Жаңа жылдың қызығы мен қуанышын ұзағырақ сақтап, тың дүниелерді көргіміз келетіні рас. Біз өзіміз тұратын аумақтың қысы мен қарын да, ойындарын да әбден тамашаладық. Ал биылғы қысқы демалысты бұрындары танып білмеген кереметтермен толықтырып, жаңа достармен Бурабай баурайының қысқы ойындарын бірге ойнай аламыз. Сондай-ақ біздің жерімізге келіп орналасқан шағын Лапландия қызықтарын көруге де таптырмас мүмкіндік.
Демалыстың мақсаты:
Балалардың демалысын дұрыс ұйымдастырып, салауатты өмірге тәрбиелеу.
Арқаның шыңылтыр аязы мен ақ мамық қарында түрлі қысқы спорттық ойындары арқылы шынықтыра отырып, жаңа достармен қарым-қатынастарын нығайту.
Бурабай баурайының жазғы көрінісінен өзгеше қысқы ауа-райымен танысып, қызықты саяхаттар жасау
Қатысушылар:
Бұл демалысқа 07.01.15-10.01.15 жылы аралығында Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі әр бала келе алады.
Демалыс күндерінің ұйымдастырылу реті:
«Балдәурен» РОСО ның жаңа жылдық шыршасы.
Бурабай аймағына саяхат
Шаңғы тебу.
Мұз айдыны.
Сырғанақтың қызықтары
«Балдәурен» РОСО дағы түрлі қызықтар : мәдени шаралар,би кеші, кешкі ойындар т.б
«Қазақстандағы Лапландия» ертегі қалашығына саяхат / ақысы жеке төленеді.
Тапсырыс беру шарттары:
- туу туралы куәліктің көшірмесі
- Медициналық мекемеден арнайы құжат (Эпидокружение)
- ақы төленгендігі туралы анықтама.
Қаржы шарттары:
Қатысушылардың барлық шығындарын келуші жақ төлейді.
Қысқы демалысқа келушілер және жетекшілік етіп келген ұстаздар мен ата-аналар «Балдәурен» РОСОда тұрады.
Жатын орын мен тамақтанудың қаржылық кестесі төменде көрсетілген.
Байқау барысында қатысушы және жетекшілік етіп келген ұстаздар «Балдәурен» РОСОда тұрады. Құрамында 20 оқушыдан кем емес топ жетекшілері үшін, «Балдәурен» РОСОда тұру— тегін.
«Балдаурен» РОСО да тұру мен тамақтанудың кестесі:

Тіркеу:
- Байқауға қатысатын талапкерлердің өтініштері atadanmura@mail.ru электрондық адресінде қабылданады.
«Атадан-мұра» қоғамдық қоры:
БИН090540009909
ИИК KZ488560000005064275
АҚ«Банк Центр кредит»
БИК KCJBKZKX
Халық банк 4402 5735 8949 1440 – картаның номері
Сокитбаева Макпал Аманжоловна – Қор Президенті
Байланыс телефондары : 8 701 630 70 26, 8 (727) 327 46 42