Жыл сайынғы Тамыз кеңесі аясында инновациялық білім беру ресурстарының таныстырылымы өтті, олардың көмегімен «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы Республика оқушыларына салауатты өмір салтының негіздерін үйретеді. Инновациялық құралдарды Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының және «Нестле» компаниясының сарапшылары әзірледі.
Республикалық тамыз кеңесі көрмесінің аумағында жабдықталған арнайы демонстрациялық алаң ондаған педагогтарға бағдарламаның заманауи құралдары туралы біліп қана қоймай, сонымен қатар оларды жұмыста бағалауға көмектесті: интерактивті таныстырылымдарды «қарап шығу», интерактивті тест тапсырмаларын орындау, ойын-сауық бейнелерін көру. Дәл сол жерде QR-кодтың көмегімен қатысушылар «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасына тіркеліп, цифрлық материалдардың толық жиынтығын ала алды.
Тамыз кеңесіндегі «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының интерактивті материалдарының таныстырылымы оларды оқу жылының басынан бастап Республика мектептерінде ауқымды түрде іске қосуды көздейді. Енді салауатты өмір салты негіздерін оқытудың заманауи тиімді ресурстары еліміздің барлық мектептері үшін қолжетімді болады.
«Салауатты тамақтану мектебінің» инновациялық ресурстарын ауқымды түрде енгізу бағдарлама өзінің 10 жылдығын атап өтетін жылы өтіп жатыр. Осылайша, жоба заманауи мектептің дамуындағы жаңа тенденцияларды ұстануға дайын екендігін және жаңаруға бейілділігін көрсетеді. Бағдарламаны жасаушылар мен ұйымдастырушылар тек осындай тәсіл жобаға өзінің маңызды әлеуметтік миссиясын – Қазақстанның дені сау ұрпағын тәрбиелеуге мүмкіндік беретініне сенімді.
«Жаңа оқу жылының қарсаңында Республикалық тамыз кеңесі аясында бізде жас қазақстандықтардың дұрыс тамақтану және табиғатқа ұқыпты қарау әдеттерін қалыптастыруға бағытталған оқыту материалдарының жаңа форматын Республиканың түкпір-түкпірінен келген мұғалімдерге таныстыруға тамаша мүмкіндік болды, – деп Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Татьяна Ежова айтып берді».
«Инновациялық цифрлық құралдарды әзірлеу және енгізу, бір жағынан, біздің жобамыздың заманауилығын, оның инновация идеяларына бейілділігін және үнемі өзгеруге дайын екендігін айғақтайды. Екінші жағынан, біздің білім беру ресурстарымыздың маңызды миссиясы – жас ұрпақтың білімі мен өз халқының дәстүрлі мәдениетіне, оның аспаздық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына деген қызығушылығын арттыру. Біздің бағдарлама қазақстандық оқушыларда денсаулық мәдениетін тәрбиелеуге ғана емес, сонымен қатар өз елінің тарихы мен мәдениеті туралы білімді қалыптастыруға өз үлесін қосуға көмектесетініне сенімдіміз, – айтты Александра Макеева, Нестле Ресей және Еуразия білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы»
«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы туралы
«Салауатты тамақтану мектебі» қазақстандық бағдарламасы «Нестле. Дені сау балалар» жаһандық бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Бастаманың мақсаты – 2030 жылға қарай дүние жүзіндегі 50 миллион балаға салауатты өмір салтын ұстануға көмектесу. «Салауатты тамақтану мектебі» 2013 жылдан бастап Астана және Алматы мектептерінде жұмыс істейді. Бағдарлама 6-8 жастағы балаларға бағдарланған және мұғалімдер өткізетін сабақтар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығымен және Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп әзірленген. Қазақстанда іске асыру барысында «Салауатты тамақтану мектебімен» барлығы 200 000-ға жуық бала танысты.