Развитие

Мектепке дайындық - шолу. Алматының Әуезов ауданының мектептері

Алматының Әуезов ауданы 1972 жылы, шағын аудандар тұрғызылған кезбен тұспа-тұс құрылған болатын. Қазір бұл қаланың осында бұларда 50 мың бала оқып отырған 39 мектеп жұмыс істейтін ірі аудандарының бірі. Бұл аудандағы мектепт
Мектепке дайындық - шолу. Алматының Әуезов ауданының мектептері
Алматының Әуезов ауданы 1972 жылы, шағын аудандар тұрғызылған кезбен тұспа-тұс құрылған болатын. Қазір бұл қаланың осында бұларда 50 мың бала оқып отырған 39 мектеп жұмыс істейтін ірі аудандарының бірі. Бұл аудандағы мектепт
Мектепке дайындық - шолу. Алматының Әуезов ауданының мектептері
Алматының Әуезов ауданы 1972 жылы, шағын аудандар тұрғызылған кезбен тұспа-тұс құрылған болатын. Қазір бұл қаланың осында бұларда 50 мың бала оқып отырған 39 мектеп жұмыс істейтін ірі аудандарының бірі. Бұл аудандағы мектепт
18.08.2015, 13:12
Изменено: 15.03.2024, 10:05

Алматының Әуезов ауданы 1972 жылы, шағын аудандар тұрғызылған кезбен тұспа-тұс құрылған болатын. Қазір бұл қаланың осында бұларда 50 мың бала оқып отырған 39 мектеп жұмыс істейтін ірі аудандарының бірі. Бұл аудандағы мектептердің қайсысы ең жақсы екендігін және онда қалай оқуға болатындығын біз осы ауданның мектеп психологы Мира Байтүменовадан білуге шешім қабылдадық.

Pandaland Image

- Қазақстанда әр мектепке өзінің шағын учаскесі бекітілген. Сіздің ауданыңыздағы өз мектебіңізді осында қарап көруіңізге және анықтауыңызға болады. Егер балаңыз бірінші сыныпқа баратын болса, онда дайындалып үлгеру үшін мектепті алдын ала анықтап алып, құжаттарды мамырда, маусымда тапсыру қажет.

- Не нәрсеге дайындалу туралы сөз болып отыр?

- Оқуға. Әр мектепте балаларды оқуға қабылдау әңгімелесудің негізінде жүргізіледі, тесттеумен шатастырмау керек, бірінші сыныпқа баратындар үшін білімді бұлайша тексеруге Қазақстанда тыйым салынған. 

Әңгімелесу – бұл баламен және оның ата-анасымен бірлескен әңгіме. Оқушының деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. Баланың ересектермен қалайша өзара әрекеттесетіндігін, ойланып, пікір айта ала ма екендігін, оның сөйлеуі, тілі, моторикасы, жалпы дамуы қандай екендігін анықтап білген маңызды. 6, 7 жасқа қарай баланың дүние туралы түсінігі болуға тиіс, оқи, санай білгендігі құба-құп болады, қазіргі заманның талаптары осындай болып отыр, бұл баяғы кезде балалар бірінші сыныпқа оқуға және санауға үйренуге баратын. Өкінішке орай, қазіргі кезде балалардың даму деңгейі арасында үлкен алшақтық бар – біреулері ересектердің кітаптарын сыдыртып оқиды, бірнеше тілді меңгерген және әлеуметтік желілерде аккаунттары бар, ал басқалары болса «Алтын сақадан» басқа ештемені білмейді және оларды бір сыныпта оқыту өте қиын.

- Әңгімелесудің көмегімен Сіз сыныптар құрасыз ба?  «А» сыныбы мен, айталық, «Г» сыныбы арасында қандай да бір градация бар ма? Бұрынғы кезде барлығы «А», «В» сыныптарында оқуға тырысатын, өйткені онда мықты педагогтар болып еді ғой?

- Сыныптарды біз тек гендерлік және ұлттық белгілер бойынша құрамыз, паритет сақтауға тырысамыз. Бірақ, ата-аналар мектепке белгілі бір мұғалімге өте жиі барады, әрі бұл дұрыс та, 1 сыныптан 4 сыныпқа дейін оқушының базасы қалыптасады, сондықтан мықты педагогқа оқуға барған өте маңызды, әрі мектептер, егер бос орындары бар болып отырса, әрине, ата-аналардың ықтиярына көніп отырады. Әдетте, ата-аналар өздеріне мұғалімдерді «сымсыз радио» арқылы тауып жатады, өкінішке орай, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде Алматының мектептері туралы бірмәнді және толықтай берілген ақпарат өте аз болып отыр.

- Ал баланы алдын ала мықты мұғалімге, әңгімелесуге қалай дайындауға болады?

- Мектепке дайындық перинатальды жаста басталуға тиіс, тұлғаны тәрбиелеу бала бойға біткеннен басталады. Әлемнің барлық ұлы ғалымдары ата-аналар өз балаларына ертегілерді неғұрлым көбірек оқыған сайын, олармен уақыттарын неғұрлым көбірек өткізген сайын, баланың соғұрлым жақсырақ дамитындығын мойындаған. Қазір ата-аналарға көмекке көптеген мектеп алдындағы дайындық орталықтары бар. Ең бастысы, жалқаулыққа салынбай, өзіңіздің балаңызды дайындауды қолға алғаныңыз болып отыр.

- Ең жақсы мектепті қалай таңдап алуға болады? Әуезов ауданында осындай мектептер бар ма?

- Менің қаланың барлық аудандарында жұмыс істеуде жолым болды және мен нашар мектептер секілді, жақсы мектептер барлық жерде бар деп нық сеніммен айта аламын. Бұл жерде барлығы педагогтар құрамына және мұғалімдерге пәндерге шығармашылықпен келуге мүмкіндік беретін әкімшілікке байланысты. Мәртебелі мектептердің тек қана қаланың орталығында орналасқандығы – бұл қазіргі таңда аңыз болып қалған. Біздің ауданымыздағы мықты мектептер – бұл 193,178,176 мектептер, олар орталықта тұрған жоқ, бірақ дәл осы мектептерде оқу озаттарының және қаладағы жоғарғы оқу орындарына оқуға түскендердің саны ең көп болып отыр. Әуезов ауданында мен 132,118,130 көп профильді гимназияларды, бірнеше жеке меншік мектепті атап өтер едім.

Бірыңғай ұлттық тест тапсырудың нәтижелері бойынша жасалған рейтингте аудандағы ең жақсы мектеп – қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейі, «Аблай-Т» гимназиясы, Архимед мектебі, «Шахлан» мектебі, № 132, 130, 111, 118 мектептер. Кейбір мектептер туралы толығырақ әңгімелеп берейік.

№132 мектеп-гимназия

Тарихы:

1988 жылы жаңа шағын ауданда, қазіргі заманғы ғимаратта ашылды. Онда 47 сыныпта 1230 бала оқып жатыр. Директоры - Бибі Шайымқұлқызы Дуанабаева.

Педагогтары:

Педагогтарды жұмысқа қабылдаған кезде ең алдымен олардың сабақ беруге шығармашылықпен келуі ескеріледі. 92 мұғалімнің 42-сі жоғарғы категорияға ие.

Ерекшеліктері:  Ағылшын тілінен 1 сыныптан бастап, француз тілінен 4 сыныптан бастап сабақ берілуі, 1 сыныптан бастап азаматтану пәні жүргізіледі.

Оқудан өзге: Гимназияда қызығушылықтар бойынша үйірмелер, спорт секциялары ашылған. Жыл сайын мектеп түлектері тек мемлекеттік гранттар алып қана қоймай, білімдер бойынша олимпиадаларды да жеңіп алып жатады. Мектептің өз сайты бар - http://132.alschool.kz/.

№118 мектеп-гимназия

Тарихы: Мектеп 1984 жылы ашылған болатын. Тоқсаныншы жылдары математикалық және лингвистикалық бағыт алған көп профильді гимназия мәртебесін алды. Мектеп директоры - Құрманғалиева Зайра Омарғалиқызы.

Педагогтар: Педагогтардың көпшілік бөлігі жас әрі қажырлы педагогтар.

Ерекшеліктері: Мектепте ағылшын, қытай, француз және түрік тілдерінен сабақ беріледі.

Оқудан өзге: Мектепте сыныптан тыс жұмыс өте белсенді жүргізіледі, көптеген қызығушылықтар бойынша үйірмелер мен спорт секциялары, қосмыша пәндік курстар бар. Мектеп оқушылары білімдер бойынша халықаралық олимпиадаларға аса белсене қатысып, оларды жеңіп алып та жатады.

Архимед мектебі

Тарихы: Мектеп «Тәрбиелеудің ерекше жағдайларына мұқтаж жасөспірімдерді оқытуға арналған мектептің» негізінде, КСРО-ның алғашқы жеке меншік мектебі ретінде 1991 жылы ашылған болатын. Ол жылдары тәрбиелеудің ерекше жағдайларына мұқтаж жасөспірімдерді оқытуға арналған мектептте мұндай қиын жасөспірімдер 75% еді және 1500 мың қиын жасөспірімнен түрмеге тек біреуі ғана түсті. Оқуға қабылдау 7 жастан 17 жасқа дейінгі балалармен әңгімелесуден кейін жүргізіледі. Ақы төлеу мектеп директорының өзімен жеке келісіледі. Мектеп директоры - Архимед Мыңбайұлы Ысқақов. Айтпақшы, мектеп сайтында мектептің барлық әкімшілерінің жеке ұялы телефондарының номерлері бар.

Педагогтар: Мектепте осы барлық жылдардың бойында ең жақсы педагогтар жұмыс істеді. Өз кезінде кино тарихын Хаким Булибеков жүргізген, ал бағдарламаны белгілі режиссер, Михаилдың шәкірті Шәріп Бейсембаев жасаған. Қазіргі кезде мектеп бұрынғысынша таңдаулы мектеп деп есептеледі.

Ерекшеліктері Мектеп өзінің назарын шет тілдерін және математика пәндерін тереңдете оқытуға шоғырландырып отыр. Қосымша курстар, қызығушылықтар бойынша үйірмелер жұмыс істейді, оқушыларды мектепке көлікпен әкелу жүргізіледі. Барлық ақпаратты мына жерден алуыңызға болады: https://www.arhimedka.kz/ru/

«Шахлан» түрік мектебі

Тарихы: Бастапқыда бұл мектепте тек қана түрік педагогтер сабақ берген болатын. Бірақ, бүгінгі таңда педагогтар құрамы қазақстандық озық мұғалімдердің пайдасына айтарлықтай өзгеріп отыр. Оқу ақылы, жеке кездесу кезінде келісіледі. Мектеп басшылығына мұнда жазып жіберуіңізге болады: shahlanilkogretim@gmail.com

Педагогтары: Педагогтарға қойылатын негізгі талап – өз пәнін кереметтей білу, сабақ берудің қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану.

Ерекшеліктері Оқыту тек стандартты білімдер ғана емес, математика, физика, химия, биология және информатика бойынша тереңдетілген білім де береді.

- Ең жақсы мектептерді анықтаудың басқа тәсілдері бар ма екен?

Әуезов ауданының мектептері туралы толық ақпаратты ескі әдіспен – «сымсыз телефонның» көмегімен жинап алуға болады. Егер ғылыми тұрғыдан келу туралы айтар болсақ, онда әрине, көмекке бағалау рейтингтері келеді.  Мектептердің рейтингтерін еліміздің жетекші жоғарғы оқу орындары да жасап отырады. Өткен жылы, мәселен, Қазақстан-Британ Техникалық Университеті, өздерінің бірінші курс студенттерінің жекелеген пәндер бойынша сабақ үлгерімін талдап шығып, Қазақстан мектептерінің өз топ-ондығын жасады. Негіз ретінде "Алгебра", "Математикалық талдау", "Физика", "Информатика", "Қазақстан тарихы", "Ағылшын тіл ", "Экономика негіздері" пәндері алынды.

Бұл тізімде бірінші орынды дарынды балаларға арналған, Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған  физика-математика орта мектебі алды. Мектеп дәстүр бойынша республикалық және халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындар алып отырады. Одан әрі бүкіл елімізде орналасқан қазақ-түрік лицейлері келе жатыр. Үшінші орында – Алматының №173 гимназиясы келеді және рейтингті еліміздегі алғашқы гимназиялардың бірі болып табылатын №134 гимназия аяқтап отыр.

Бұл рейтингке Әуезов ауданынан тек түрік лицейлері ғана кірді. Бүгінде мектеп туралы ақпаратты интернеттен де алуға болады, мұнда әр адам өз пікірін қалдыра алатын көптеген форумдар құрылған. Өкінішке орай, түлектердің, ата-аналардың және тіптен педагогтардың көпшілігі осы форумдарда теріс жақтарды көп жазады және, әттеген-айы, грамматикалық және стилистикалық қателердің көп санымен жазады, әрі бұл да нақты мектепте не нәрсеге, қалай оқытып, үйретіп жатқанының көрсеткіші, жақсы оқушылар барлық жерде сауатты жазуға тиіс қой.

Әрі сұхбатымыздың соңында мен Мира Байтуменовадан оның есінде Әуезов ауданының мектептерінде белгілі адамдардың қайсысы оқығандығы қалғандығын сұрастырдым.

- Көпшілік белгілі адамдарды бірден есіме түсіре алмай отырмын. Бірақ, еске түскендері мыналар – саясаттанушы Данияр Әшімбаев «Архимедте» оқыды, тележурналист Ярослав Красиенко шағын аудандағы қарапайым мектепте білім алды, көптеген белгілі спортшылар №9 және №5 лицейді тәмамдады.

Редакциядан:

Құрметті оқырмандар! Біз сіздердің өз мектептеріңіз туралы естеліктеріңізге алғыс айтамыз! Егер Сіз Алматының Әуезов ауданында оқыған болсаңыз, өз мектебіңіздің есіңізде қандай болып қалғанын әңгімелеп берсеңіз. Сіздің балаларыңыз Алматының Әуезов ауданының қандай мектебінде оқиды? Сіздің мектебіңізді танымал болып отырған, табысты адамдардың қайсысы бітіріп еді?

Біз еліміздің әртүрлі қалаларының және аудандарының мектептері туралы пайдалы материалдар дайындап, ата-аналар мен оқушылар үшін пайдалы осы бір ақпаратпен интернет-кеңістікті толтыратын боламыз. Бұл ақпарат неғұрлым ашығырақ болса және ол неғұрлым көбірек болса – біздер, ата-аналар мен қоғам, өз балаларымызды жақсы біліммен және тәрбиемен соғұрлым жақсырақ қамтамасыз ете аламыз ғой. Сауалнамаға қатысқандарыңыз үшін баршаңызға рахмет!


Pandaland Image


Menu
×