Здоровье ребенка

Седация (Тыныштандыру) – кіші жастағы тынымсыз үрейлі балалардың тісін емдеу тәсілі

Бұл қандай тәсіл? Зиянды ма? Бізде қолданыла ма?
Седация (Тыныштандыру) – кіші жастағы тынымсыз үрейлі балалардың тісін емдеу тәсілі
Бұл қандай тәсіл? Зиянды ма? Бізде қолданыла ма?
Седация (Тыныштандыру) – кіші жастағы тынымсыз үрейлі балалардың тісін емдеу тәсілі
Бұл қандай тәсіл? Зиянды ма? Бізде қолданыла ма?
14.06.2019, 03:52
Изменено: 16.04.2024, 23:39

Балалардың тісі– қай кезде де күрделі мәселе болатын: тіс шыға бастаған кезде, оны тазалауды үйренетін кезде, әсіресе тісті емдеу қажет болған кезде. Тісжегі пайда болған сәтте бала саналы түрде әрекет ететін болса, әрине жақсы: оны көндіруге, сендіруге,ең болмаса алдап-сулауға болады – мәселен, тіс дәрігеріне барғаннан кейін баланың сүйікті ойыншығын сатып алуға уәде беруге болады, әйтсе де дәрігерлер олай жасауға кеңес бермейді, себебі осылайша сіз сәбидің санасында тіс дәрігеріне бару – қауіпті немесе жауапты іс деген ойды қалыптастырасыз.Олардың бойында артық үрейлілікті тудырасыз.

Ал егер бала әлі тым кішкентай болса ше? Бұл жағдайда екі әдіс қолданылады: біріншісі күштеу– баланы жылатып, ата-анасы мен медициналық қызметкерлерге ұстатып қою арқылы және екіншісі - дәрі-дәрмектің көмегімен. Бұған дейін балаларға наркоз беру ұсынылып келген, бірақ ата-аналар бұл тәсілге ең төтенше жағдайларда жүгінген (негізінен бұл шара басқа тәсілмен тісін емдеу мүмкін болмайтын ерекше балаларға қолданылған). Бүгінде стоматологиялық тәжірибеде жаңа опция пайда болды – бұл седация (мұндай әдіс Қазақстан мен өзге ТМД елдері үшін жаңа болып табылады, ал Батыста ол бұрыннан бері табысты қолданылып келеді).

Кішкентай балалардың тісін емдеудің маңызы неліктен зор

Тіс дәрігеріне қаралуды кейінге қалдыруға болмайтын негізгі себептер бар: тісжегіден зақымдалған тіс жұқпа ошағы болып табылады–бұл тұрақты негізде қабынуға әкеліп, кейде жіті кезеңге өтуі ықтимал –нәтижесінде лимфодениттің өрбуі әбден мүмкін. Бұған қоса сүт тістер азу тістердің өсуіне әсер етеді. Егер емделмеген тісжегінің нәтижесінде сәби тісінен айрылатын болса, бұл оның тістеуіне де әсер етуі мүмкін. Барлық дәрігерлер бір ауыздан тісті емдеудің маңызы зор екенін айтуда. Ал сәби әлі тым кішкентай немесе өте тынымсыз болса – дәрігер креслосында ұзақ уақыт отыра алмаса, оны қалай емдеуге болады? Седацияға жүгіне ме?

Седация (Тыныштандыру) – кіші жастағы тынымсыз үрейлі балалардың тісін емдеу тәсілі

Седация деген не?

Бұл анестезиологиялық емшара, оның көмегімен адам біраз босаңсып, ұйқылы-ояу күйге түседі, бірақ дәрігердің өтініштерін орындай алатындай есті күйде болады. Седацияны өткізу барысында емделушіге мүмкіндігінше жұмсақ әсер ететін бір (сирек жағдайларда екі) препарат, көбінесе азот тотығы қолданылады.

Седация іс жүзінде қалай өтеді?

(қажет болса – тіпті ересек адамға) азот тотығын жеткізіп тұратын мұрын маскасы кигізіледі. Бала лезде босаңсып, дәрігердің әрекетіне ешқандай кедергі келтірмейді. Кейде емшара ата-анасының қатысуымен, көбіне ата-ананың қатысуынсыз өткізіледі (олар дәрігер қабылдауының аяқталуын сыртта күтеді). Емшараға тіс дәрігерімен қатар, берілетін препараттың мөлшерін реттейтін анестезиолог та қатысады. Тіс емделіп болып, маска шешілген кезде, газдың әсері 2 минуттан кейін-ақ тоқтайды, ал 5 минуттан кейін газ толығымен ағзадан шығарылады – бала үйреншікті қалпына оралады. Азот тотығы мүлдем залалсыз– ол тіпті ауа құрамында да бар (бірақ азырақ концентрацияда). Дегенмен седация балаларға тек бірқатар талдаулар (қан мен несептің жалпы талдаулары) мен педиатр кеңесінен кейін тағайындалады. Көптеген емханаларда талдаулар сол жерде өткізіледі.

Седацияның артықшылықтары мен кемшіліктері

Седацияның артықшылықтары басым: ата-аналар балаларының ауыратын барлық тістерін бір келгенде толығымен емдей алады – дәрігерге қайта келіп жатпайды. Сонымен қатар бұл емшара жағымсыз әсерді барынша азайтады – бала болашақта тіс дәрігеріне барудан қорықпайтын болады.

Седацияның кемшілігі – оның бағасында. Әртүрлі емханаларда седативтік заттың әсерімен стоматологиялық креслода өткізген әрбір сағат 30000-50000 теңге аралығында бағаланады. Көбіне барлық тісті емдеу үшін бір жарым сағаттай уақыт қажет. Бір тісті былай емдеу қолайсыз деп есептеледі.

Кез келген анестезиологиялық емшарадағыдай, седацияның да бірқатар қарсы көрсетімдері бар. Седацияны (азот тотығымен) аллергиктерге жасауға кеңес берілмейді – жағымсыз реакция болуы мүмкін және жүйке-бұлшықет аурулары жағдайында, суық тигенде, жасы тым кішкентай балаларға жасамаған жөн. Бұл мәселені педиатр дәрігердің қабылдауында жан-жақты талқылауға болады.

Седацияның басқа да түрлері болады– дәрі-дәрмектер ауыз арқылы немесе тамыр ішіне енгізілгендіктен, әсері әлдеқайда күштірек болады, бірақ мұндай әдістер бала тісін емдеуде қолданылмайды.

Фото: depositphotos.com

Menu
×