13.11.2020 00:52

Қазақ қызының қытайлыққа тұрмысқа шығуы үлкен дау туғызды ма?

Біз ерекше хикаяларды баяндап бергенді ұнатамыз. Көбінесе интернационалды отбасылардың хикаяларына оқырман ерекше қызығушылық танытады. Редакциямызға хабарласқан кейіпкеріміз Айжан Раимбекованың хикаясы бізге қызық сияқты көрінді. Айжан қытай жігітке тұрмысқа шыққан және де оның таңдауы мұндай қызу талқыға салынатынын ойламаған.

 

Бойы ұзын қытайлық жігітке тұрмысқа шығу, дәстүрлер айырмашылығы, балаларын паспортқа қазақ деп жаздырып, Қазақстан азаматтығын беру және де миллиондаған халқы бар Қытайда карьера құру туралы бүгінгі мақалада оқи аласыз.

Кейіпкеріміздің әңгімесінен:

"Мен қарапайым қыз болып өстім, мектеп қабырғасында оқып жүргенде аса көзге түскен жоқпын. Шынайы активті өмірім студенттік кездері басталды. Аль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде бакалавриат пен магистратураны бітіріп шықтым. Сол кездері ашылып, қызықты өмірім басталған кездер еді. Алдын өзімді басқаша сезінетінмін, стилім ерекше еді және осындай стильмен социумға сіңісе алам ба деп ойланатынмын. Бірақ студенттік өмір мені аша бастады.

2007 жылы Пекинге алғашқы шетелдік стажировкаға барғанда, өзімнің шынымен индивидуум болып ашылып жатқанымды байқадым. Пекинде жүрген кезімде алматылық жерлес досым болашақ күйеуіммен таныстырды. Бірақ біз ұзақ уақыт дос ретінде араласып жүрдік. Оған қазақ дәстүрлері жақын еді, өйткені қазақстандықтармен көп араласатын.

Досым Қытайдағы алғашқы студенттік ұйымның негізін қалаушысы болды, ал менің болашақ күйеуім досымның жақын досы еді және біздің іс-шараларымызға жиі келетін. Арадан біраз уақыт өтіп, магистратураны бітірген соң, Бейжіңге жұмыс істеуге бардым. Сол кездегі кездесу ұнату сезімін оятты.

Қытайлықпен некемді ата-анам қалай қабылдады?

Басында шетелдің азаматына, оның үстіне оның қытайлық екенін ата-анама қалай айтамын деп уайымдап жүрдім. Неге екенін қазақстандықтар қытайлықтарды ұнатпайды. Мүмкін олардың сапасыз өніміне байланысты қалыптасқан пікір болар.

Әрбір ұлтта, әрбір қоғамда жақсы және жаман адамдар болады.

Менің күйеуім көзі ашық жан. Көп қытайлықтар өз елінің кемшіліктерін айтып отырады. Ондай жағдай көп мемлекеттерде де орын алуда.

Күйеуімді ата-анам құшақ жая қарсы алды. Ол өзінің қарапайымдылығымен, адамгершілігімен және мәдениеттілігімен жаулап алды. Менің бақытты екенімді көрген жақын-туыстарым жолдасымды отбасымызға қабыл алды.

Қытай отбасында келін болған қандай?

Қытайлық отбасында келін болу оңай. Жаңа отбасым мені қызындай қарсы алды. Жарымның ата-анасы Қытайдың провинциялық аймағында туып-өскен, қаржылық құлдыраудың қиын кезеңдерін бастан кешкен, азық-түлікті талонмен алып, қарапайым өмірсүрсе де, өз баласына моральдік құндылықтарды сіңіріп өсірген.

Менен көбісі қытайдың "бір отбасына - бір бала" деген қағидасы туралы сұрап жатады. Қазір отбасыларға екі балалы болуға рұқсат етілген. Және айта кетер жайт Қытайдың ішкі саясаты бізге қолданылмайды, өйткені мен және менің балаларым Қазақстан азаматтарымыз.

Балаларым Қазақстанда туылған әрі паспортта қазақ деп жазылған.

Миллиондаған халық саны бар Қытайда карьера құру мүмкін бе?

Егер қай жерде өмірсүргеніңіз келеді деп менен сұраса, Қазақстанда немесе Қытайда өмірсүрген ұнай ма деп сұраса, мен нақты жауап бере алмаймын. Қытайда бес жылға жуық өмір сүргеннен кейін, ол менің екінші үйім болып кетті деп нық сеніммен айта аламын. Мәдениет, тарих, инфрақұрылымның дамуы, халықаралық қоғам, мүмкіндіктер – бұл маған Аспан асты елінде ұнайтын өмірдің бір бөлігі. Әрине, Қазақстан мәңгі менің отаным болып қалады, қай жерде болсам да, Іле Алатауының ауасын сағынамын, бешбармақтың дәмін татып, туған-туыстарымның үйлену тойында қыдырып, сүйікті Алакөл көлінде отбасыммен демалғым келеді.

Егер Қытайдағы қазақ қызы өмірінің кәсіби аспектілері туралы айтатын болсақ, онда сән саласымен (мода әлемі) әрқашан өз өмірімді байланыстырғым келген және бұл салада жұмыс жасап келемін. Менің ойымша, әйелдер көбінесе моданы жақсы көреді, бірақ менің таңдауым сөзсіз еді. Бұл менің өмірлік кәсібім.

Көп жылдар бойы сән саласында жұмыс атқарып, көптереген сән апталықтарына қатысып, өз сайтымда ойыммен бөлісіп келемін. Mercedes-Benz China Fashion Week апталағына жыл сайын қатысамын және де дизайнерлердің өсуін бақылап жүрмін.

Отанымды балаларыма көрсеткім келеді.

Қазіргі таңда өзімді бақытты жар және үлгілі ана деп есептеймін. Екі ұлым бар - Арсалан және Тамерлан. Екеуі де паспортта қазақ деп жазылған, Қазақстан азаматтары.

Балаларым қытай, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлейді және қарапайым қазақ тілін түсінеді. Орыс тілінде білім алғандықтан, қазақ тілін қарапайым тұрмыстық деңгейде ғана білемін, бірақ жылдан жылға тәжірибенің жоқтығы сезілуде.

Менің интернационалды отбасым осыншама дау туғызады деп ойламадым. Және мұндай суық қарсы алуына дайын емес едім. Көптен сұрайтыным, бастысы ұлт емес, адамның бақыты екенін ескерсек."

Виза мәселесіне байланысты балаларыма отанымды көрсете алмай жүрмін, - дейді Айжан Раимбекова.

Айжанның қолында қазақстандық төлқұжаттың бар екеніне қарамастан, Қытай шекарашылары балаларын визасыз шекарадан өткізбейді. Қазақстандық тарап ҚХР жол жүру құжатымен шекараны кесіп өтуге рұқсат береді, бірақ баланың паспортын алып, азаматтығын жойып, сотқа шақырып, әкімшілік айыппұл өндіріп алады.

Балаларға Қытайда виза берілмейді, олардың ҚХР азаматтары ретінде ешқандай құқығы жоқ, ауруханаға барғанда, қонақ үйде және басқа жерлерде тұрған кезде Қазақстан Республикасы азаматының паспорты талап етіледі. Балалар мектепке және балабақшаға шетелдіктер сияқты барады, оларда ешқандай жеңілдіктер жоқ, тек виза қажет емес. 

Айжан екі ұлының азаматтығын ауыстырғысы келмейді. Кейіпкеріміз үш жылға жуық виза алу үшін ресми шешім күтуде.Қытайдың оңтүстігінде тұратын қазақстандық әйелдер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа бейнеүндеу (видеобращение) жолдады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aizhan Raimbekova (@aizhan_raimbekova)

Pandaland.kz порталы атынан кейіпкеріміз Айжанның мәселесі ертерек шешіліп, Арсалан мен Тамерлан Қазақстанымызды, еліміздің сұлу табиғаты мен дәстүрлерімен танысса екен деп тілейміз.

 

Поделиться