Уход и Развлечения

Жаңа туылған сәбиге қатысты қазақи дәстүрлер

Қазақ халқы мерекеге бай, қонақжай әрі думан сүйгіш. Баланың туылған сәтінен бастап әрбір отбасы ән айтып, бойындағы қуанышымен бөлісуге асығатын. Бірінші киген көйлегі, алғашқы басқан қадамы, шырайлы жүзімен бесікте ұйқыға кеткен сәті сияқты с
Жаңа туылған сәбиге қатысты қазақи дәстүрлер
Қазақ халқы мерекеге бай, қонақжай әрі думан сүйгіш. Баланың туылған сәтінен бастап әрбір отбасы ән айтып, бойындағы қуанышымен бөлісуге асығатын. Бірінші киген көйлегі, алғашқы басқан қадамы, шырайлы жүзімен бесікте ұйқыға кеткен сәті сияқты с
Жаңа туылған сәбиге қатысты қазақи дәстүрлер
Қазақ халқы мерекеге бай, қонақжай әрі думан сүйгіш. Баланың туылған сәтінен бастап әрбір отбасы ән айтып, бойындағы қуанышымен бөлісуге асығатын. Бірінші киген көйлегі, алғашқы басқан қадамы, шырайлы жүзімен бесікте ұйқыға кеткен сәті сияқты с
22.01.2016, 06:06
Изменено: 18.04.2024, 17:58

Қазақ халқы мерекеге бай, қонақжай әрі думан сүйгіш. Баланың туылған сәтінен бастап әрбір отбасы ән айтып, бойындағы қуанышымен бөлісуге асығатын. Бірінші киген көйлегі, алғашқы басқан қадамы, шырайлы жүзімен бесікте ұйқыға кеткен сәті сияқты сәттер, сәбидің өміріндегі ең маңызды оқиға деп санауға болады. Жылы және тамаша кезеңді есте сақтап қалу үшін, қазіргі көпшілікке жат, мүмкін қызықсыз думан құра білген. Сондықтан болар, баланың ержету барысындағы алуан түрлі дәстүрлерді ұйымдастыру салтқа айналған.

Жаңа туылған балаға қатысты дәстүрлердің барлығында өзіндік ерекшелік пен мән бар. Егер бұрын соңды қазақ қалқының дәстүрлері туралы естімеген болсаңыз, қателікті түзеуге әлі уақыт бар.

1. Шілдехана — Праздник в честь рождения ребенка
Өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын және сәби үшін алғашқы тойдың бірі. Қуанышты хабарды барлығына жеткізген соң, бала туылған үйде отбасының жақындары мен туыстары жиналған. Шілдеханаға келген қонақтар  “бауы берік болсын” деп тілек айтып, шашу шашады. Жасы үлкен қариялар батасын беріп, тілек айтатын болған.   

Pandaland Image


2.  Есім кою, ат қою — обряд имянаречения
Нәресте өмірге келгенде оған берілетін есімді қою дәстүрі. Туыстарының ең сыйлысы баланың құлағына қойылған атты үш рет айтқан.Өмірге шыр етіп сәби дүниеге келгенінде ата-анасы оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Қазақ халқы әрқашан ат қоюда өзінің даналығымен ерекшеленген. Терең ойланып, толғанып, жасы үлкендермен ақылдасып қойған аттың бала өмірінде айрықша орын алатынын түсіне білген.  Қазақтың салты бойынша, нәресте туған кезде ата-анасы құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. Олар айтқан есімді ата-анасының азан шақыртып, сәбиіне қоюы – бұлжытпай орындалатын міндет.

Pandaland Image


3. Ит-көйлек — первая рубашка ребенка
Cәбидің алғашқы жейдесін «ит-көйлек» деп атайды. Олар түсті матадан тігіледі, туника іспеттес. Балаға алғаш рет кигізгенде, ит-көйлекті күшіктің немесе иттің басынан аластырып «Ит опа, ит жақсы» деген сөздерді айтатын. Егер жанұяда бала көп шетінейтін болса, алғашқы киімді жеті түрлі үйден алынған жеті мата қиықтарынан тігетін (жеті жерден жеті құрақ). Қызықты наным-сенімдердің бірі: егер сотқа бара жатып, бүйіріңде ит-көйлектен жеті жейде болса, міндетті түрде жеңіспен ораласың.


4.  Үзеңгіден өткізу — проведение под стременем
Жаңа туылған сәбиді қырқынан шығарған соң, атақты адамның атының үзеңгісінен өткізіп алады. Ол батыр, ақын, шешен немесе би болуы да мүмкін. Үрдістің ережесі: атқа мініп тұрған сыйлы адам оң аяғын үзеңгіден шығарады. Кейіннен құндақталған баланы он жағынан алып келіп үзеңгінің таралғысынан өткізген. Ат иесінен құттықтау батамен салтты аяқтайды.


5. Шаш алу — праздник в честь первой стрижки ребенка
 Баланың шашын алғаш қиюға зор мағына беру әдет. Осы үрдістің құрметіне туыстарды шақырып, тойлау дәстүрі бар. Біріншіден, үйге ауылдың барлық ер азаматтарын шақырады. Ең үлкені шаштың бір тұтамын кесіп алып, осы әрекет барысында: «Жасың ұзақ болсын!» деген ізгі тілегін айтатын. Екіншіден, жас баланы өзгелерге тапсырады. Әрбір қонақ шашының бір тұтамынан кесіп алып, балаға тәттілер немесе ақша беретін болған.

Pandaland Image


6. Бәсіре — обычай дарить малышу новорожденного жеребенка или верблюжонка
 Дүниеге ұл бала келгенде, сол күні туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атау салт бар. Қазақ халқының ұғымы бойынша, дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Сондықтан оған ешкім мінбейді, сатпайды. Бәсіре мүмкіндігінше жүйрік, жорға болуы керек. Баламен бірге бәсіренің қамын ойлап, күтіп, оны бұла қып өсіреді. Есейе келе бәсіресі бар баланың да малға деген ықыласы, пейілі түзу болады деп саналған.

Pandaland Image


7. Ашамайға мінгізу — обряд сажания в седло
 Ертеден қазақтар жас баланы салт атқа мінгізіп үйреткен. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты аттың үстіне отыра білу басты шарттардың бірі болған. Бала ес біліп, жан жағын танып, ат үстіне өзі отыра алатындай жағдайға жеткенде, сана сезімін жетілдіру ержетті деп 4-5 жасқа келгенде аттың үстіне отырғызған. Ерге алғаш отырғызу салтын «ашамайға мінгізу» деп атаған. Ашамай немесе ашамай-ер — бұл балаға арнап дайындаған арнайы ердің түрі және ағаштан жасалады. Ашамайдың үстіндегі аткөрпе де балаға лайықталып тігілген. Ауылға ең сыйлы ақсақал баланы атқа отырғызады. Ерге мінген болашақ жігітке тамаша шабандоз болсын, ұзақ өмір сүрсін деген жақсы тілектерін айтып, бата береді.

Menu
×