміздің айрылмас бөлшегіне айналған. Нәресте күннен бастап, үлкендердің қолынан түспейтін бұл ғажап техникалар баланың назарын өзіне қатты аударады және ақырындап оның да қолынан табыла бастайды.

Гаджеттердің пайдасы адамзатты көптеген жетсітікке жеткізуі анық. Осы тұрғыда алдымен пайдасы жайлы айтып өтейік. Балалар мен жастардың дамуы гаджеттермен тығыз байланыста, сондықтан дамуды басты пайда деп атап өтейік.

3 жас пен 6 жас аралығында әртүрлі дамуға қатысты видеоларды көріп, ойындарды ойнап бала дәрежесін жоғарылата алады. Бірақ бұл жерде гаджетпен өткен уақытты 20 минуттан асырмаған жөн. Және күніне 1 сағат қана телефон немесе планшетті ұстауға рұқсат ету керек.

7 жастан бастап бала гаджеттің мүмкіндіктерін кеңейте бастайды. Ата-анадан жасырын жасағанша, балаңызға қолдаушы болып әлеуметтік желілермен танысуға рұқсат беру, бірақ жақсы қарым-қатынас арқасында баланы бақылап отыруды да ұмытпау керек.

YouTube, Tik-tok, Likee және Instagram платформалары бірінші болып баланың назарын тартып тұрады. Мұны балалардың заман талабына сай деген бөлімшеге қосып, пайдалы деген бөлімшеге жатқыза аламыз, өйткені өз ортасынан қалмай баланың желіні зерттегені дұрыс.

Бұл жолы да әу бастан-ақ балаға уақытты графикпен қою қажет. Күніне 2 сағаттан аспайтындай етіп гаджетті ұстауға рұқсат беру. Әрі баладан соң гаджеттің тарихын тексеріп отыру керек (история). Балаңыз кіммен коммуникацияда болды, бейтаныс адамдар көп жазама, қара тізімге өз уақытында енгізіп отырғанда дұрыс.

12 жастан бастап баламыз ақырындап жасөспіремдер қатарына кіре бастағанда аса мұқият болу керек. Бұл жас баланың ішкі дүниесін биікке самғатар немесе ұзақ депрессияға шалдықтырар кезең. Гаджеттің балаға әсерін сырттай бақылап жүру отбасындағы үлкен кісілердің борышы.

Кейде жұмысқа қатты беріліп кетіп, баланың өмірінде орын алып жатқан оқиғалардан бейхабар қалып жатамыз. Бірнеше жылдар бұрын "Көк кит" (Синий кит) атты желі арқылы таралған ойын салдарынан орын алған оқиғалар баршамызға сабақ болардай қайғылы жағдай. Есіңізге сала кетсем, осы ойын арқылы бірнеше бала өзіне қол жұмсаған, барлық бұйрықтар балаларға әлеуметтік желі арқылы беріліп отырған.

Гренни апа, Мо-мо, қазіргі таңда Сиренаголовый дегендерді көріп, баланың психикасы өзгерері анық. Ал бұл кезде бала тыныш, қорқақ, сөйлескенді ұнатпайтын ынжықтау болып қалады. Ата-ана ретінде өз баламызды Интернеттің осыдай теріс әсерінен қорғау бірінші борышымыз болсын.

16 және одан жоғары жасқа келгенде балаларымыз желіні кейде танысу алаңына айландырып жатады. Баламыздың қауіпсіздігі үшін біз баламызбен сыйластықта болып, оның өмірінде болып жатқан барлық қимылдардан хабардар болғанымыз жақсы. Сөйтіп, желіде танысқан ниеті түзу емес адамдармен жолықпауын ұйымдастыру, баламыздың қауіпсіз аймақта өмірсүріп жатқанын бақылау және барынша үйде жақсы атмосфера қалыптастыру біздің басты мақсатымыз болсыншы.

Студенттік өмірі басталғанда, баламыз отбасында алған тәрбиесіне қарай қадам басады. Егер гаджеттермен дұрыс қарым-қатынаста болған болса, ата-ана достыққа, сыйластыққа көбірек назар аударып, балаға желідегі этиканы үйреткен болса, бәрі ойдағыдай болатыны анық. Ал керісінше көбіне тыйым салып, баланы тындамай, "Мен үлкенмін, менің айтқаным дұрыс" деп жүре берсеңіз, студенттік күндері өзінің үлкен адам болғанын дәлелдеу үшін жастар шалыс басуы мүмкін.

Соңында бәрімізге анық жайтты айта өтсем: гаджеттерді ұзақ қолдану баланың көзіне әсер естіп, көру қабілетін нашарлатады. Және де психологиялық тұрғыдан баланың мінез-құлқына да қатты әсер етеді. Мұны болдырмау үшін, гаджетті тек бөлінген уақытынан асырмай пайдалану керек.

Гаджетке қатты құнықпау үшін баланы спорт және шығармашылық секцияларына беріп, оның бос уақытының көп болмауын бақылау, даму жолында бәрін қажетті порцияда алып жатқанын бақылау ата-ананың баланың қалыптасу жолындағы басты рөлі.

Отбасымыз аман және заман талабына сай дамыған болсын!

Фото: rawpixel.com

 

 

 

 

 

Menu