Алматыда балалармен қайда серуендеуге болады. Саябақтарды + шомылу орындарын шолу

Алматыда балалармен қайда серуендеуге болады. Саябақтарды + шомылу орындарын шолу


Осы мәселеге өте ұйымдасқан түрде келіп, қалада серуендеудің бағыттарын алдын ала жасап алмасаңыз, қалада бөбектің қоларбасымен және оған қажетті керек-жарақтың үйіндісімен қозғалып жүретін кезде, бүлдіршінмен серуендеу оңай бола бермейді. Егер Сіз өзіңіздің балақаныңызбен ұзақ қашықтықтарға «саяхат жасауды» жоспарлап отырған болсаңыз, онда өзіңізбен бірге ойыншықтар, кітапшалар (егер табиғат аясында отырғыңыз келсе), қандай да болсын тағам мен сусындар ала шыққаныңыз артық болмайды.

Ал енді ең бастысы -  Алматыда кішкентай балаңызбен қайда баруға болады? Бұл шағында бала жалғыз бір нәрсені тек қысқа уақыт қана зейін қоя бақылай алады. Сондықтан, серуендерге, дем алуға және табиғат аясында дастархан жасап отыруға арналған саябақтардың және өзге де орындардың варианттарын қарастырып, таңдайық. Өзімізге таныс орындарды тізіп шығайық және дәл осы кішкентай балалар үшін бағалар, жүріс-тұрыс ережелері мен дем алу, сауық құру жағдайлары бойынша шағын шолуымызды жасайық. Бүгін біз Алматының барлық белгілі жасыл саябақтары мен тынымбақтарын қарастырып шығатын боламыз, олардың кішкентай балалармен серуен құру үшін қаншалықты жарамды екендігін қарастырып, осының анық қанығына жетеміз. Су процедураларына да көңіл бөлеміз – бәлкім, серуеннің орнына дәл осы балалар бассейндерінде суға шомылуды артық көретін боларсыз.

Осындай ыстық, қапырық күндер кезіндегі ең қызықтысынан – суға шомылудан бастайық. Әрине, баламен жағажайға үлкен жанұя немесе достар тобымен барған жақсырақ болады. Өзімізге белгілі болып отырғанындай, қаланың аумағында бассейндерден өзге, қала басшылығы жасаған және қызмет көрсететін жағажайлар мен су тоғандарында суға шомылуға және күнге қыздырынуға болады. Алматының белгілі бассейндері бойынша шолуымызды біз ертеректе жасап кеткен болатынбыз.

Отбасымен күнге қыздырыну және суға шомылу

Үлкен Алматы арнасы

Қала шеңберінде ҮАА 19,2 км-ге созылып жатыр. Міне, ҮАА-да су болмағанына  5 жыл болып та қойыпты. Әрі, әйтеуір, қала билігіндегілерден тамаша хабар келіп жетті – аумақты жайлы ету мен бетон ернеулерді, көпір тіректерін және арнаның түбін қайта құрастыру аяқталды. Әрі, ең бастысы – ҮАА енді толығымен су жіберілетін болады. ҮАА су тікелей Бартоғай су қоймасынан келеді, сондықтан су шомылу үшін мүлдем қауіпсіз болады деп есептеуіміздің орайы келіп отыр.

Су нысандарын және жер қойнауын пайдалануды басқару өкілдері жуырдағы күндері  үш «Пархач», «Гүлдер» және «Бауман тоғайы» жағажай аймағы ашылатындығын хабарлады. Ашылу СЭС суға шомылу мүмкіндігі туралы өз қорытындысын бергеннен кейін болады. Әр жағдайларды ескере отырып, қалалықтардың қала шегінде суға шомылуына және күнге қыздырынуына арналған жағажайларды қалпына келтіруге және ашуға 400 млн.теңге жұмсалды. Сондықтан, мен алматылықтар демалыс орындарын жайлы ету жұмыстарының сапасын бағалағысы келетін болады деп ойлаймын.

Айтпақшы, су нысандары басқармасының өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарына жағажайлардың аумақтарының тәулік бойы күзетте болатындығын хабарлады, сондықтан, бұлар ашылғаннан кейін осы нүктелерді өз балаларымен серуен құру үшін ауламен шектеліп қалмайтын, балалары бар аналарға ұсынуға әбден болады. Әрине, мүлдем кішкентай балалардың шомылуы үшін ҮАА ұсыныла алмайды. Бірақ, жағажайға үлкен топпен баруға тыңғылықты дайындалған болсаңыз, өзіңізбен бірге ауа үрленетін балалар бассейнін ала шығуға болады. Айтпақшы, кейбір сайттар, мәтінді өткен жылдары жасалған фотосуреттермен көркемдеп, оқырмандарға жағажайлардың ашылып та қойғанын хабарлап та қойды, бұл көптеген оқырмандардың ашуын тудырды. Өткен ғасыр, онда шомылуға болмайды! Онда кір матрастарды жуады және сиырлардың кірін кетіреді! деген секілді сөздер естіліп жатыр. Шын мәнінде істің қалай болып жатқандығы таяу күндері белгілі болады. Бірақ, биліктің қалалықтарға арналған бюджеттік демалыс туралы қам жегендігі мақтау айтуға лайық. Жағажайлардың қалай жабдықталғандығын және ол жерде тәртіп орнатылғандығын-орнатылмағандығын көре жатармыз.

5 жасқа дейінгі балалар үшін жайлылық: белгісіз

Қанша жұмсау керек: анық емес

Тамақ: өзімен бірге

Не істеу керек: шомылу, күнге қыздырыну, табиғат аясында дастархан жасау

Қалай жетуге болады:

«Пархач» жағажайы Рысқұлов даңғылы мен Волочаевская көшесі қиылысқан ауданда орналасқан.

Pandaland Image


«Баум тоғайы» жағажайы – Сүйінбай және Сейфуллин даңғылдарының арасында.

Pandaland Image


Үшінші жағажай - "Гүлдер" – Жансүгіров және Омаров көшелерінің арасында орналасқан.

Pandaland Image


Серуен құруға арналған орындар және атракциондар

Горький саябағы

Сөз жоқ, Горький саябағы Алматының бөбектерді қоса отырып, барлық жастағы балалармен серуен құруға арналған ең танымал орны болып қалуда. Мұнда аттракциондарда сауық құруға болады, ал адамдардың көп келуі демалыс күні шоу-мэндерінен әртүрлі – велорикшада серуен құрудан бастап осында әлде секіру, әлде өрмелеу, әлде бір жаққа ату, әлде жер бауырлап өту керек болатын өзіндік  құмарлық жаттығуларына дейін ұсыныстардың болатындығына кепілдік береді. Әрине, қатысушылардың мүмкіндіктері алдын ала аз, бірақ бәрібір көңілді, әрі сондықтан ниет етушілер әрқашан табылады. Бірақ, кішкентай балалармен дем алу варианттарына оралайық. Бөбектермен, әрине, жай ғана серуен құруға болады, серуен жасаған екі сағаттың ішінде бала бірнеше рет тамақ жеп және ұйықтап үлгереді, жүріп келе жатқанда қайықпен серуеннің әсем жерлерін көре, көпірден бақылай отырып, саябақтың өзінің әсем жерлерінен және келушілердің толассыз белсенділігінен ләззат ала алады. Бірақ балаңыз өзі сырғанауға, серуендеуге, тебуге дайын болса, ата-аналар, шығындар жасауға дайындалыңыз.

Pandaland Image


Біріншіден, Горький саябағына кіру тегін. Бірақ, бірнеше гектар жерді алып жатқан аумақта баламен серуен құру тез арада шаршатып тастауы мүмкін, сондықтан, бұл жерде саябақтың аумағында қозғалуға арналған велорикшалар мен екі орындық шағын машинкалар өте орынды болып отыр. Онымен бірге, бірнеше қызылды-жасылды балалар поезы жүріп жатады. Оларда саябақ бойынша қозғалу құны - 500 теңгеден бастап және одан жоғары.

Pandaland Image


Ересектердің қоса еріп жүруімен және еріп жүруінсіз, 5 жасқа дейінгі балаларға арналған атракциондар – онға жуық («Балалар қалашығы»). Құны –150 бастап 350 теңгеге дейін. 7 жасқа дейінгі балаңыз барлық осы қоңыраушаларда, пираттарда, ұшақтарда, секіргіштерде сауық құрып, сайран салуы үшін шамамен 4000 теңге дайындап қоюыңыз керек. Саябақтың орталық бөлігінде негізінен алғанда ересектермен бірге «сырғанап, сайран салуға» арналған тағы да 10 жуық атракцион бар. Бір жастан 7 жасқа дейінгі балаңызбен сауық құру үшін тағы да шамамен 2500 теңге жұмсау қажет болады.

Саябақта бірнеше кафе және бір мейрамхана бар. Орташа чектің құны кафеде - 2000 тг, мейрамханада - 3500 тг.

5 жасқа дейінгі балалар үшін жайлылық: бар

Қанша жұмсау керек:  2000 теңгеден бастап

Тамақ: бірнеше кафе және бір мейрамхана

Не істеу керек: атракциондарда сейіл құру, табиғат аясында дастархан жасау

Қалай жетуге болады:

Pandaland Image

Зоосаябақ

Pandaland Image


Дәл сонда орналасқан. Саябақтан шықпай-ақ, бөьегіңізбен әртүрлі хайуандарды көріп шығуыңызға болады. зоосаябақтың орналасуы өте ыңғайлы – бұдан балақаныңыз шаршап қалуы мүмкін болса, хайуандардың бүкіл тізімін қарамай, тек бірнешеуін ғана қызықтап, атракциондарға қайтып оралуға болады. Бірақ та, әрине, өз серуеніңізді қалайша ойластырғаныңызға қарай, Сіздің балақаныңыз үшін ол есте қалатын және жарқын болып шығады. Зоосаябаққа кіру құны - 1. 5 жасқа дейінгі балаларға - тегін. 2.5 жастан 12 жасқа дейінгі балар үшін - 200 теңге. 3. Ересектер үшін - 700 теңге.

5 жасқа дейінгі балалар үшін жайлылық: бар

Қанша жұмсау керек:  2000 теңгеден бастап

Тамақ: өзімен бірге/кафе бар, жүгері, балмұздақ, тәттілер сатылады.

Не істеу керек: хайуандарға қарау және оларды қызықтап, зерделеу, атракциондарда сейіл құру

Телефон: 291-37-19.

Қалай жетуге болады:

Pandaland Image

Горький саябағындағы аквасаябақ

Аквасаябақтың жұмыс істейтін уақыты: дүйсенбіде 12:00 сағ. бастап 22:00 сағ. дейін, барлық қалған күндері 11:00 сағ. бастап 22:00 сағ. дейін.

1 жасқа дейінгі балаларды тегін өткізеді. Бір жастан бастап бір жарым метр бойға дейін – балалар билеті бойынша. Барлық жерде секілді, мұнда кішкентай баланы өз өзімен қалдыра алмайсыз. Бірақ үлкен балалар бассейні қарастырылған, мұнда мүлдем кішкентай балалар да, жасөспірімдер де суға шомылады. Алматыдағы танымал бассейндер туралы толығырақ мына жерден оқуға болады. Бірақ, саябақтың сайтынан мынандай қызықты ақпаратты оқыдым – шыны ыдыстағы тамақ өнімдерін және сусындарды алып өтуге тыйым салынады. Яғни, пластик контейнерде болады, ал бұл дегеніміз, Сіздің балаңызды бассейнде шомылулар арасында өзіңізбен алып келген тамақпен тамақтандыра алатындығыңызды білдіреді, бұл, келісерсіз - ыңғайлы.

5 жасқа дейінгі балалар үшін жайлылық: бар

  • Қанша жұмсау керек: бағалар мен жеңілдіктер туралы осында толық жазылған

Тамақ: өзімен бірге/кафе бар, жүгері, балмұздақ, тәттілер сатылады

Не істеу керек: шомылу, күнге қыздырыну

Pandaland Image

Family саябағы

Pandaland Image

Family Park – 5 жасқа дейінгі баламен серуен құруға жарайды. Саябақтың 32 атракционының ішінен жартысына жуығы кішкентай балалардың сырғанауына, сайран салуына және ойнауына арналған. Құны –200 теңгеден бастап және одан жоғары. Осылайша, балаңыздың айналмалы үстелде, әткеншектерде және поезда сайран салуы мен оның балалар қалашығында ойнағаны 2000 – 3000 теңгеге түседі.

Саябақтың аумағында аквасаябақ бар. Family Parkаквасаябағы Горький атындағы саябақтың аквасаябағына қарағанда анағұрлым кішірек. Бірақ, бағалары да арзанырақ. Аквасаябақтың аумағында үш бассейн орналасқан. Ересектер бассейнінің тереңдігі 1,7 м құрайды, балалар бассейнінің тереңдігі — 0,4 м. Family Park аквасаябағының аумағына тамақ пен сусын алып өтуге қатаң тыйым салынған.

Family Park аквасаябағының байланыс ақпараты:

Мекен-жайы: Алматы қ., 4 шағын аудан (Абай даңғылы бойынша Алтынсарин және Саин көшелерінің арасында)

Телефон: +7 (727) 276-03-48, 276-59-75, 276-30-38, 276-66-36

Жұмыс тәртібі: 11:00-23:00

Family Park аквасаябағындағы билеттің құны:

ересектер — 3500 тг.

балалар — 2500 тг.

 Фэмили cаябағына билеттерді жеңілдікпен осында сатып алуға болады.

5 жасқа дейінгі балалар үшін жайлылық: бар

Қанша жұмсау керек: 6000 тг бастап

Не істеу керек: атракциондарда сейіл құру, шомылу және күнге қыздырыну

Тамақ: кафе бар, жүгері, балмұздақ, тәттілер сатылады.

Қалай жетуге болады: Домостроительная (қазірде Ұлықбек) көшесінен, боулингтің жанындағы тұраққа кіру керек.

Pandaland Image


Серуендеу, тыныс алу, жүгіріп алу...

Ескі алаңдағы саябақ

Егер балаңыздың іс жүзінде «ана сүтімен» өз тарихын қабылдағанын қаласаңыз, онда, осы тамаша тынымбақтың аллеяларымен серуен құра отырып, балақанға тамақ беру барысында көше сияқты, тынымбақтың да қазақ-жоңғар соғысының қаһарманы Бөгенбай батырдың (1690–1775) құрметіне аталғандығын, ал Бөгенбай батыр мен Қонаев көшелерінің бұрышында ұлы қазақ және кеңес партия қайраткері Д. А. Конаевқа (1912-1993) ескерткіш-бюст бар екендігін екі рет айта кеткен жөн болады.

Pandaland Image


Айтпақшы, халық арасында бұл тынымбақты қалай деп айтпайды десеңізші – Бөгенбай батыр көшесіндегі тынымбақ деп те, Орталық тынымбақ деп те атайды, бірақ оның ресми атауы бар. Бұл Әлия мен Мәншүк атындағы тынымбақ. 90-шы жылдардың соңында тынымбақта Төле би көшесі жағынан Ленин ескерткішінің орнына Ұлы Отан соғысының майдандарында қаза тапқан екі әйелге, Кеңестер Одағының батырларына – пулеметші Мәншүк Мәметоваға (1922-1943) және мерген Әлия Молдағұловаға (1925-1944) ескерткіш қойылды.

Өкінішке орай, мұнда ертеректе қалалықтар бұларға жем бергенді жақсы көретін тірі аққулар бұрынғыдай жоқ, бірақ би билейтін фонтандар пайда болған, сондықтан балақаныңыз қызыға қарайтын нәрсе бар деген сөз.

Pandaland Image

Бұл тынымбақтың өзінде сан көптеген қызықты тарихты сақтап отырғандығы сөзсіз. Ескі Алматы кезінде мұнда белгілі қазақ композиторлары, жазушылары және осы бір тамаша қаланы біздер үшін тұрғызып, дамытқан қарапайым алматылықтар серуендеп жүрді емес пе.     Бала үшін осы атмосферада болудың өзі ғана пайдалы, сондықтан, мықтап тұрып серуендеңіздер!

5 жасқа дейінгі балалар үшін жайлылық: бар

Қанша жұмсау керек: тегін

Не істеу керек: серуендеу, табиғат аясында дастархан жасау

Тамақ: өзімен бірге

Қалай жетуге болады:

Pandaland Image


Төле би көшесінен төменіректегі саябақ

ҚБТУ ғимаратынан төменіректе тағы бір саябақ бар, ол да өте жақсы күтімге алынған, әсем. Кеңес заманында бұл квадрат Алматыдағы ең басты квадрат болған, өйткені ҚБТУ ғимараты бұрында Үкімет Үйінің ғимараты болды емес пе, дәл осы саябақта ескі Верныйды 1918 жылғы 3 қыркүйекте кеңестік Верный деп жариялаудың құрметіне салынған, көзге түсе бермейтін тас бар және дәл осы саябақта «Бюсттер аллеясын» көруге болады. Олар барлық– Сейфуллиннен бастап Розыбакиевке дейінгі көрнекті коммунистік қайраткерлердің құрметіне орнатылған. Алматылық емес қала қонағы мұнда Алматының ірі көшелерінің кімнің құрметіне аталғандығын есте сақтап қала алады. Ал енді баламен серуендеуге келсек, саябақ мінсіз – әрине, ешқандай да атракциондар атымен жоқ, бірақ оның орнына таза ауамен әбден тыныс алуға болады. Қаланың осында өткен ғасырдың басынан Алматының барлық саябақтарында танымал қарағаш, емен, Тянь-Шань шыршасы, көгілдір шырша, қарағай және басқа ағаштар қалың орман болып өсіп тұрған оттегі қорларында баламен серуен құрған өте пайдалы.

5 жасқа дейінгі балалар үшін жайлылық: бар

Қанша жұмсау керек: тегін

Не істеу керек: серуендеу, табиғат аясында дастархан жасау

Тамақ: өзімен бірге

Қалай жетуге болады:

Pandaland Image

Төлебаев көшесіндегі бульвар

Ескі және жаңа Алматының нағыз жүрегі. Алматылықтар серуендеуге арналған осы бір орынды «Қонаев фонтандары» деп атайды және өзін Foursquare-де белгілеп көрсетудің жиілігі бойынша пікір айтатын болсақ, бұл жер интернет-қолданушыларда танымал болып отыр. Бұған таң қалатын да себеп жоқ, өйткені «Төлебаевта» оңтүстік астананың жастары жиі бас қосады емес пе. Бірақ, бұл жер кішкентай баламен серуен құру үшін де өте жарамды. «Қонаев фонтандары» шындығында да тамаша! Тәуліктің кез келген кезінде мұндағы атмосфера қайталанбастай және кез келген адам үшін қазіргі Алматы мұнымен байланыстырылатын орын. Балаңызбен серуен құрыңыз, осы бір тамаша қаланың рухын бойына сіңіре берсін!

Pandaland Image


5 жасқа дейінгі балалар үшін жайлылық: да

Қанша жұмсау керек: тегін

Тамақ: өзімен бірге

Қалай жетуге болады:

Pandaland Image

Ботаника бағы

Pandaland Image

Алматылықтардың тағы бір «жүрек шымырлататын» орны. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары салынған Ботаника бағының коллекциясында өсімдіктердің 7 мыңнан аса, оның ішінде Қазақстан флорасының – 375, КСРО басқа аудандарында өсетін өсімдіктердің – 453, шетелдік өсімдіктердің – 872 түрі, түр тармағы және топтары болған еді. Қазір қаншама және қандай өсімдіктер бар екендігі онша түсінікті емес. Ресми сайтта ботаника бағының жанындағы институттың зертханаларының санына көп көңіл бөлінген. Бірақ зерттеулер – бұл тамаша болғанымен де, әдеттегі Вики-мәліметтерді көргіміз келер еді. қазіргі Алматы Ботаника бағы несімен таң қалдыра алады?

Бақтың маркетингіне және қызметтерін алға жылжытуына келетін болсақ, мұнда іс басқаша, маған осылай болып көрінгеніндей, бұл іс айтарлықтай жақсы жолға қойылған. Бақтың сайты, вк-да парағы бар.

Алматы Ботаника бағы  келулеріңізге әрқашан ашық! 10-00 сағаттан бастап 19-00 дейін (демалыс күндерінсіз,  мерекелік күндері жұмыс істейді)

Оранжерея жұмыс күндері 10-00 бастап 16-00 дейін ашық (Түскі үзіліс 13-00-14-30)

Кіру құны:
- Ересектер 350 тг
- Студентер 200 тг
- Мектеп оқушылары 100 тг

Біздің өзін және өзінің айналасындағы нысандарды тоқтаусыз фотоға түсіруге әуестенушілер ғасырымызда, Ботаника бағы үйлену тойы фотосессияларын, махаббат тарихын түсірудің және  балаларды фотоға түсірудің ең ұнамды орны болып табылады.  Олай болмағанда ше, ондаған жылдар бойына күтімге алынып отырған сирек өсімдіктер фотосуреттер үшін тамаша фон болып табылады емес пе. Мынаны көкейде ұстаңыздар – баққа кез келген фотоаппаратпен кіру – Сіздің қалтаңыздан 3000 теңге.

Өмір гүлдеріне қайтып оралайық. Сөз жоқ, осы бірегей жерге әрбір рет келу Сіздің балақаныңыздың есінде ұзақ уақытқа қалады және өзіңіздің экскурсияңызды жанды табиғаттың алуан түрлілігі туралы әңгімелермен сүйемелдеп отыратын болсаңыз, бұл ақпарат пен жаратылыстану ғылымдарына деген құрмет онымен мәңгілікке қалады. Талай мәрте айтылып кеткеніндей, бала 5 жасқа дейін тәрбиеленеді, сондықтан білімге деген құштарлық дәл осы кішкентай жаста бойға сіңеді емес пе.

5 жасқа дейінгі балалар үшін жайлылық: бар

Қанша жұмсау керек: тегін

Тамақ: өзімен бірге

Қалай жетуге болады:

Pandaland Image


Гагарин бойындағы Тынымбақ

Гагарин көшесінің бойында Жандосов көшесінен бастап Төле би көшесіне дейін балалармен серуендеу үшін өте ыңғайлы тынымбақ орналасқан. Ата-аналардың қуанышына, екі нүктеде (Абай көшесінен жоғарырақ) қала басшылары балалар қалашықтарын орнатқан. Олар тегін, мұнда кішкентай балалармен ойнаған өте қолайлы. Әрине, мамалары осында да орнатылған батуттарға секемдене қарайды, өйткені мұнда ойнап жүрген балаларға секілді, батуттарға жіті күтім қажет емес пе (батуттар әрқашан таза бола бермейді – осыны қадағалаңыздар). Бірақ, бұл басқа мәселе.

5 жасқа дейінгі балалар үшін жайлылық: бар

Қанша жұмсау керек: тегін

Не істеу керек: серуендеу

Тамақ: өзімен бірге

Қалай жетуге болады:

Pandaland Image


Панфиловшылар саябағы

Алматылықтар осындай серуен құруға арналған орындары бар екендігіне шаттануға тиіс – көптеген сырттан келген адамдар дәл осылайша ойлады және мен олармен толығымен келісемін. Панфиловшылар саябағы мамалар мен папалардың кішкентай балаларымен серуендеуі үшін сүйікті орын болған және болып қалуда. Саябақта фотоға түсуге (шындығына келгенде, барлық баяндалған жерлерде секілді – барлық жерде кез келген ауа райында әдемі көрініс бар), кептерлерді қоректендіруге (жемді өзіңізбен ала келуге немесе осында сатып алуға болады), ат мінуге, аттар жегілген күймеде отыруға, Мәңгі алауға гүл шоғын қоюға, және әрине – асыр сала жүгіріп алуға болады.

Pandaland Image


5 жасқа дейінгі балалар үшін жайлылық: да

Қанша жұмсау керек: тегін

Тамақ: өзімен бірге

Қалай жетуге болады:

Pandaland Image


Тұңғыш Президент саябағы

Бұл да Алматының жұртшылық көп келетін орындарының бірі. Барлық адамдарға осында келген қызықты, өйткені саябақ салыстырмалы түрде алғанда жуырда, енді тәуелсіз Қазақстан кезінде құрылған. Орналасқан орны әдеттен тыс – барлық тізіп шыққан саябақтар мен тынымбақтардан жоғарырақ, таулардың аясында. Сұлулығы айтып жеткісіз! Саябақтың өзіне жиі келушілер – бұл балаларын ерткен ата-аналар, жасөспірімдер, барлық жерде секілді, сырттан келген қала меймандары көп. Бір нәрсе жаман. Белгіленген кеңестік сценарий бойынша, саябақта жүріс-тұрыс ережелері белгіленген. Бұл ережелердің қандай екені дәлірек алғанда анық емес, өйткені биліктің бір де бір сайтында «Өзіңді тынымбақтарда, саябақтарда және саябақ аймақтарында қалай ұстау керек» деген ақпарат жоқ. Бірақ, бұл жердегі саны әжептәуір болып отырған күзет ниет еткен адамдардың «көкмайсада жата тұруға» немесе, бетін әрі қылсын – мұнда табиғат аясында дастархан жайып отыруға деген кез келген әрекеттерін тоқтатып отырады. Әрине, бәлкім біз әлі де болса сол сәтте көгалда тұтастай бір «той дастарханын» ойластырып жібере бастайтын, артта қалған кеңес адамдары шығармыз және бұған жол бермеу керек те шығар, бірақ бұл – көгалда  кітап оқып отыра тұруға немесе кішкентай баламен жата тұруға деген үйреншікті ниеттің қоғамдық тәртіпті бұзуға теңдестірілетіндігі және 5000 теңге айппұл төлеуге алып келуі мүмкін екендігі қынжылтып-ақ тастайды. Әкімшілік кодексінен біз осыған қатысты өзге тұжырымдаманы таппадық. Айтпақшы, Тұңғыш президент саябағында жемқорлық 5000 теңгеге толтырылған айыппұлдың орнына күзетпен мың теңгеге «көз қысып, келісе салуға» болатындығынан көрінісін тауып отыр.

Pandaland Image


5 жасқа дейінгі балалар үшін жайлылық: бар

Қанша жұмсау керек: тегін

Не істеу керек: серуендеу

Тамақ: өзімен бірге

Қалай жетуге болады:


БалаларPandaland Imageмен серуендеуге ҰСЫНЫЛМАЙТЫН орындар

Осы жолдарды жазып отырмын, немқұрайлы емес адамдар жасаған фотосуреттерді қарастырып отырмын және оларда қаншама өкініш бар екендігін көріп отырмын. Бұл жерлер жанұямен бірге дем алу үшін керемет жарамды, таптырмастай орын бола алар еді ғой. Егер де сәл-пәл тырысып, бұл жерлерді осындай орындар етсек. Сайран көлінің мысалында – екі фото. Фотограф-суретші және фотограф-реалист түсірген. Осы бір айырмашылықта – барлығы да түсінікті.

Сайран

Pandaland Image

Өтпелі ту секілді – жылдан жылға қала басшылығы «Сайранды қалайша көркейтуімізге болады?» деген сарында ұлан-асыр жоспарлар ойластырып жатады. Ал дәл сол кезде көлдің маңайындағы аумақ шыдамастай былғанған. Тегін суға шомылу жағажайды маңайдағы балалар мен бассейн маңындағы демалысты қалталары көтере бермейтін отбасылар үшін әрқашан да тартымды етеді. Бұл су тоғанының экологиялығын білдіріп отырған, көлдің әбден жанды табиғатына қарамастан (онда бақалар да бар), мұнда балақандармен деп алу ұсынылмайды. Автобекеттің жақын орналасуы көлді табысы, әлеуметтің жағдайы әртүрлі адамдар үшін тартымды етуде, ал көлдің айналасындағы күзет аз. Онымен қоса, суға кеткендер туралы дене тітіркендіретін хиқаялар балалары бар ата-аналарды Сайраннан үркітіп отыр. Бірақ, әділ болуы үшін, тағы бір рет баса айта кетейік – биыл көлдегі су таза.

Pandaland Image


Сейфуллинатындағы саябақ

30 жылдан аса уақыт бұрын отырғызылған саябақты жұрт Ботаника бағымен және Баум тоғайымен тең қатарда «қаланың өкпесі» деп атайтын. Қазіргі кезде ол Алматының Түрксіб ауданының әкімдігі ұйымдастыратын қоғамдық сейіл, қыдырысар өткізуге арналған алаң ретінде қолданылады. Әрине, егер бұл аудан Сізге тым жақын болмаса, онда балаңызбен мұнда келе қоймассыз. Айтпақшы, балақанмен бір рет серуен құруға арналған саябақ ретінде ол жергілікті тұрғындардың арасында да соншама бір танымал емес. Бәлкім, бұл қарқынды автомобиль қозғалысының жақын екендігіне орай болып отырған шығар. Бұл жерді, мысалға, оны тегін атракциондар орнатып, серуен құру үшін ыңғайлы ету әкімдіктің қолынан келмей отырғандығы өкінішті. Балалары бар қалалықтарға бір жерде серуен құрып жүру керек қой, балалардың әсерлері олардың қиялын қалыптастырады, ал қаладағы демалыс орындарындағы серуендер – оларды әлеуметтендіреді емес пе.

Баум тоғайы

Баум Эдуард Оттонович - помещик, ғалым-орман өсіруші, ауыл шаруашылығымен айналысушы, осы бір қала тоғайы осы кісінің арқасында 19-шы ғасырдың соңында пайда болған болатын. Орман саябағының аумағы тікбұрышты аллеялардың және соқпақтардың торымен кварталдарға бөлінген. Периметр бойынша аллеяны айналма жол орналасқан. Баум тоғайы – бұл қала тарихын білуге өзіндік тест. Жергілікті тұрғындар оның құрметіне аталған орман саябағын және автобус аялдамасын дұрыс атайды. Сырттан келген қонақтар болса, филантроптың есімін бұрмалап, тоғайды Бауман тоғайы деп атайды. Бұл Байтұрсынов көшесі туралы орынсыз айтылған сөзге ұқсас. Ахмет Байтұрсынов көшесінің бұрында Космонавттар көшесі деп аталғандығын білмей, басқа жерден келгендер оны космонавт Байтұрсыновтың көшесі деп атайды. Бірақ, тоғайға қайтып оралайық. Өкінішке орай, бұқаралық ақпарат құралдары тамаша орманды саябақтың қаңырап қалғандығы және күтімсіз, қараусыз екендігі туралы жыл сайын дабыл қағып жатады. Күтімсіз қалғаны тоғайдың әкімдік қарамағында тұрмағандығымен байланысты дейді. Солай болса да, баяғы жартас сол жартас күйінде – тоғай ит асыраушылардың серуен құратын жері болып отыр, ал аналар болса, бұл жер отбасымен табиғат аясында дастархан жайып, көңіл көтеру үшін лайықты болып отырғанымен, балаларымен серуен құруға сескенеді. Бірақ, әттеген айы, тұрғындардың айтуы бойынша, осы бір нағыз қала орманы әлеуметтік тұрғындан қауіпті адамдардың мекендеген жер болып қалып отыр.

Алматы мәңгілікке тынымбақтар қаласы болып қалатындығына және ағаштарды кесіп тастауға әуестену билік басындағыларда тоқталады және оңтүстік астананың атақты саябақтары мен тынымбақтарына бұл қауіп төнбейтін болады деп үміттенеміз. Шолуымызда басқа тынымбақтар мен шағын саябақтардың көбі жайында еске алынбады – олардың ұзын саны алпыстан асады. Әрине, осылардың ірілерінің және танымалдарының ішінде бұл – Атакенттегі тынымбақ, Опера театрының екі жағындағы тынымбақтар, Мақатаев – Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы тынымбақ, Университет көшесінен батысырақта Тимирязев көшесінің бойындағы тынымбақ, сондай-ақ - Есентай (Весновка) өзенінің бойындағы Хамит Ерғали атындағы жаға. Баршаңызға тамаша серуен құру тілейміз!) әрі – жаңа шолуларымызды қадағалап жүріңіздер.

Pandaland Image


Шолуда әртүрлі форумдардан және блог-платформалардан, сондай-ақ автордың өз мұрағатынан алынған фотосуреттер пайдаланылды.


Продолжение статьи читайте ниже ⇓




Поделиться:



Интересные статьи



Рекомендуемые