03.12.2021 06:21

Отбасына арналған 3 ерекше таңғы ас әзірлеу рецепттері

Демалыс күндері отбасы мүшелерін ерекше тағаммен таңқалдырғыңыз келсе, мархаббат!

Әр ана немесе жас келіншек жұмыстан бос күндері, отбасын ерекше тағам әзірлеумен еркелетуге тырысады. 

Pandaland редакциясы ханымдардың қалауын елеусіз қалдырмай, пайдалы ақпарат ұсынуда.

Ас үйіңізде тостер бар болса, біраз жұмыстан айырылдым деп ойлаңыз: сұйық маймен кірленген ыдыс аяқты жуу қажеттігі туындамайды.   

Тост әзірлеудің заманауи әдістері

ЖАҢҒАҚ МАЙЫ ЖӘНЕ БАНАН ҚОСЫЛҒАН ТОСТТАР 

Құрамы: 

Әзірлеу нұсқасы: Алдымен нанды тостерде қытырлаған деңгейіне дейін жеткізіп құрғатыңыз. Сол уақыт ішінде, бананды тілімдеп кесіңіз. Дайын нанның үстіне жержаңғақ (арахис) майын жағып, үстіне банан тілімдерін жайыңыз. Қалауыңызша көкнәр, даршын (корица) немесе кунжут дәндерін себіңіз. 

ГОЛЛАНДИЯЛЫҚ СЭНДВИЧ 

Құрамы: 

 Бидай нанының сегіз тілімі 

Әзірлеу нұсқасы: Нанды тостер арқылы құрғаныңыз. Үстіне сары май жағып, нанның әр 4 тіліміне ет, ананас және ірімшік тілімдерін салыңыз. Қалған 4 тілім нанды бетіне жауып, алдын ала қыздырылған пеште ірімшік ерігенше ұстаңыз.

Бұл үшін микротолқынды пешті де пайдалануға болады.

 ОМЛЕТ ҚОСЫЛҒАН ТОСТТАР 

Құрамы:

Әзірлеу нұсқасы: Тостер арқылы нан тілімдерін аздап кұрғатыңыз. Жұмыртқа сарысын сумен араластырып шайқаңыз, оған жасыл пиязды қосыңыз. Бұл қосындыны үздіксіз араластырып, қоюланғанша майға қуырыңыз. Отбасы мүшелеріне ұсынар алдында, қуырылған жұмыртқаны тост үстіне жайып, шөппен безендірсеңіз болады.

Астарыңыз дәмді болғай!

  

 

Поделиться