Школьное обучение

Мықты мектептің 8 ерекшелігі

Мықты мектептің 8 ерекшелігі
Мықты мектептің 8 ерекшелігі
29.06.2021, 00:00
Изменено: 03.08.2021, 20:28

Кез келген мектеп жасындағы бала мен ата-ананың арасындағы мәңгі дилемма – ойын ойнау мен сабақ оқу. Ата-аналар балалардың сабақ оқығанын қаласа, балалардың өздері әрқашан ойын ойнағысы келеді.

Осы екеуін біріктіруге бола ма? Бала мектеп бағдарламасын кітапқа үңіліп, формулаларды жаттап емес, әлемді зерттеп, ойын ойнап, уақытты қызық өткізу арқылы оқыса ше? Әр сабақтың әрбір тақырыбы 45 минут қана емес, бірнеше апта бойы түрлі қырынан ашылса ше? Бала үйге қайтуға емес, мектепке баруға асықса ше? Бұның бәрі жай ғана қиял емес, «Мирас» мектебінің оқыту әдістемесінің ерекшеліктерінің бірі. «Мирас» - Алматының ең озық мектептерінің бірі. Екінші филиалы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

Бұдан ары қарай бәрі түсінікті болу үшін мақаланы «Мираста» оқитын Мақпал есімді оқушының мысалында түсіндірейік. Сонымен, Мақпалдың ата-анасы бұл мектепті 8 ерекшелігі үшін таңдады.

Бірінші ерекшелік: Әрбір бала – зерттеуші

Мықты мектептің 8 ерекшелігі

Туғанынан бастап бала әлемді түрлі әдістермен зерттейді: қолмен ұстайды, көзбен көреді. Осылайша оттың ыстық, судың суық, ағаштың биік, т.б. екенін түсінеді. Бұндай білім баламен өмір бойы қалады. Себебі өз зерттеуінің арқасында алынған нәтижені бала біліп қана қоймайды, ең бастысы - қайда және қалай қолдану керектігін түсінеді. Ал бұл 21 ғасырда әрбір адамға қойылатын басты талап. Неге? Себебі қазір ақпараттық дефицит жоқ. Кез келген адам керек ақпаратты интернет желісінен екі минутта таба алады. Бірақ табылған ақпаратты кім қалай қолдана алады? Бәріне белгілі ақпараттан кім қандай жаңалық аша алады? Міне, ертеңгі көшбасшыларды басқалардан ажырататын осы қасиеттер болады: ақпаратты алу ғана емес, оны дұрыс түсіну және пайдалану.

Біздің Мақпал да басқа балалар сияқты қоршаған ортаны зерттеп, жаңа білімді тәжірибе жүзінде алады. Балалардың дәл осы туа біткен іздемпаздығын, зерттеушіліген сақтап қалу мақсатында «Мирас» мектебінде балалар сабақ барысында конструкторлар қолданады, үстел ойындарын сыныптастарымен ойнайды, мұғалімдермен қызықты әңгіме құрады. Балалар сабақта өздерін өте еркін сезінеді. Және сабақтың соңында тақырыпты 100% түсініп шығады.

Дәл осы бағыт мектепте 1-ші сыныптан 12 сыныпқа дейін сақталады.

Екінші ерекшелік: Бір тақырыпты сан қырынан ашу

Мықты мектептің 8 ерекшелігі

Мақпалда бүгін 6 сабақ болды: сурет, қазақ тілі, математика, музыка және ағылшын тілі. Мақпал сурет сабағында асқабақтың суретін салды. Қазақ тілі сабағында «Асқабақ қайда өседі?» тақырыбында шығарма жазды. Математика сабағында апай бақшадан алып келген 2 асқабақтың салмағын, диаметрін өлшеді. Музыка сабағында «Күзгі бақ» деген ән үйреніп, ағылшын сабағында асқабаққа байланысты 10 жаңа сөз жаттады. Мақпал бүгін асқабақ туралы бәрін біліп шықты: ол не? Ол қашан және қайда өседі? Одан не жасауға болады? Асқабақтың өзін де көрді. Салмағы қандай болатынын да білді. Өзге елдерде асқабаққа байланысты «Хэллоуин» мерекесі бар екенін де біліп келді. Таразы не үшін керек? Ұзындық қалай өлшенеді? Диаметр деген не? Оның бәрін де түсініп қайтты. Осылайша, әр сабақта әртүрлі тақырып өткеннен, барлық сабақтарды бір тақырып аясында өткізу бала үшін әлдеқайда пайдалы, қызықты және ең бастысы түсінікті болады.

Үшінші ерекшелік: IB бағдарламасы

IB – бүкіл әлемде қабылданған халықаралық бакалавриат оқыту жүйесі.

«Мирас» мектебінің оқу бағдарламасында отандық білім беру стандарттары мен IB-дің озық тәжірибесі үйлесімді түрде кіріктірілген. Бұл бағдарлама балабақшадан бастап 12 сыныпқа дейінгі барлық сыныптарды қамтиды. Ол қандай артықшылықтар береді? Біз Мақпалға оралайық.

Мықты мектептің 8 ерекшелігі

Мақпал «Мираста» IB бағдарламасында оқығандықтан, еш емтихансыз мектептен кейін бірден өз аттестатымен әлемнің ТОП-университеттеріне тегін түсе алады. Мектеп бірден 3 тілді толық беретіндіктен, балалар ағылшын тілінің деңгейін көтеріп отыруға уақыт жұмсамайды. IB сертификатын дүние жүзінің кез келген жоғарғы оқу орны мойындайды. Әлемде осындай жүйемен оқытатын мектептердің саны - 112.

Төртінші ерекшелік: 3 тілді қатар меңгеру

Мықты мектептің 8 ерекшелігі

«Мирас» мектебінде үш тілдік оқыту жүйесі енгізілген. Мектеп бітірген балалар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде емін-еркін сөйлейді. Соның арқасында шетелге оқуға түскен балаларда тіл білмеу проблемасы немесе қосымша тіл курстарына бару қажеттілігі жоқ. Сондай-ақ мектеп оқушылары қосымша екінші шет тілін таңдай алады: француз, испан немесе қытай тілі. Мектепте толықтай ағылшын тілінде сөйлесу атмосферасы қалыптасқандықтан, балалар тіл үйренуден қиналмайды.

«Мирасқа» ағылшын тілін бұрын оқымаған жаңа бала келсе, мұғалімдер оның деңгейіне сай бағдарлама дайындап, жеке дара жұмыс істеп, аз уақыт аралығында жаңа сыныптастарының деңгейіне көтеріп береді.

Бесінші ерекшелік: баланың бойындағы барлық қабілет маңызды

Мықты мектептің 8 ерекшелігі

Мақпал математиканы онша жақсы көрмейді. Техникалық білімнен гөрі шығармашылық тұсы жақсы дамыған. Мақпалдың мұғалімі оның бұл екершелігін міндетті түрде ескереді. Жылдың басында мұғалім әр баланың ата-анасымен бірігіп, баланың даму жоспарын жасайды. Жылдың ортасында тағы бір кездесіп, жоспарды бір қарап шығады. Жылдың соңында Мақпал өз ата-анасына өзінің тұлғалық даму нәтижесімен бөліседі. Осындан мұғалім-бала-ата-ана үштігінің қатысуымен болатын конференция барлық сыныпта, оқушылардың әрқайсысымен жеке дара жүргізіледі.

Мықты мектептің 8 ерекшелігі

Айтпақшы, «Мирас» мектебінің іші балалардың өздері салған суреттерімен безендірілген. Мектеп дәліздерінде, қабырғаларда, локерлердің үстінде, атриумда балалар шығармашылығының көрмесі орналасқан. Бұл жұмыстардың әрқайсысы (сурет, бұйым, жоба, макет, робот және т.б.) баланың қолтаңбасын, оның ішкі ой-сезімін, көңіл-күйін, арман-қиялын танытады. Және балаларға өзіне деген мақтаныш сезімін сыйлап, қабілеттерін дұрыс бағалауды үйретеді.

Мықты мектептің 8 ерекшелігі

Сонымен қатар, мектепте балалардың жеке дара қасиеттерін дамытуға арналған қосымша білім беру орталығы жұмыс істейді. Мұнда музыка мектебі, әртүрлі үйірмелер және спорт секциялары бар.

Алтыншы ерекшелігі: мұғалімдер құрамы

Мықты мектептің 8 ерекшелігі
 

«Мирас» мектебінің тағы бір ерекшелігі – мұғалімдер. Олардың көпшілігі халықаралық жаттықтырушылар, аккредитация және авторизациялау комиссияларының мүшелері, халықаралық емтихан қабылдаушылар мен модераторлар. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген тәжірибелі оқытушылар негізгі мұғалім және оның көмекшісі құрылымы бойынша еңбек етеді. Дәл осындай құрылымда балалармен жұмыс жасау өте ыңғайлы әрі дұрыс. Сыныптағы оқушылармен екі мұғалім жұптаса отырып (бірі – негізгі мұғалім, екіншісі – ассистент) әр балаға жеке дара көңіл бөле алады, ешқандай бала назардан тыс қалып қоймайды. Ал жоғарғы сынып оқушыларына мамандық таңдауға көмектесетін мектеп кеңесшілері қосылады.

Мықты мектептің 8 ерекшелігі

 

Жетінші ерекшелік: әлеуметтік жобалар

Мықты мектептің 8 ерекшелігі

Әлемнің ең озық жоғары оқу орындары үшін үміткердің тек академиялық білімі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік белсенділігі де маңызды.

«Мирас» мектебінде түрлі әлеуметтік жобалар ерекше орын алады. Оқушылар жыл бойы түрлі қайырымдылық шаралар мен әлеуметтік жобаларға белсенді түрде қатысады. Халықаралық ұйымдардың еріктілер жобаларына қатысуға жол салады. Әлеуметтік мәдениет бастауыш сыныпта қаланатындықтан, орта және жоғары сынып оқушылары өздерін қоғамның маңызды бөлігі ретінде сезініп, әртүрлі әлеуметтік мәселелердің шешімдерін қиындықсыз таба алады. Соның арқасында Мақпал және оның сыныптастары қазірдің өзінде қоқысты өңдеу, пластикті азайту, ауа тазалығы сияқты мәселелермен толықтай таныс.

Сегізінші ерекшелік: мектеп құрылымы

Мықты мектептің 8 ерекшелігі

«Мирас» - Алматының Бостандық ауданында орналасқан жеке мектеп. Мектеп аумағы үлкен, әдемі әрі қауіпсіз. Балабақша, бастауыш, орта және жоғарғы сыныптар бөлек ғимараттарда орналасқан. Әр ғимаратта пән кабинеттері, химия, физика және биология зертханалары, бай қоры бар кітапханалар, спортзалдар, хореография залы, арнайы жаттығу залы, футбол, баскетбол алаңдары, балалар ойын алаңдары, балалар қалашықтары бар. Барлық сыныптар интерактивті тақтамен, аудио/видео техникамен, мультимедиялық проекторлармен, планшеттер, ноутбуктер, компьютерлермен жабдықталған. Сондай-ақ, мектепте 25 метрлік бассейн, теннис корты, альпинистік қабырға бар.

Мықты мектептің 8 ерекшелігі

Мирас бала денсаулығы мен қауіпсіздігіне ерекше мән беретіндіктен, мектепте білікті педиатрлар мен медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

«Алматыда мектепті қалай таңдауға болады?» деген сұрақ көкейіңізде жүрсе, Мирастың жоғарыда аталған ерекшеліктеріне мән берсеңіз болады.

Алматы мектептері туралы пікірлерді оқып, ең болмағанда өзіңізге және балаңызға ең маңызды деген пунктілерін белгілеп шығыңыз. Кейбір ата-аналарға мектептің лауазымы мен атағынан гөрі, мұғалімдерінің құрамы маңызды. Кейбір ата-анаға білім деңгейінен гөрі мектептегі жайлы, қауіпсіз қоршаған орта маңыздырақ. Ал кейбіреулеріне оқу төлем ақысының мөлшері шешуші фактор болып табылады. Айтпақшы, төлем демекші, пандемияға байланыста Алматы жеке меншік мектептердің бағасы 2021 жылы біршама өзгерді. «Мирас» мектебі де жоғарғы сынып оқушыларының ата-аналарына әлеуметтік көмек ретінде оқу ақысына 30%-дан 100%-ға дейін жеңілдіктер қарастырды. Бар болғаны мектептің сайты арқылы тіркеліп, емтиханнан өту керек.

 

Фото: Pandaland.kz

Menu