2015 жылы Алматыда мектептерде, әсіресе мықты мектептерде орын бұрынғысынша тапшы болып отыр.
Еліміздің ең жиі қоныстанған қаласында – Алматыда мектептерде қаншама балаға орын жетіспейді? Мектепте ақша жинаудың алдын қалай алуға болады? Шын мәнінде, қандай мектеп ең жақсы және мектеп оқушылары қандай жеңілдіктерге үміттене алады? Осының барлығы жайында Алматы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлбану Әміртайқызымен сұхбатымызда.
- Гүлбану Ғаниқызы, оқу жылы басталардың алдында Алматыда қандай мектептердің ең жақсы екендігін және осы конкурстың қалай өтетіндігін білгіміз келіп еді?
- Мектептердің рейтингі көп жылдан бері жыл сайын өткізілетін Бірыңғай ұлттық тесттеу нәтижелері бойынша жасалады. Мектептердің рейтингі орташа балл бойынша жасалады, бұл қол жетімді ақпарат және онымен Білім беру басқармасының келесі сайттарында танысуыңызға болады – www.edualmaty.kz, www.mektepalmaty.kz.
Автордан
Сайттардағы бұл ақпарат соңғы рет 2013 жылы жаңартылған және тек жеке меншік мектептер бойынша жасалады.
Көшбасшы болып отырған – «Көкіл», «Арман», ұл балаларға арналған Қазақ-түрік лицейі, соңғы орында – «Элко» мектебі.
2012 жылы тізім толығырақ болған болатын – Бірыңғай ұлттық тесттеу бойынша ең жақсы нәтижелерді №90, 173, 175 және 165 мектептердің түлектері, ең нашар нәтижелерді - 45,157 және 37 мектептер көрсетті.
Алайда, көптеген мұғалімдерде Бірыңғай ұлттық тесттеу көрсеткіштерінің артынан қуу түсінбестік тудырып отыр, олар бұл көрсеткіштерді пайдалану объективті емес деп санайды.
Сайтта түлектер алған мемлекеттік гранттар бойынша да мектептердің рейтингі де бар. Мұнда да ақпарат тек 2012 жыл үшін ғана берілген. Бақытты түлектердің ең көп санын 120-шы,132-ші,138-ші мектептер мақтан ете алады.
Ал, грантқа иеленген түлектердің ең аз саны Қазақ-Американ университетінің жанындағы «Магистр» және «Сенім» жеке меншік мектептерінде болып отыр. Дегенмен, осындай мектептердің түлектерінің тегін гранттарды армандай қоюы екіталай, олар ақшаға немесе шетелде оқығанды артық көреді. Мемлекеттік мектептердің арасынан артта қалып отырғандардың қатарында, қаншама таң қаларлықтай болса да, дарынды балаларға арналған мектептер - 165, 169 және 146 мектептер бар. Дарынды балалармен де бәрі түсінікті, оларды оқу кезінде тек біздің еліміздің ғана емес, шетелдің де ең жақсы жоғарғы оқу орындары, әрі тегін бөліп алады. Сондықтан мұғалімдердің және ата-аналардың рейтингтердің объективті еместігі туралы наразылықтары әбден ақылға сыйымды. Біраз, әзірге бұл рейтингтерге альтернатива тек «сымсыз телефон», оны ата-аналар белсене пайдаланып, мектепті және педагогты ұсыныстар бойынша таңдап алады.
- Ал өз баламыз үшін мектепті қалайша дұрыс таңдап алуға болады, оны мықты педагогке алдын ала дайындауға бола ма?
- Бұл айтылғанның дарынды балаларға арналған оқу мекемелеріне қатысы жоқ, әр мектепке қызмет көрсету аумағы, қарапайым тілмен айтқанда, «шағын учаске» бекітіледі. Ата-аналарға өз шағын ауданын сұрастырып біліп, оқу тілін таңдап алу, мектеп директорының атына өтініш жазу және қажетті құжаттарды тапсыру керек. Өзіңіздің шағын учаскеңіз бен мектебіңіз туралы ақпаратты дәл сол сайттардағы аудандық білім беру бөлімінен білуге болады.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың типтік ережелеріне» сәйкес, балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар қажет: баланың заңды өкілдерінен өтініш, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт), тұрған орнынан анықтама немесе тұрып жатқан жерді растайтын өзге құжат, 2 дана 3х4 мөлшердегі фотосурет.
- Көптеген ата-аналар бірінші сыныптағыларды тесттеу жөнінде алаңдап отырады, балалардың қолынан оны тапсыру келмейді деп қорқады. Мектептер тесттеу жүргізуге құқылы ма?
- Дәл сол ережелер бойынша, бастауын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын балалардың заңды өкілдерінен өтініштер қабылдау 1 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі. Бірінші сыныпқа қабылдаған кезде емтихандар, тесттеу, сынақтар және конкурстар өткізуге үзілді-кесілді тыйым салынған. Егер әділетсіздікпен ұшыраған болса, ата-аналар осы құжаттың 6-шы тармағына именбестен сілтеме жасай алады.
- Алматыда мектептер тапшылығы бар ма? Бұл қалада сырттан келгендерді оқыту мәселесі әрқашан көкейтесті болатын. Алматыда тіркеуі жоқ балаларды қамту қалайша жүреді?
- Қазіргі кезде Алматыдағы оқушылар орындарының тапшылығы 24 655 орын құрап отыр. Осы мәселені шешу үшін 2014 жылы 1200 оқу орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. 2015 жылы №26 және №157 мектептерге жапсарлас ғимараттар салу жоспарланып отыр. Қалаға сырттан келгендерге келетін болсақ, біз Алматы аумағында тұрып жатқан барлық балаларды оқытуға міндеттіміз. Ата-аналарға тұрған орнынан анықтаманы немесе қалада тұрып жату дерегін растайтын құжат ұсыну керек. Егер олар пәтер жалдаушылар болып табылса, онда баланы мектепке орналастыру үшін мектепке пәтерді жалға алу шартының көшірмесін немесе тұрып жатқандығын растайтын, пәтер иелерінің кооперативінен алынған анықтаманы ұсыну керек.
- Балалардың қандай категориялары оқыған кезінде жеңілдіктерге үміттене алады? Мұндайлар әлі қалды ма екен?
- Әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған оқушыларға көмек көрсету мақсатында, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған оқушыларға және аз қамтылған отбасылар ішінен оқушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережелеріне» сәйкес, жергілікті бюджетпен осындай ақша бөлу қарастырылған. Бұл қаражат тамақтандыруға, киімге, мектеп керек-жарақтарына, сауықтыруға және дем алуға жіберіледі, бұл жайындағы ақпаратты мектептердің әкімшілігінен алуға болады.
- Мектептерден басқа мектепке ауыстыру қалай жүргізіледі, бұл үшін не керек болады?
- Басқа мектепке көшірген кезде оқушының ата-аналары директордың атына өтініш жазады, келу талонын алады, онымен бірге жаңа оқу орнына барады. Бұл жерде мектептен кетуге байланысты құжаттарын беру өтінішімен мектеп директорының атына өтініш жазады және келу талонын ұсынады. Мектеп директоры өтінішке қол қояды, құжаттарды және мектептен кету талонын береді.
- Мектептегі ақша жинау туралы сұрамай қала алмай отырмын, сонда да, ақша жинаудың қандай түрлері нақты бар болып отыр, ал қандайларына тыйым салынған? Егер ата-аналардың және баланың құқықтары бұзылған болса, қайда шағымдануға болады?
- Алматы қаласының Білім беру басқармасы 2014 жылғы 12 қыркүйектегі №337 «Оқушылардың және тәрбиеленушілердің ата-аналарынан ақшалай қаражат жинауға тыйым салу туралы» бұйрық шығарған. Бұл ақпарат барлық мұғалімдерге жеткізілген, әр мектептегі ақпараттық стендке орналастырылған. Қыркүйекте ата-аналар жиналысында білім беру ұйымдарының басшылары ата-аналарды Мектеп жарғысымен және білім беру үрдісін ұйымдастыруды реттеп отыратын өзге құжаттармен, сондай-ақ ақшалай қаражат жинауға тыйым салу туралы бұйрықпен де таныстыруға тиіс. Ата-аналар ешқандай да «міндетті» сомалар енгізуге міндетті емес. Сондай-ақ, мектеп әкімшілігі апта сайын ата-аналарды жеке бастарының мәселелері бойынша қабылдауды жүргізеді, сондай-ақ әр ата-ана мектептің, аудандық білім беру бөлімінің, Алматы қаласы Білім беру басқармасының сенім телефоны бойынша телефон шала алады (номерлерді осы ұйымдардың барлығында алуға болады). Ақщалай қаражат жинау мәселелері бойынша ата-аналарды немесе балаларды кемсітудің, ата-аналар комитеті тарапынан қысым көрсетудің кез келген оқиғалары үзілді-кесілді тоқтатылып отырады, ата-аналарға тек мектеп әкімшілігіне шағыммен бару керек болады.
- Мектептерде педагогтың жалақысына дегенді желеу етіп, ақша өте жиі жинала бастады, жалақының шындығына келгенде неден құралатындығын білуімізге бола ма?
- Мұғалімнің жалақысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 «Азаматтық қызметкерлердің, мемлекеттік бюджет қаражаттарының есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерінің, қазынашылық кәсіпорындардың қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу туралы» Қаулысының негізінде есептеледі. Осы құжатқа сәйкес, жалақы азаматтық қызметкерлердің лауазымдарының реестрі бойынша есептелінеді; базалық қызметтің жалақыға, бұл 17697 теңге, ставкалар, қосымша ақылардың төлемдері, үстеме ақылар, сауығуға жәрдемақылар мен өтемақылар қосылады.
Көріп отырғанымыздай, бұл құжатта ата-аналардан берілетін көмек туралы айтылған бір ауыз сөз жоқ. Дегенмен, мұғалімдерге және мекетепке көмек көрсету әрқашан орын алып келген жәйт, ең бастысы, мұның ерікті-мәжбүрлеу әдістерінің көмегімен жүргізілмегендігі. Баршаңызды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтаймыз, ол өнімді, жемісті және білімге қаныққан болсын деп тілейміз!