Школьное обучение

Мектепке арналған жолдорбаны таңдау тәсілдері: 8 маңызды қағида

Балаға киім мен ойыншық таңдауда оның пікіріне сүйенген дұрыс, тіпті сүйену керек те, себебі киетін де, ойнайтын да баланың өзі. Мектепке арналған жолдорбаға келетін болсақ – бұл жерде оның мүлдем өзге тұстарына: материалына, қаттылығына, эргономиялығына көңіл бөлу керек.

17.07.2019, 08:27
Изменено: 25.03.2024, 16:47

Алдымен барлық нұсқауларды ескере отырып өзіңіз таңдайсыз да, кейін өзіңіз мақұлдап бекіткен нұсқалардан балаңыз таңдайды. Себебі дұрыс таңдалған жолдорба немесе иыққа асатын сөмке баланың оқу үдерісін ұйымдастырып, оның омыртқа жотасы мен иық бөліміне артылатын жүктемені барынша азайтады – ал мұның маңызы өте зор!

Жолдорбаның көлемі мен атқарымдылығы

Бәрі де мектеп оқушысының жасы мен ұйымшылдығына байланысты. Баланың жасы неғұрлым үлкейген сайын, оның кітаптары мен кеңсе құралдарына, ауыстырмалы киім-кешегіне соғұрлым көбірек орын қажет болады – жолдорбаның көлемі айтарлықтай үлкен болуы керек. Ал кішкентай баланың жолдорбасында дәптер мен кітап бүгілмей салынатын бөлек орынның болуы міндетті, сондай-ақ тамақ пен су құйылатын бөтелкелер салынатын контейнерлерге арналған бөлімшелер, кеңсе құралдарына арналған ұсақ қалталар мен ауыстырмалы аяқ киім салынатын үлкен қосымша бөлім қарастырылуы тиіс. Егер жолдорбада осы аталғандардың бәрі табылса – керемет, демек оны балаңызбен бірге бірнеше қайтара жинаған соң, сәбиіңіз оны қалыптасқан тәртіпке сай ұстай алады деген үмітіңіз орынды.

Мектепке арналған жолдорбаны таңдау тәсілдері: 8 маңызды қағида

Жолдорбаның материалы

Бір ай немесе жарты жылдан соң көнесінің орнына жаңа жолдорба сатып алып жатпас үшін оның тігісінің сапасына ғана емес, жасалғанматериалының өзіне де назар аударыңыз. Бұл неліктен маңызды? - Синтетикалықматериал эко-былғарыдан(кожзам)ұзағырақ уақытқа шыдайды, бірақ ескіруі мен тауарлық түрінен айрылуы бекзат былғары бұйымдардан біршама жылдамырақ тозады; - Матадан жасалған және синтетикалық жолдорбалардың артықшылықтары да жоқ емес: олар бұйымның ауыр болмауын қамтамасыз етеді; - Синтетикалық маталарәдеттесуланбайды, жолдорбаның ішіне су өткізбейді және олардың арнайы су өткізбейтін аралық қабаттары болуы мүмкін(соңғы аталғанды сатушыдан нақтылау керек).

Мектепке арналған жолдорбаны таңдау тәсілдері: 8 маңызды қағида

Жолдорбадағы бекітпелер мен сылдырма ілгектер

  • Фурнитураның сапасын мұқият тексеріңіз, жолдорбаның қызмет мерзімінің ұзақтығы осыған байланысты болады, арзан бұйымдарда бірінші болып істен шығатын дәл осы ұсақ-түйектер.
  • Сылдырма ілгектің қосарланған болуы абзал – қолдануға ыңғайлырақ болады.

Мектепке арналған жолдорбаны таңдау тәсілдері: 8 маңызды қағида

Жолдорбаның стилі және оның трендтерге сәйкестігі

Балалар көбіне трендке сай болғысы келеді, осылайша олар өздерін жайлырақ сезінеді. Олардың координаттар жүйесіндегі ыңғайлығы назардан тыс қалып жатады. Бұл жағдайда сізден не талап етіледі? Егер жолдорбаны кіші жастағы сәбилерге алатын болсаңыз - сатып алатын нұсқалардың бетінде сүйікті мультфильм мен фильм немесе комикс кейіпкерлерінің болуын, ал егер балаңыз сәл үлкенірек жаста болса, сәнді трендтердің болуын ескеріңіз. Дегенмен, сіз өз балаңызға сән – өтпелі дүние екенін, ал бірегейлік қашан да жоғары бағаланғанын, және өмірдегі нағыз құнды нәрсе саналы әрі әлеуметтік-жауапты тұлға болу екендігін санасына ақырын құя беруіңізге болады, затты таңдағанда оның:

  1. ұзақ қызмет етуін (жолдорбаны жылда лақтырып тастауға мәжбүр болмайсыз);
  2. өңделетін немесе экологиялық салдары азырақ болатын материалдан жасалғанын ескеру керектігін айтыңыз.

Жолдорбаның бауы

  • Салмақ баланың иығында жайлы орналасуы үшін, бауы кең жолдорбаны таңдаңыз;
  • Жолдорбаны балаңыздың бойына қарап икемдеуге мүмкіндігіңіз болуы үшін жолдорбаның бауы реттелетін болуы тиіс;
  • Кең болғанына қарамастан, бір ғана қиғаштап асылған бауы бар ассиметриялы үлгілерді таңдамаған жөн. Жолдорбаның салмағы бала денесінің екі жағынан біркелкі үлестірілуі тиіс, әсіресе бұл кіші сынып оқушылары үшін өте маңызды.

Мектепке арналған жолдорбаны таңдау тәсілдері: 8 маңызды қағида

Жолдорбаның қосымша белдіктері

Жолдорбаның қосымша белдіктермен және бекіткіштермен жабдықталғаны дұрыс – жолдорбаның бауына оны белге және/немесе кеудеге бекітетін белдіктер қоса беріледі.

Мұндай бұйымдар әсіресе күнделікті ауыр жолдорба тасуға мәжбүр балаларға арналған. Белге байланатын белдіктер жолдорбаның салмағын иыққа ғана емес, бүкіл арқаға, соның ішінде бел аумағына үлестіріп, оны тұрақтандыруға көмектеседі. Сонымен қатар бұйымның арқасына назар аударыңыз, ол қатты пішімін сақтайтындай болуы керек, бірақ жұмсақ аралық қабатпен жабдықталған болса, тіпті жақсы.

Мектепке арналған жолдорбаны таңдау тәсілдері: 8 маңызды қағида

Жолдорбаны өлшеп көру

Жолдорба жоғарыдағы барлық тармақтарға мінсіз сәйкес келсе де, оны сатып алмас бұрын өлшеп көрген жөн: белдігін реттеп, кітап пен дәптерлердің салмағына сәйкес ауыр және көлемді нәрселерді салып тексеріп көріңіз, балаңыз бекітпелерді өзі ашып-жауып көруі тиіс. Ең бастысы – балаңыз алған нәрсені қуана, рақаттана пайдалануы үшін оны балаңызбен келісіп алу керек!

Мектепке арналған жолдорбаны таңдау тәсілдері: 8 маңызды қағида

Орыс тілінде жазылған мақаланың сілтемесі

wikihow.com материалдары бойынша

Фото: depositphotos.com

Menu
×