ШҚО-да кезекші сыныптың оқушысында коронавирус анықталды

ШҚО-да кезекші сыныптың оқушысында коронавирус анықталды

24.09.2020, 00:00
ШҚО-да кезекші сыныптың оқушысында коронавирус анықталды

ШҚО-да кезекші сыныптың оқушысында коронавирус анықталды

24.09.2020, 00:00

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдық мектептердің бірінде коронавирус жұқтырған оқушы тіркелді. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады.

Хабарлама бойынша, инфекцияны 2-сынып оқушысы жұқтырған

14 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгино ауылында кезекші класта оқитын оқушы алғаш рет коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Баланың анасы – мұғалім. Бірінші күні температурасы 37 градус болған, инфекцияның барлық белгісі байқалған. ПТР анализі оң нәтиже берді, – деді Бағдат Қожахметов.

Қожахметовтің айтуынша, науқастың жағдайы қанағаттанарлық, қазір бала үйіңде емделіп жатыр.

Ол оқитын сыныпта небары 12 бала бар. Олардың барлығы, оның ішінде мұғалімдер мен байланыс жасаған адамдар да инфекцияның жұқтырған-жұқтырмағаны тексеріледі, – деді ол.

Орыс тілінде мақала

Фото: unsplash.com

Menu