«Уақытша немесе сүт тістерді емдеудің қажеті не?» - Лаура Қалдыбаева балалар, стоматология және өз дегенін іске асыруы туралы

«Уақытша немесе сүт тістерді емдеудің қажеті не?» - Лаура Қалдыбаева балалар, стоматология және өз дегенін іске асыруы туралы


Мені, көптеген ата-аналарды секілді, әсіресе егер жаңа бизнесті әйел адам жүргізіп отырса, отбасына және балаларға бағыт-бағдар алған қызметтердің іске қосылуы қуантады. Неліктен әйел адам? Өйткені, мама болу – бұл орасан зор күш пен қуатты қажет ететін жеке «жұмыс», ал өз ісіңді балаларыңмен және жұбайыңмен қоса атқарып отыру мүлдем оңай емес болып көрінеді.  Сонда да бізге, әйелдерге барлығын қалай үлгеруге және бұл ретте әдемі де өз өзін күткен болып қалуға  болатындығын талдап, түсіну, осының анық-қанығына жету – менің алғашқы әңгімемнің мақсаты.

Pandaland Image

ЛАУРА ҚАЛДЫБАЕВА

30 ЖАСТА

БАЛАЛАРЫ: САҒЫНБАЙ АЯНАТ, 5 ЖАСТА

БІЛІМІ: Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты– BSc; Қаржы Магистрі, Джордж Вашингтон Университеті, АҚШ.

ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ: Медицина, кәсіпкерлік

Балаларға арналған стоматология ашу идеясы қалай пайда болды?

Идея балалық шағымда туындаған болатын. Менің отбасым, анам және туысқандарым баяғыдан медицина саласында жұмыс істеп келеді, стоматологтар, патологоанатомдар, генетиктер болып табылады. Мен ертегі тыңдап емес, анатомия кітапшаларын оқып, қарап өсіп-есейдім. Мектепте оқып жүргенімде, медицина факультетіне оқуға түскім келді. Бірақ та, 2000-шы жылдардың басында бұл мамандық мәртебелі деп саналмады. Барлық жастар экономистке және заңгерге оқуға түсуді ойлайтын, мен де осы толқынға түстім.

Мен қаржы ісін зерделей бастадым, АҚШ-тағы қаржы саласындағы мәртебелі бағдарламаға кірдім, «Болашақ» грантын, университеттен топ-студенттерге арналған, CFA (Сертификатталған қаржы аналитигі) алуға шәкіртақы алдым. Бұл салада 10 жыл еңбек еттім. Бұл сені оқытуға салынған қаржы өз жемісін бере бастайтын кез болатын, дәл сол жинақталған тәжірибе – маған көтерілуге, әрі айтарлықтай жоғары көтерілуге мүмкіндік берер еді. Бірақ, мені әрқашан медицина қызықтыратын еді, әрі 29 жасыма қарай мен өз жобамды іске қосу үшін кемелдендім. Менің ынтам отандық медицинаны халықаралық деңгейге дейін дамытуға негізделген. Бізде Кеңестер одағы қалдырып кеткен білім қоры бар жақсы адами ресурстар тұрады, бірақ білімдер мен клиникалардың жарақтандырылуындағы, алдыңғы қатарлы технологиялардағы алшақтық өзіміздің жас мемлекетіміз аяғына тұра бастаған қиын-қыстау жылдары арта түсті.

Мен балалар сегментіне баруға шешім қабылдадым, өйткені, ана болғаннан кейін балаларға маманданған клиникалардың аз екендігін, ал мұны халықаралық деңгейде жасайтын клиникалардың одан да аз, саусақпен санарлықтай екендігін байқадым. Нарық енді ғана дами бастады, әрі мен одан үлкен потенциал көріп отырмын. Екі себепке орай, медицина саласындағы өзімнің алғашқы жобам етіп стоматологияны таңдап алдым. Біріншісі – біз ауыз қуысының ауруларының организмнің жалпы күйіне теріс әсерін тигізетіндігін түсінеміз, өйткені кариес — бұл осымен организм үнемі күресіп отыратын инфекция, осыған орай иммунитеттің төмендеуі жиі байқалады. Екінші себеп – жеке бас сипатындағы себеп – менде балалық шағымда қараңғы бөлмелерді, өзіме түсініксіз құралдарды көрген кезде клиникадан қашып шыққан, стоматологқа барудың теріс тәжірибесі болған еді. Маған ол жерде тіптен менің неліктен келгенімді, менімен не жасайтындарын және мұның маған неліктен керек екендігін ешкім де ештеме деп те түсіндірмеген болатын.


Pandaland Image

Қазір, әрине, заман басқа, біз клиникада балалардың тістерін емдеуге психологиялық тәсілді қолданамыз. Менімен өз тәжірибелерін бөлісетін, Қазақстаннан тысқары жерлердегі әріптестерімді танитындығым тұрғысынан менің жолым болды. Осы тәжірибелердің бірі – клиникадағы көптеген процестер автоматтандырылған, дәрігерлер назарын қағаз толтыруға емес, емдеуге шоғырландырған кездегі, клиниканы Lean стилінде басқару. Менің арманым – отандық балалар стоматологиясының көкжиегін және, жалпы алғанда, клиникаларды басқаруға деген көзқарасты және денсаулыққа деген көзқарасты өзгерту. Қазірде адамдар маған мына сұрақты жиі қояды: «Уақытша немесе сүт тістерді емдеудің қажеті не, олар бәрібір түсіп қалады ғой?»Бұл сұрақта шындықтың үлесі бар, бірақ шындық тек олардың түсіп қалатындығында ғана! Сүт тістердің түсіп қалатындығы туралы айтатын адамдардың қателесуі тек олардың тістердің алмасу тәртібін және мерзімдерін білмейтіндігімен ғана байланысты! Егер барлық сүт тістер бірдей түсіп қалса, ал барлық тұрақты тістер осыған ұқсас бірдей өсіп шықса, сірә, сүт тістерді емдемеуге де болар еді.

Дегенмен, бұл мәселе де даулы, иммунитет туралы және осылар ауыз қуысының денсаулығына байланысты болатын басқа маңызды жүйелер туралы ұмытпау керек. Бірінші кезекте, балаларда кариес тістерінің анатомиялық бітіміне орай жылдамырақ дамиды – эмалі жіңішкерек, тістері кішірек. Егер процесті бетімен жіберіп алса, бала ауырсынатын болады, жүйкесі қабынады, әрі егер процесс одан бетер жүретін болса, онда инфекция енді тұрақты тістің өскініне еніп кетеді, осылайша, тұрақты тістің эмалін зақымдайды, ал бұл болса енді болашақта коронка немесе винирлер қолдануға себеп болады. Сүт тістердің сау болғандығының қаншалықты маңызды екенін аңғарып отырсыз ба? Сондықтан да біз, ең алдымен, балаларда кариесті болдырмауға көп назар аударамыз.

Біздің клиникамыздың және дәрігерлер командасының міндеті - ата-аналар үшін де, біздің кішкентай пациенттеріміз үшін де ағарту жұмысын жүргізу, бұл үшін біз клиникамызда гигиена сабақтарын да, мектептер мен бала бақшаларына барып, дәрістер де өткіземіз. Егер 5 жылдан кейін ата-аналар осы тәріздес сұрақтар қоймайтын болса, біз керемет бақытты боламыз. Демек, біз үлкен жұмысты бекер өткізбедік деген сөз. Мен біздің пациенттеріміздің келісті жымиыстың балалық шақтан басталатындығын және тісті күту мәдениетін дарытуда ата-аналардың ролінің өте маңызды екендігін түсінгендерін тілеймін.

Өз ісіңді іске қосу үшін, не нәрсе керек?

Менікі секілді, капиталды көп қажет ететін бизнес үшін екі фактор маңызды: капиталға қол жеткізу мүмкіндігі және өз ісін бастауды қатты ниет ету, осыған табандылық, батылдық және одан арғы тұрақты ынта. Табысты адам деген – өз ісін жақсы көретін адам деп бекер айтылмаса керек. Өз бизнесімді мен қолымда жеткілікті қаржы қоры болған кезде ғана іске қостым. Бұл үшін тіптен, мысалға, тұрғын үй мәселесінде қаржы үнемдеуге тура келді: біз өз пәтерімізді жалға беріп, жұбайымның ата-аналарына тұруға көштік.

Pandaland Image

Іске қосқан кезде қандай қиындықтармен кездестіңіз?

Тек Алматыда ғана емес, Қазақстанда да балаларға арналған ең жақсы стоматологиялық клиника болып шығуға деген орасан зор ниет, ынталану мені алға қарай жетеледі. Сондықтан барлық істің анық-қанығына жетіп отыруға тура келді. Ынталану ынталанумен, бірақ жаңа бизнестің заңгерлік және бухгалтерлік мәселелер, материалдар сатып алу, адамдарды басқару және тағысын тағы екендігін ұмытпаймыз. Менің күйеуім өз бизнесің – бұл тәулігіне 24 сағат жұмыс істеу екендігін ескерткен болатын. Осылай болып та шықты, бизнесті жүргізердің алдындағы алғашқы 6 ай ішінде тәулігіне 25 сағаттан білек сыбана еңбектендім.

Бизнесті іске қосқаннан 3 ай өткен соң қызметкерлерді ынталандыру мәселесі туындады. Әр адамның өз бабын іздестіру қажет болды. Персоналды басқару мен менеджмент жөніндегі кітаптарға қайтып оралуыма тура келді. Еңбек ресурстарын тиімді басқару мәселесі әрқашан болып отырады, бұл жерде басшының үлгісі маңызды. Өкінішке орай, мен дәрігер емеспін, бірақ менің қызметкерлерім, дәрігерлер маған: «Лаура, сіздің балалар стоматологиясының қыр-сырын аңғарғандығыңыз соншалықты, Сіз біз үшін осы саладағы менторсыз», - деп жиі айтады. Осыған сәйкес келуге, жаңаны зерделеуге, үнемі жетіліп отыруға тура келеді. Дәрігерлер үшін, менің ойлауымша, мен сәл өзгеше, мысалға, пациенттерге қызмет көрсетуге, қарапайым адам немесе ана жағынан болатын көзқарасты енгіземін, біздер, мысалға, клиенттер, неге назар аударатындығымызды немесе аударатын болатынымызды жеткіземін.

Сіз күнделікті жұмыс процестеріне қатысасыз ба?

Сөзсіз. Таңертеңнен кешке дейін. Бірақ, қазір сәл жеңілірек бола бастады. Жуырда клиникада бір апта болмадым, әрі командамның жұмысты менсіз атқарып отырғанына қуанып қалдым. Мен үшін негізгі мақсат – өз бетінше тиімді жұмыс істейтін болатын дұрыс жүйе құру.

Pandaland Image

Не нәрсе көбірек уақытты қажет етеді – өз бизнесіңді басқару ма, әлде жалданбалы қызметкер болып жұмыс істеу ме?

Өз бизнесің көбірек уақытты және алаңдаушылықты қажет етеді. Бірақ ол бірқатар оңды мүмкіндіктер береді: біріншісі – бұл өз уақытыңды басқару мүмкіндігі. Мен қызыма күндіз бірнеше сағат арнай аламын, бірақ кешке жұмысқа қайтып оралу қажет болады. Мен 9-18:00 аралығында кеңседе тапжылмай отыруға міндетті емеспін, әрі бұл өз бизнесің беретін негізгі артықшылық. Екінші оңды сәт – бұл жеке бастың дамуына берілетін күшті серпін. Өз бизнесің кеңселерде отырғанда, осыған барлығымыздың етіміз үйреніп кететін жайлы аймақтан сол сәтте-ақ айырады, өйткені мұны сенен басқа ешкімнің шеше алмайтындығын, «шегінер жер жоқ» екендігін және «компанияның үлкен ұйымдық құрылымында»  таптырмай кету мүмкін еместігін түсінесің. Және үшінші, сірә, ең жанға жайлы оңды тұс – бұл бір нәрсені өзгерту және жемісін айтарлықтай жылдам көру мүмкіндігі. Барлығы да сіздің ниетіңізге, ұстанымыңызға және ынталануыңызға байланысты. Бірақ, бұл жол әдетте өз бизнесіңдегіге қарағанда ұзағырақ, өйткені Сізге мұны жылдам жасауға жиі-жиі кедергісін келтіріп отыратын өте көп факторлар бар (күледі).

Сіздің бизнестегі табыстарыңызды жұбайыңыз қолдап отыр ма?

Ол менің банктен кетіп, өз ісіммен айналыса бастағаныма қуанышты. Өйткені, банкте мен 9-21:00 аралығында жұмыс істейтінмін, үнемі іссапарларда жүретінмін. Менің күйеуім менің жұмыс істегенді жақсы көретінімді әрқашан білетін, сондықтан ешқашан да мені үйде отыруға көндіруге тырыспайтын, осы үшін оған алғысымды айтамын.

Pandaland Image


Қызыңыз балалар бақшасына қашан бара бастады?

Қызым балалар бақшасына 2 жасында барды. Екі жас – балақан мамасынан бөлініп кетуге қорықпайтын және әлемді зерделеуге даяр болатын дәл сол қажетті жас деп ойлаймын. Мен үйде де, балалар бақшасында да баланың жан-жақты даму алып отырғанын құптаймын, әрі бұл неғұрлым ертерек болса, соғұрлым жақсырақ. Сондықтан күйеуімді біздің әрбір саяхатымызға қызымызды ала шығуға көндіремін. Осыншама кішкентай жасында ол ештемені есінде сақтап қалмас та (сол өзі керек пе?), бірақ мен жаңа нәрсенің әрқашан даму үшін түрткі болып қызмет ететініне сенімдімін.

Сіздің ата-анаңыз және жұбайыңыздың ата-анасы бастамаларыңызға қалай қарайды?

Менің маман күн сайын телефон соғып, сұрай баста        йды:

- Иә, қызым, бизнесің қалай болып жатыр?

- Жақсы.

- Жанұяң туралы ұмытып кеткен жоқсың ғой деп сенемін? Жанұяң – ең бастысы! Сен осыны түсінесің ғой?

Өзінің еңбекқор қызын біле отырып, мені әрқашан теңгеріп отыратындығына және орынды кеңестерін беріп, эмоциялық қолдау көрсетіп отыратындығына менің дана анама зор алғыс, өз бизнесіңде әрқашан жеңіл бола бермейді ғой.

Pandaland Image

Ата-аналарыңыз Сізге тәрбиелеуде қандай негізгі құндылықтар берді?

Менің ата-анам маған жақсы бастапқы жағдай берді, тұлғаның дамуы үшін мінездің қажетті белгілерімен берекелі мүмкіндіктерді бойыма сіңірді. Таң қаларлық болып көрінер, ал мүмкін бұған таң қалмауға да болатын шығар (күледі), бірақ мен өз бойымнан бірдеме жасауға, әрекет етуге, бір орында отыра бермеуге әрқашан күш-жігер тауып отырамын. Менің анам өзімді әрқашан оқып-тоқуға үйретті. Ол биохимик және генетик, ғылымға жақын адам. Үнемі бірдемені зерттеп, зерделеп жүргені. Папам болса, керісінше – өндіріспен айналысатын, іске жақын адам – сәулетші, құрылысшы. Болмысы бойынша ол өте кәсіпкер адам. Ол мені көп нәрсеге үйретті, сондықтан мен – әкемнің қызымын деп нық сеніммен айта аламын. Қиын-қыстау 90-шы жылдары ол қарбыз, көкөніс, одан соң машиналар сатуға мені өзімен бірге алып жүрді (күледі). Бала кезімізде ата-анамыз бізді ағамызбен бірге ауылға, атам мен апама жиі жіберіп отыратын. 7 жаста болғанымда, мамамның бізге Love is, Tip-i-Tip, Turbo сағыздарының (естеріңізде ме?) қораптарын жібере бастағаны есімде. Мен оларды аға-інілерім мен апа-қарындастарымның арасында күндер бойынша (жаздың 90 күні) бөлетінмін, ал басы артықтарын, дәмін басқа балалар да татып көрулері үшін, жергілікті дүкенге сатуға беріп отырдым. Бәлкім, кәсіпкерлік рухы сол кезде пайда болған шығар (күледі).

10 сыныпта оқып жүргенімде, ақшадан қатты қысылдық та, мен алғашқы Рамстор гипермаркетіне, клиенттермен жұмыс істеу бөліміне жұмысқа кірдім. Осы қазіргідей есімде, ашудан булыққан клиент келіп, ашып кеткен сүттің ашылған қорабын бетіме лақтырып кеп жіберді. Бірақ, оны тыныштандыру және жағдайды жөнге келтіру қолымнан келген болатын.

Pandaland Image

Неғұрлым ертерек жұмыс істей бастасаң, өз нәтижелеріңді көрсету керек болғанда, соғұрлым дайындалған боласың деп санаймын.

Ең негізгісі – ата-аналарға балаларын неге оқытып, үйреткен маңызды?

Баланы стресске төзімділікке, еш өзгерістерге мойымауға үйреткен маңызды. Ата-аналар өз баласын түсінуге, оның оң қасиеттерін көруге, мықты жақтарын дамытуға, ынталандыруға және осал тұстарын қалыпқа келтіруге міндетті.

Қызыңыз оқуға қандай мектепке баруды жоспарлап отыр?

Зердеге, қазақ мектебіне. Жуырда құрбым маған былай деді: «Лаура, әлемде сондай жаһандану үрдісі жүріп жатыр, қызыңды қазақ мектебіне неменеге бересің? Халықаралық мектепке бер». Бұған мен оған: «Ағылшын тілін ол міндетті түрде үйреніп шығады, орыс тілін де, ал қазақ тілін болса мінсіз білуі керек. Мен жуырдағы болашақта, балаларым есейген кезде, барлық адамдардың қазақ және ағылшын тілдерінде сөйлейтін болатындығына сенімдімін. Келешек осы тілдерде. Біз 150 млн емес, бар болғаны 15 млн емеспіз бе, әрі егер менің балам өзі туған елдегі тілді білмейтін болса, ол қалың тобырдың арасында жоғалып кетуі мүмкін. Әрқашан өз түптамырыңды және қайдан шыққаныңды білу керек деп санаймын. Онымен қоса, маған қазақ мектептерінде, атап айтқанда осы мектепте, дәл өсіп келе жатқан қыздарымызға жақсы тәрбие мен тәуір білім беретін секілді болып көрінеді.

Pandaland Image

Өзіңіздің жұмысыңызда не нәрсе бәрінен көбірек ұнайды?

Балалардың және олардың ата-аналарының бақытты жүздерін және олардың салауатты жымиысын көру және олардың денсаулықпен проблемалары жоқ екендігін, олардың тіс ауруына немесе ауруға көңілдерін алаңдатпай, керемет іс-әрекеттер жасауға, әлемді жақсы жағына өзгертуге күштері мен уақыттары бар екендігін білу. Аристотель айтқанындай – шындығында да, медицина – ең қасиетті кәсіптердің бірі.

Жұмыс күндеріңізді қалай жоспарлайсыз?

Өзін өзі ұстай білушілік пен күн тәртібі өте маңызды. Өз бизнесіммен мен жинақырақ болып алдым, аптаға, айға және тіптен жылға жоспарлары бар күнделік жазып отыруға тура келеді (күледі).

Жұмысқа әдетте таңертеңгі 10-да келемін, 16:00 дейін жұмыс істеймін, одан соң қызыммен және жанұяммен боламын. Аптасына кем дегенде 3 рет спортпен айналысамын.

Болашаққа жоспарлар

Компания ретінде одан әрі даму және тек стоматологиямен ғана шектеліп қалмау. Қазіргі кезде Астанада, Ақтауда, Атырауда Kids Smile филиалдарын ашу туралы көптеген ұсыныстар келіп түсіп жатыр. Апта сайын Қазақстанның басқа қалаларынан кем дегенде 2 клиент ұшып келуде.

Болашақта балалар медицинасына көбірек бойлай кіруді жоспарлап отырмын, Гарвардта тоғыз айлық Health Management бағдарламасын өте аяқтағым келеді.

Ал бәлкім, мен күндердің бір күнінде денсаулық сақтау министрі болып шығармын! (жымияды – ред.)

Pandaland Image

Балақандар ше, тағы да болады деп жоспарладыңыз ба?

Кем дегенде үш баламыз болатынын жоспарлап отырмыз. Маған жүктілік пен балаларды тәрбиелеу карьераға кедергісін келтірмейтіндей болып көрінеді. Басты мәселе өз уақытыңды (тайм-менеджмент), бизнесіңді (қабілетті адамдарға өкілеттіктеріңді беру) сауатты басқаруда, әрі жалпы алғанда, дұрыс шешімдерді жылдам қабылдай білуде жатыр.

Өз бизнесін жоспарлап отырған pandaland.kz оқырмандарына кеңестер.

Орныңнан тұрып, бірінші қадам жасау. Мен үшін бұл бөлме табу, жалға алу шартын жасасу болды, әрі төлеу керектігін түсінгеннен кейін-ақ білек сыбана жұмыс істей бастадым. Күш-жігеріңді салмайынша, идея идея ғана күйінде қала береді. Бірақ, әрбір табыстың түп тамырында 3 құрамдас бөлік жатыр:

Біріншісі, бұл ішкі сенімділік немесе өз өзіңді бағалау. Біздің барлығымыз бір нәрседен қорқамыз. Біз жеткілікті болатындай ақылды емеспіз, жеткілікті болатындай әдемі емеспіз, жеткілікті болатындай адамға үйір емеспіз және тағысын тағы. Бірақ, бұл ішкі кедергілер. Сізге осылармен жұмыс істеуге кім кедергі жасап отыр?

Pandaland Image

Екіншісі, «Talk the talk, walk the walk» деген мақал бар. Бұл - нені айтсаң, соны жаса дегенді білдіреді. Медицинадағы стандарттарды жақсартуға уәде бердің бе, күн сайын осыны жасасаңшы, шешімдер іздестір, жақсырақ, пайдалырақ бір нәрсені тап та, іске асыр. Істі бастап, оны аяғына дейін, жаңа да жақсырақ деңгейге, жақсырақ сапаға жеткізуге батылдық пен табындылыққа ие бол.

Және үшіншісі – сәттілік! Сәттілік деген нені білдіреді? Менің түсінігімде бұл – үнемі жүріп жататын жұмыс, әрекеттер мен ыждаһаттылық. Тек жүрген адам ғана жолды игереді де, оның алдындағы тұман сейіледі. Өздеріңізді суға лақтырыңыздар. Өз өзін сақтап қалу инстинкті іске қосылады. Сіз жүзе бастайсыз, әлде суға батып кетесіз. Таңдау сізде. Біреуді өмір итермелейді. Кім-кімді өмір итермелемесе, олар өздері осындай ойға келіп, «сүйікті істің» иіріміне түсуге батылдық жинауға тиіс. Біз өзіміздің ересек өмірімізде осылайша «жүзуге» үйренеміз. Дамудағы келесі қадам – тек жүзуге ғана емес, бағыт-бағдар белгілеуге үйрену. Өз ісің күннен күнге жақсырақ бола бастағаныңнан, біреуге көмектесетіндігіңнен, сенің қаламыңның ізінен тарихтың өзгеретіндігінен өзіңді бақытты сезінуге мүмкіндік береді. Сәттілік – бұл қос қолымызды қусырып отырмай, білек сыбанып, бірдеме жасаған, бірдемеге тырмысқан кездегі 99% төгілген тер. Тек сонда ғана бір оқиға екінші оқиғаны тудыратын болады, бір мүмкіндіктен кейін екінші мүмкіндік ашылатын болады. Іске сәт!





Поделиться:



Интересные статьи



Рекомендуемые






Oksana Shokanova
Oksana Shokanova

Всего постов — 21

Ибрагим

8 лет 2 месяца

Мансур

3 года 9 месяцев

Сарра Шоканова

1 год 10 месяцев


 1 559
+0