Qazaqsha

Бала көтеру жолдары

Бала көтеру жолдары
Бала көтеру жолдары
28.10.2020, 06:09
Изменено: 19.04.2024, 14:49

Біздің қауымда көптеген әйелдер жүктілікті жоспарлай бермейді. Десекте, өз денсаулығына мұқият қарап, жүктілікке біраз уақыт дайындалатын әйелдер саны аз емес. Мамандардың ойынша бұл ең дұрыс жол, өйткені өмірге дені сау, ешқандай ауытқусыз нәресте әкелу – тікелей анасының қолында. 

Бала көтеру жолдары

Диджитал әлемінің қарқынды дамуына байланысты, бүгін біз сан түрлі жандамаларды (приложения) жүктей аламыз. Соның ішінде жүктілікті жоспарлау, еттекір кезін бақылау сияқты нұсқалары бар. 

Енді бала көтеру жолдарына тоқталайық. Ең алдымен — Өмір салты

Зиянды әддеттерден бас тарқан абзал. Ішімдік, шылым шегуден арылыңыз. Бұл тек жүктілікті жоспарлау кезінде ғана емес, сонымен қатар жүктілік және емізу кезіне де қатысты. 

Салмағыңызға зейін бөліңіз. Қалыпты салмақтың зор маңызы бар, өйткені салмақтың аздығы немесе тым артық болуы бала көтеруге теріс ықпал етуі мүмкін. Егер Сіздің салмағыңыз түзетуді қажет ететін болса, бұл проблеманы жоспардағы бала көтеруден кем дегенде 2-3 ай бұрын шешуге тырысыңыз, өйткені салмақтың қатты ауытқуы гормондық фонға ықпал етеді.

Белсенді өмір салтын ұстаныңыз. Дене шынықтыру жаттығулары бұлшық еттің ширатылуына және ағзаның қанмен жабдықталуын жақсартуға көмектеседі.

Тамақтану.

Бала көтеру жолдары

Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланады. Адам пайдаланатын тағам әр түрлі әрі куаты мол нәрлі болуы қажет. Ас корыту сөлдерінің дұрыс бөлінуіне жеміс-жидектер, көкөністер, жеміс шырындары, сұйық тағамдар әсер етеді. Сонымен қатар кофеин, шоколад, кейбір салқын және қуаттандыратын сусындарды азайтқан жөн. 

Арнайы дәрумендер қабылдауды бастаңыз. Әйел адам жүктілік кезінде сәбиге жарты денсаулығын арнайтыны айқын. Егер сіз дер кезінде дәрумендер қабылдамасаңыз, босанғаннан кейін денсаулығыңыздың күрт төмендеуі мүмкін. Тістеріңіз босап, тіпті түсіп қалған жағдайлар аз емес. Тырнақ сынып, бет терісінің нашарлауы — дәрумендердің жеткіліксіздігі. Сізге қажеттінің барлығын тек тамақтан алудың сәті әрқашан да түсе бермейді. Жүкті әйелдерге арналған дәрумендер мен минералдар жиынын қолдану — ағзаға қажетті дәрумендер мен минералдардың келіп түсуіне ықпалдасады әрі ананың да, сәбидің де қажеттіліктерін қанағаттандырады. 

Енді бала көтеру мүмкіндігін арттыру жайлы ойлайық. Овуляция уақытын қадағалаңыз. Ол үшін арнайы жандаманы жүктеп алсаңыз болады, немесе дәріханадан овуляцияны айқындауға арналған тесттердің бірін сатып алыңыз, бұлар сізге бала көтеру үшін барынша қолайлы күндерді біліп алуға, сөйтіп, жүкті болу ықтималдығын арттыруға көмектеседі.

Медициналық тексерістерден міндетті түрде өтіңіз. Гинеколог маманына жазылып, бала көтергіңіз келетінін айтыңыз. Дәрігер сізге қажетті анализдерді тапсыру керек екені жайлы айтып, дәрі-дәрмек туралы маңызды кеңестер бере алады. 

Тіс дәрігеріне қаралуды ұмытпаңыз. Жүктілік пен емізу кезінде тіс пен қызылиекті емдеу үшін қажет болуы мүмкін көптеген дәрілерді қабылдауға болмайды, сондықтан қажетті емді бала көтеруге әрекет жасардан бұрын алған жөн.

Бала көтеру жолдары

Бала көтеріп, ана атануыңызға шын жүректен тілектеспіз! Біздің кеңестеріміздің сізге пайдасы тиетініне сенімд

Фото: unsplash.com

Menu
×