Путешествия

Бурабайда қайда дем алуға болады?

Бірнеше өңірді қоспағанда, қазақстандықтар тамаша табиғатты және көркем пейзаждарды күнде кездестіре бермейді, сондықтан біз Сізге дем алу үшін ең жақсы орындар мен баға ұсыныстары бойынша шолуымызды ұсынып отырмыз. Бұрынырақта біз Ыстықкөлдегі
Бурабайда қайда дем алуға болады?
Бірнеше өңірді қоспағанда, қазақстандықтар тамаша табиғатты және көркем пейзаждарды күнде кездестіре бермейді, сондықтан біз Сізге дем алу үшін ең жақсы орындар мен баға ұсыныстары бойынша шолуымызды ұсынып отырмыз. Бұрынырақта біз Ыстықкөлдегі
Бурабайда қайда дем алуға болады?
Бірнеше өңірді қоспағанда, қазақстандықтар тамаша табиғатты және көркем пейзаждарды күнде кездестіре бермейді, сондықтан біз Сізге дем алу үшін ең жақсы орындар мен баға ұсыныстары бойынша шолуымызды ұсынып отырмыз. Бұрынырақта біз Ыстықкөлдегі
21.08.2015, 14:16
Изменено: 18.04.2024, 11:49

Бірнеше өңірді қоспағанда, қазақстандықтар тамаша табиғатты және көркем пейзаждарды күнде кездестіре бермейді, сондықтан біз Сізге дем алу үшін ең жақсы орындар мен баға ұсыныстары бойынша шолуымызды ұсынып отырмыз. Бұрынырақта біз Ыстықкөлдегі және Алакөлдегі демалыс орындары бойынша шолуларымызды жариялаған едік, ал бүгін өзіңіз бұл жайлы сөзсіз естіп, қанық болып отырған Бурабай жайлы әңгімелеп береміз.

Pandaland Image

Бурабайды жұрт «Қазақстанның інжу-маржаны» және «қазақстандық Швейцария» деп атайды. Бурабай өзінің осындай атауларын тек күй талғамайтын жергілікті тұрғындардың ғана емес, алыс және жақын шетел тұрғындарының көз алдында да ақтап отыр.

«Бурабай» кентіне үнемі келушілердің арасында осында өздерінің алауыздықтары туралы ұмытатын ресейліктер мен украиндықтар өте көп. Кентте серуендеп жүріп, жергілікті емес туристерге ұсынылатын, астанаға экскурсияларға баруға үндеген дауыстарды естіп қалуға болады.

«Бурабай» кенті – ұлттық табиғи саябақтың бір бөлігі, Көкшетау тауларының бөктерінде, 14 ірі көлдің:  Бурабайдың, Шортандының, Қотыркөлдің және т.с. қоршауында орналасқан. Өлкенің тарихы атадан балаға ауызба-ауыз беріліп отыратын: «Оқжетпес», «Бурабай», «Жеке-батыр» секілді және басқа аңыздар мен ертегі, толғауларға бай келеді.

«Бурабай» кентінің өзі болса салыстырмалы түрде шағын – Сіз оның барлық көрікті жерлерін бір сағаттың айналасында оп-оңай аралап шыға аласыз, ал егер шағын, төбесі ашық таксиге отырсаңыз – бұған одан да аз уақыт кетеді (такси 500 теңге тұрады). Демалыс негізінен алғанда қыс кезінде таулардың айналасында, жаз кезінде спорттың судағы түрлерінің айналасында шоғырланған. Кентте жалға беру жүйесі өте жақсы дамыған:

Велосипедтер – 500 тг/сағ

Катамарандар – 1000 тг/сағ

Судағы матрастар – 500 тг/сағ

Тарзанка – 1500 тг/рет

Аттар – 1500 тг/сағ

Саябаққа барғаны үшін стандартты ақыны (бір адамнан 180 теңге) қоса отырып, төбесі ашық автомобильдерде Бурабай аймағы бойынша экскурсияға 1000 теңгеге барып қайтуға болады.

Көрікті жерлерге өлкетану мұражайын, базарды және бірнеше клубты жатқызуға болады. Ең бастысы – бұл жайында алдын ала қамданып, орналасатын жерді дұрыс таңдап алғаныңыз, тұрғын үйге деген сұраныс жоғары және көпшілік орындардың тұрақты клиентурасы бар.

Pandaland Image

Кез келген курорттағыдай, баға қалалардағыға қарағанда жоғарырақ, бірақ жанға жағымды бонустар бар. Мысалға алар болсақ, бүкіл Қазақстанға аты шығып тұрған Көкшетау балмұздағын 100 грамына 100 теңгеден сатып алуға болады.

Біз осы жайлы айтып беретін бірінші отель негізінен алғанда демалыстың мәртебесі мен аса жоғары жайлылық үшін ақы төлеуге даяр адамдарға бағдар алған.

Rixos Borovoe

Қымбатырақ және салтанаттырақ демалысты жақсы көретіндер үшін күтпеген жағымды ұсыныс – өз есігін Шортанды көлінің жағасында, Бармашино ауылында айқара ашқан Rixos Borovoe отелі бар. Отель «Бурабай» ауылынан және Щучинск қаласының теміржол вокзалынан 15 км жерде орналасқан.  Астана қаласының халықаралық әуежайына дейінгі қашықтық 287 км құрайды. Осы отельде дем алудың көптеген артықшылықтарын талай уақыт тізіп, баяндап отыруға болады,  бірақ, әрине, бағалары да тиісінше болып келеді. Отельде спа-салон, төбесі жабық бассейн және тегін Wi-Fi, кондиционерлер, итальян ас үйі, казино, жылы едендер, итальян мейрамханасы және т.с. бар.

Тәулігіне тұру ақысы (шілде-тамыз): делюкс – 38 мың тг, джуниор – 64 мың тг, президенттік номер – 98 мың тг, пентхаус люкс – 656 мың тг (бағасы аптаның күніне байланысты өзгеріп отырады)

Жағажай – отельдің жанында бар

Аумағы -  жайлы етілген, көкмайса және гүлдер, жататын кереуеттер

3 жасқа дейінгі балалармен – ыңғайлы

Wi-fi - бар

Мейрамханада ауқаттану – үш мәрте, құнына кіреді

Сайт, Фэйсбук, тел.: +7 (71636) 201-00

Броньдау – карта қажет, ақысыз, тегін күшін жою 24 сағат ішінде ғана

Дем алудың орташа құны – 50 мың тг/күн

Pandaland Image

Pandaland Image

Pandaland Image

Көбірек демократияшыл бағаларды артық көретіндер осы отельдерге барып тұруға мүдделі болады. Олар негізінен алғанда табысы орташа, сапалы да жайлы демалысты діттеген отбасылы адамдарға бағдар алған.

 «Айнакөл» отелі

«Айнакөл» аттас көлдің жағасында орналасқан. Бұрынырақта отельдің жұлдыздары болған еді, бірақ қажет болмаған соң, оларды екі жыл шамасында растамаған, әрі келушілердің ешқайсысына да бұл енді қызықты болмай отыр. Әдетте, барлық тұрушылар тұрақты клиенттер. Отельдің артықшылықтарына өзінің пирсін, жазғы террасаны, жағажайды, караокені, сауналарды және төбесі жабық бассейндерді, теннис кортын, судағы жабдықты жатқызуға болады.

Тәулігіне тұру ақысы (шілде-тамыз): стандарт – 30-35 мың тг, жартылай люкс – 40 мың тг, люкс – 50 мың тг

Жағажай – отельдің жанында бар

Аумағы -  жайлы етілген, көкмайса және гүлдер, жататын кереуеттер

3 жасқа дейінгі балалармен – ыңғайлы

Wi-fi - бар

Ауқаттану – толық пансион

Сайт, тел.: +7 (71630) 7-32-42

Дем алудың орташа құны – 40-45 мың тг/күн

Pandaland Image

Pandaland Image

Pandaland Image

Pandaland Image

Pandaland Image

 «Әлем» және «Әлем +» отельдері

Екі Әлем және Әлем + отелі Бурабай кентіне кіреберісте орналасқан. Отельдер көлмен шекаралас жатыр. Отельдердің артықшылықтарына беседкаларды, коттедждерді, көлік тұрағын, төбесі жабық бассейнді, саунаны, спа-салонды, мейрамхананы жатқызуға болады.

Тәулігіне тұру ақысы (шілде-тамыз): стандарт – 20 мың тг, жартылай люкс –23 мың тг, люкс - 26 мың тг

Жағажайға дейін – 5-7 минут

Аумағы -  жайлы етілген, көкмайса және гүлдер

3 жасқа дейінгі балалармен – ыңғайлы

Wi-fi - бар

Отельде ауқаттану – таңертеңгі ас беріледі

Сайт, тел.: +7 (71630) 7327073269

Дем алудың орташа құны – 25 мың тг/күн

Pandaland Image

Pandaland Image

Pandaland Image

Pandaland Image

Pandaland Image

 «Эдем» сауықтыру кешені

«Бурабай» кентінің қақ ортасында орналасқан, сондықтан барлық көрікті, көруге лайықты жерлер қол созым жерде тұр. Отельдің жақын жатқан қала тұрғындары арасында тәуір беделге ие болып отырғандығын және барлық орындардың алдын ала броньдалатындығын атап өту керек.

Тәулігіне тұру ақысы (шілде-тамыз): стандарт – 17,5 мың тг (екі адамға); жартылай люкс – 29, 5 мың тг (2 бөлме)

Жағажайға дейін – 7-10 минут

Аумағы -  жайлы етілген, көкмайса және гүлдер

3 жасқа дейінгі балалармен – ыңғайлы

Wi-fi - бар

Ауқаттануға таңертеңгі ас кіреді

Сайт, Инстаграм, тел.: 8 (716-30) 71 5 28

Дем алудың орташа құны – 22 мың тг/күн

Pandaland Image

Pandaland Image

Жастардың үлкен компаниялары үшін және жалпы студенттер үшін кенттің орталығындағы «алаңқайдағы» адамдардан келіп түсетін ұсыныстар жарамды десек те болады. Онда тіптен келген күні-ақ көптеген варианттарды табуға болады, ал олардың жайлылық дәрежесі Сіз төлеуге әзір болып отырған бағаға байланысты болады.

 «Бүлдіргенді алаңқай» («Земляничная поляна») коттедж қалашығы

Коттедж қалашығы Шортанды көліне және "Rixos" отеліне жақын жерде орналасқан. Бурабай көліне және тарихи ескерткішке – Абылайханның қосына, хайуанаттар бағына, өлкетану мұражайына дейінгі қашықтық 25 минут құрайды. Тұрып жатқан дем алушыларға жыл бойғы негізде талай жайлылықтар ұсынылады.

Тұру ақысы (шілде-тамыз): 10 орындық коттедж – екі тәулікке 96 мың тг

Жағажайға дейін - 6-7 минут

Аумағы -  жайлы етілген, көкмайса және гүлдер өсіп тұр

3 жасқа дейінгі балалармен – ыңғайлы

Wi-fi - бар

Ауқаттану жеке ақы төлеп, 3 мәрте – 3, 5 мың тг

Фейсбук, тел.: +7 702 728 3848.

Дем алудың орташа құны – 15 мың тг/күн

Pandaland Image

Pandaland Image

Pandaland Image

Pandaland Image

Озерная көшесіндегі жазғы үйлер

Төменде көрсетіліп отырған жазғы үйлер салыстырмалы түрде жуырда ашылған, демек, салыстырмалы түрде жаңа және әлі тұрақты клиентураға ие емес. Аумақта жайдақ кереуеттер, мангалдар, көлік тұрағы бар. Үйлердің жанында велосипед жалға беріледі.

Тәулігіне тұру ақысы (шілде-тамыз) - стандарт – 4 мың/адам.

Жағажайға дейін – 5-10 мин.

Аумағы -  көкмайса және гүлдер өсіп тұр

3 жасқа дейінгі балалармен – ыңғайсыз

Wi-fi – бар

Номердегі жайлылықтар

Ауқаттану – өз бетімен әзірлеуге арналған жеке ас үй бар

тел.: +87015228163 – Салтанат

Дем алудың орташа құны – 6 мың тг/күн

Pandaland Image

Pandaland Image

Pandaland Image

Pandaland Image

Айдындағы жазғы үйлер

Студенттер үшін және мүлдем бюджеттік сапарлар үшін әрқашан ортаңқол үйлер табылып қалады. Былайша айтсақ, егер Сіз супержайлылыққа есеп құрған болсаңыз, бұл Сіз үшін баратын жер емес. Бірақ, егер Сіз ілтипатты қожайындарды, тазалықты, тыныштықты және достық жағдайды іздеген болсаңыз, онда бұл үйлер анық Сізге арналған.

Тәулігіне тұру ақысы (шілде-тамыз) - стандарт – 2 мың/адам

Жағажайға дейін - 10-15 мин.

Аумағы -  жайлы етілген, көкмайса және гүлдер өсіп тұр

3 жасқа дейінгі балалармен – жайлылық дәрежесі төмен

Wi-fi - бар

Ауқаттану – өз бетімен әзірлеуге арналған жеке ас үй бар

тел.: +87019412077

Дем алудың орташа құны – 4 мың тг/күн

Pandaland Image

Pandaland Image

Pandaland Image

Курортты аймаққа Сіз автомагистральмен және теміржолмен жете аласыз. "Бурабай курорты" станциясына дейін Астанадан, Алматыдан және кері қарай күн сайын талай поезд жүйткіп жатады. Әрқашан дерлік бос орындар бар. Поездағы Алматыдан билеттің құны шамамен 7 мың теңге тұрады, Астанадан «Оқжетпес»  электричкасымен жетуге болады, билеттің құны 1 мың теңге шамасында. Сөзімізді аяқтай келе, Сіз таңдап алған орналасу түріне тәуелсіз, Сіздің тыныштықпен және беймаралдықпен тыныстаған осы бір ғажап өлкенің табиғатына шат-шадыман болатындығыңызды айта кеткіміз келеді.

Мәтінін жазған: Айгерім Оразбаева


Menu
×