Менің күйеуім – мейірбан, тәрбиелі, жомарт адам, әрі мен оны жанымдай жақсы көремін. Бірақ, бұл айтқаным қаншама көргенсіз болса да, оның шешесі, дінге сенетін тәрізді адам – күйеуіме мүлдем қарама-қарсы адам. Кей кездері маған олар туыс адамдар емес секілді болып көрініп кетеді. Анасы үнемі ақша шығындайды, үсті-үстіне заттарды шексіз сатып алуға даяр отырады. Оған әрқашан бәрі де аз – оның орталықта 4 бөлмелі тамаша пәтері бар, ол еш нәрседен қағажу көріп отырған жоқ. Саяхат жасау, ай сайын жаңа телефон, үнемі жаңартылып отыратын техника – осының барлығы үйреншікті нәрсе болып кеткен. Егер мұның отбасының басқа мүшелеріне қатысы болмаса, бұл мен үшін мән-маңызға ие болмас та еді.
Бірақ бұл олай емес. Ол менің күйеуімнен ақша талап етеді. Үсті үстіне. Ай сайын, апта сайын.
Менің күйеуім оны бетінен қағал алмайды, әрі анасы мұны тамаша біледі де. Күйеуім мұны менімен талқыламайды. Бірақ ол менің риза емес екендігімді сезеді. Маған да күйеуімнен анасының талаптарын елеп-ескермеуін талап етіп отыру ұнамайды. Мен – біздің отбасымыздағы ең ызалы адаммын. Қалғандары барлығы шыдап келеді және оларға барлығы ұнайтын тәрізді. Сондай бір елгезек адамдар – ағыммен жүзеді. Ал мен болсам біздің қаржылық жағдайымыздың тым керемет емес екендігін көріп жүрмін. Әрі жағдайдың өзі кез келген сәтте нашарлап кетуі мүмкін. Алда-жалда бірдеме бола қалса – біздің ешқандай жинақтаған қаражатымыз жоқ.
Мен шығындарымызды қысқартуға тырысып бағамын. Өзім ешқандай жаңа зат сатып алмаймын. Жасанып киінген оның анасымен салыстырғанда, мен енді сұр тышқанның дәл өзімін. Өзім айтып кеткенімдей, оның дінге сенетін адам екендігі де есімнен тандырады. Бірақ оның руханилығы сонша бір көріне, сезіле бермейді.
Жалпы айтатын болсам, осының барлығы менің жүйкемді тоздыруда және күйеуімді менің үнемі жабырқаңқы күйім жалықтырып жібере ме деп қорқамын да. Енді-енді сабырға келіп, тыныштала бастасаң-ақ, анасы қайтадан телефон соғады немесе үйімізге келеді. Әрі мен оның пайда болуының әдетте немен аяқталатынын білемін. Күйеуімнің картасынан ақша оның кезекті орынсыз тілегіне кетеді.
Мұндаймен ұшырасам деп ешқашан ойламағам. Керісінше болуы керек сияқты еді ғой – әдетте жалқаулықты және артық шығындарды келіннен күтеді емес пе. Осының барлығын неге баяндап бергенімді білмеймін. Бірақ, иығымнан сәл-пәл жүк түскендей сезім қалып отыр. Әрі қарай тынышталуға – йогаға, ит секілді тұмсығымды төмен қаратуға барамын. Қыздар, жымиып күлейік те, еш нәрседен қамықпайық!)))