Моя история

Бүгін қазақтар қой мінезді болуға міндетті емес!

Бәріне сәлем! Менің атым Айдана және Pandaland порталында жұмыс істегеніме 2 жылдай болып қалды. Соңғы кезде мен мақалаларды қазақ тілінде жазғым келіп жүрді, бірақ қателер болса өте ұялатынымды білемін. Сонда да, басымнан өткен оқиғамен оқырманда
Бүгін қазақтар қой мінезді болуға міндетті емес!
Бәріне сәлем! Менің атым Айдана және Pandaland порталында жұмыс істегеніме 2 жылдай болып қалды. Соңғы кезде мен мақалаларды қазақ тілінде жазғым келіп жүрді, бірақ қателер болса өте ұялатынымды білемін. Сонда да, басымнан өткен оқиғамен оқырманда
Бүгін қазақтар қой мінезді болуға міндетті емес!
Бәріне сәлем! Менің атым Айдана және Pandaland порталында жұмыс істегеніме 2 жылдай болып қалды. Соңғы кезде мен мақалаларды қазақ тілінде жазғым келіп жүрді, бірақ қателер болса өте ұялатынымды білемін. Сонда да, басымнан өткен оқиғамен оқырманда
17.02.2017, 06:12
Изменено: 14.03.2024, 15:32

Бәріне сәлем! Менің атым Айдана және Pandaland порталында жұмыс істегеніме 2 жылдай болып қалды. Соңғы кезде мен мақалаларды қазақ тілінде жазғым келіп жүрді, бірақ қателер болса өте ұялатынымды білемін. Сонда да, басымнан өткен оқиғамен оқырмандармен бөлісуді жөн көрдім! 

Қазақ халқының өкілдері өздерін қоймен теңестіруді жақсы көреді. Момын, тыныш, қарапайым қазақ деп өзіміздің бойымызға сіндіріп алған мінезіміз... Ойланып қарасақ, осындай өмір бізге көптеген қиындықтар туғызады. 

  • Туыстарың басыңа шығып алдыма - жәрайды, туыспыз ғой деп жүре береміз...
  • Мектепте пара алып жатқан класс жетекшесіне - жәрайды, баламды оқытып жатыр ғой...
  • Жолда көлігімен басайын деп жатқан жүргізушіге - жәрайды, аман қалдым ғой...
  • Сапасы төмен сервиске - жәрайды, төйлей салайын, шу шығармай...

Осылай көргенге төтеп бере алмай жүрген байқұс жандармыз. Мен өзім сабырлы, Құдайға сиынатын, қазақи момын отбасынан шыққан қызбын. Алайда Совет одағында тіл бойынша қысымдарды көрген әкем мен анам - әпкем екеумізді орыс мектебіне берді. Айтса керек, орыс мектебінің балалары басқа ортада өседі: айтқысы келгенін айтып, еркін тәрбие алады. 

Мектеп табалдырығынан шығып, еркін ойлап, еркін өмір сүретін адамдардың қасында жүрдім. Көбісі еркіндіктін астында жаман нәрселерді ойлап қалу мүмкін, алайда мен осы сөзді басқаша түсінемін. Менің ойымша, еркін өмір сүру - ол басқалардың айтқанымен емес, өзің жөн көретін нәрселерге және өзіңнің күшіңе сеніп өмір сүру.

Осындай мінездің арқасында бір үлкен маселені шешіп, жақында қуантар жаңалық естідім. Сіздерге жақсы үлгі болсын деп осында сол оқиға туралы жазып отырмын. 

2 ай бұрын менің анам ауыруға шалдықты, отандық дәрігерлер көмектесе алмады, сондықтан ақшамызды жинап Израиль еліне ұшуды жөн көрдік. Білмегендер болар, бірақ отандық авиакомпаниялар еврейлердің жеріне ұшпайды...

Тек украиндық және орыс авиакомпанияларының рейстері "Бенгурион" терминалына қона алатын болғаннан соң, ақшамызды және сағатымызды үнемдеп, МАУ авиакомпаниясының билетін сатып алдық. Ұшақ Киев арқылы ұшатын болды, сондықтан билетті алдынала багаждын трансферімен алдық. Алматыдағы әуежайда билеттерімізді тіркеп жатқанда, бізге компанияның өкілі сіздердің багаждарыңызды Киевқа дейін ғана тіркейміз деді.

Бірінші рейспен екінші рейстің арасы бір-ақ сағат! Үлгермейміз ғой деп қатты қобалжыдық... Ауыру шешемді сабырға келдіріп, мәселені шешетін уақыт болмай, бәрін Құдайға тапсырып, ұшаққа отырдым. Тез-тез сөмкелерімізді алып, Киев терминалының тіркеу терезесіне жүгірдік. Ұшаққа отыруға әлі уақыт болды. Өкінішке орай, тіркеуші бізге компьютерді көрсетіп, ұшақ толы екенін айтты.

Ештеңке түсінбей, басқа елдің әуежайында шыж-быж болдық. Анамды ертесінде израильдік дәрігер күтіп отырды. Не істерімізді білмей тұрғанда, МАУ компаниясының өкілі келіп 100 мың теңге төлеңдер сонда 10 сағаттан кейін ұшатын ұшаққа отырғызамыз деді. Момын қазақтар жәрайды деп 10 сағат күтті.

Израильге жеткенімізге қуанып, бәрін ұмытқандай болдық, бірақ ішімнің бәрі МАУ компаниясының сондай әділетсіздігіне күйіп жүрді... Ресми түрде компанияның атына мәлімдеме жаздым, компания жауапты 3 айдың ішінде береміз деді... Жыным қайнап фейсбукте ашық хат жаздым! 

Әке-шешем: "Құдайдан қайтсын!" -  деп, қолын сілтеді. Ал енді ең қызықтысы: 2 күн бұрын компания ресми түрде кешірім сұрап 100 мың тенгенің үстіне 800 евро қосып төлем ақыны жіберетінін жазды! Осы хатты оқығанда жылағым келіп кетті... Есіме "Борисполь" әуежайында анам екеуміз жетімсіреп отырғанымыз, тіркеу терезсіне жүгіргеніміз - бәрі көз алдымда анық келді.

Осы оқиғамен айтқаным келгені: ешқашан ешкімге өзіңіздің құқығыңызды таптатпаңыз, қандай қиын, шешілмейтін жағдай болмаса да - Құдайға тапсырып, қолыңызды сілтемеңіз! Әділеттік, заңды қоғам деген ұғымдар қазаққа әзірше жат нәрселер, бірақ осы жағдайды өзгерту біздің қолымызда! Әрбір үлкен іс кішкентай қадамннан басталады!

Menu
×