Еурападағы қазақ әйел – киім дизайнері Майра Каллерамен сұхбат

Еурападағы қазақ әйел – киім дизайнері Майра Каллерамен сұхбат


Олар қандай? Еуропадағы қазіргі заманғы бәсекелі қазақстандық кәсіпқойлар? Қазақ әйелдерін еуропалық өмір ырғағы қалайша өзгертеді? Қазақстандық дизайнер әлемдік сән мен дизайн нарығынан өз орнын ала ала ма? Бүгін біз Қазақстаннан шыққан миландық дизайнер Майра Каллерамен әңгіме-дүкен құрдық.

Майра Каллера Fashion stylist мамандығы бойынша Еуропалық Дизайн Институтын (Instituto Europeo di Design, Milano) табыспен аяқтады. Оқып, білім алуы кезінде Conde Nast Italia фирмасында тәжірибе жинақтады. Миландағы және Париждегі сән апталарында Александра Пазалакуа, Таня Джонс секілді сәнді стилистерге көмекші болды. Сондай-ақ Benneton, Yves Saint Laurent брэндтерін жарнамалау үшін Еуропалық Дизайн Институтының аясында сән фотосессияларын ұйымдастыруға қатысып отырды.

Өзінің диплом жұмысын қазақстандық нарыққа арналған, үйлену тойының салтанатты киімдерінің сәнді журналы түрінде көрсетті, "Bride Style" журналын жасаудағы тьюторы және көмекшісі L'Uomo Vogue журналының редакторы Джианлука Канатаро болды.

Дипломын табыспен қорғап шыққаннан кейін, L'Uomo Vogue журналында екі айлық тәжірибеден өтті, жарты жыл итальяндық Max Mara брэндіне жұмыс істеді.

Pandaland Image

Қазіргі таңда Майра баласын күту бойынша декреттік демалысында жүр. Балақанының жасы жақында үшке толады, оны Алиша Аланис Каллера деп атайды. Майраның отбасы Швейцарияның итальяндық бөлігіндегі Локарно қаласында тұрады.

МАЙРА КАЛЛЕРА

25 ЖАСТА

БАЛАЛАРЫ: Алиша Аланис Каллера, 3 жаста

БІЛІМІ: Instituto Europeo di Design, Milano, мамандығы - фэшн стилист

ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ: Дизайн, сән, бизнес

- Майра, бәлкім, Сіз қазақстандықтардың бір жағынан – өздерінің шетелдегі табысты отандастарын мақтан еткісі келетіндігін, екінші жағынан – барлық табысты  адамдарға секілді, олардың мүлт кетулерін сирек кешіретіндігін білетін шығарсыз. Бөгде адамдардың – Сіздің отандастарыңыздың (қазақстандықтардың) жеке Сіл туралы не ойлағанын қалар едіңіз? Мысалға – мен өзімді жақын адамдардың және әріптестерімнің құрметтегенін және бағалағанын, әрі менің құзыреттілігіме және эмоциялық кемелдігіме сенімді болғандарын қалаймын. Бірақ, сонымен бірге, мен бөгде адамдардың мені өзімнің жеке пікірлерімен тыныштықта қалдырып, өздерінің ақыл-кеңестерімен және мінез-құлық қағидаларын үйретуімен ішкі дүниеме кірмеуін, өзіме таңдау жасауға мүмкіндік беруін қалаймын. Сіз нені қалайсыз?

- Мен өзімді жан-жақты тұлға ретінде білгенін, маған жақын адамдар мен әріптестерімнің жетістіктеріме мақтануы үшін, тұтас, өзі жеткілікті адам ретінде қабылдағанын, менің құзыреттілігіме және эмоциялық кемелдігіме, менің шынайылығыма және парасаттылығыма сенімді болғандарын қалаймын. Сонымен қатар, маған жақын емес адамдардың маған деген дұрыс көзқарастарын және сыпайыгершілік сезімін сақтағандарын ниет етер едім. 

- Өзіңізге қатысты ешкімге не нәрсеге жол бермейсіз?

- Менің ар-намысымды аяққа басуға жол бермеймін.

- Еуропаға қалай барғаныңызды әңгімелеп беріңізші?

- Еуропаға мен мүлдем кездейсоқ келдім, АҚШ-қа баруды жоспарлап, тіптен Сан-Францискодағы Дизайн институтына оқуға қабылданып та қойғанмын, дәл сол кезде әкем бастаған менің жанұям: егер қыздары өздеріне жақынырақ жүрсе жақсы болады, жалпы алғанда, Америкадағы жағдай тұрақсыз боп отыр деп шешті. Ал Еуропаға ақсүйектік, өнер толығымен сіңген, бұл шығармашыл тұлға үшін ең қолайлы жер және онымен қоймай – ата-анама жақынырақ. Менің алдымда Милан, Париж, Лондон секілді таңдау тұрды…. Бұған мен жорамалдап, Миланды таңдап алдым. Әрі қателеспедім. Италия мені әлі күнге дейін қатты шабыттандырады... картиналардың, скульптураның тілдерін қоса отырып, тарихтан, әртүрлі дәуірлердің ескі сәулет өнерінен бастап, әрине, тағамдарымен және музыкасымен аяқтай отырып... Университетті аяқтағаннан кейін, мен дәл сол Миланда практикадан өттім, ал практикадан кейін Швейцарияға көштім. Күйеуге шықтым, жұмысқа орналастым және қызымды тудым.

Pandaland Image

- Еуропа елдерінің қайсысы Сізге бәрінен жақын?

- Швейцария. Мен Калифорния штатының Сан-Франциско қаласына алғаш рет барған кезде, мен өзіме осы қалаға қайтып оралатындығымды айтқанмын, өйткені, Сан-Францисконы қатты жақсы көріп қалғанмын және барша жұрт айтатын гармонияны армандайтынмын, дәл осы қалада өз орнымды табуды армандағам... Бірақ, тағдыр мені Швейцарияның Тичино кантонының Локарно қаласынан бір-ақ шығарды да, дәл осында мен сол гармонияны тауып, ақырында, мұның нені білдіретінін түсіндім... Маған Швейцарияда жақсы, мұнда экология тамаша, атмосфера жақсы, мұндағы бір жағынан Маджоре көлі, ал екінші жағынан таулар орналасқан табиғат көркем. Біз жазда көлде шомыламыз, ал қыста шаңғы тебеміз. Сонымен бірге, мен мұнда отбасын құрдым, дәл осы елде мен сүйікті ісіммен айналыса бастадым және өзімнің кішкентай жанұя бұрышымды тұрғыздым. Дәл осы қалада мен өзімді қорғалған, босаңсыған және тынышталған сезінемін... Және де енді, біз қайда дем алсақ та, қайда барсақ та, мені әрқашан өзімнің үйіме, менің кішкентай, жайлы қалашығым Локарноға тартып тұрады.

Pandaland Image

- Балалық шағыңыз қайда өтті?

- Менің балалық шағым Қазақстанда, Семей қаласында өтті. Мұнда менің әжем, атам және ағам тұрды. Мен оларға жиі келетінмін және кейде өте ұзақ уақытқа қалатынмын.  Маған мұнда өте ұнайтын. Мұнда менің туысқандарым тұрғанынан өзге, маған соншама бір тып-тыныш және парасатты қала да, онда тұрып жатқан адамдар да ұнайтын. Маған сол сәтте осылай көрінгеніндей, олар біздің отанымыздың бұрынғы астанасы – Алматыдағы адамдарға қарағанда мейірімдірек және жылырақ болып көрінетін.

Ал одан кейін әжем дүниеден өткен сәт келіп жетті. Қала мен үшін қаңырап, көмескіленіп қалды. Мұңды, зарлы кез болатын, бірақ мен мұнда келуімді және өз атам мен ағамды көруімді жалғастырдым. Олар бізді ініммен бірге әжем тірі болғандағыдай жылы шыраймен, сүйіспеншілікпен қарсы алуға тырысты. Одан кейін, 5 сыныпта, мен Америкаға кеттім, ал қайтып келіп, бірден осында, мені ең сүйікті, жүрегіме жақын атам мен ағам өте сағынып тосып жүретін өзімнің кішкентай да туыс Семейіме құстай ұштым. Ал бірнеше жылдан кейін атам дүниеден озды да, қала мүлдем қаңырап, сұр да мұңды болып қалды, менің ағам өз отбасымен қызмет бабымен басқа қалаға көшті, мен мұнда әлі күнге дейін ағам мен оның отбасына келіп, көрісіп тұрамын. Бұл дәстүр – өзім өскен үйге келіп тұру менде балалық шағымнан өмір сүріп келеді, ал ағам болса өзімнің қамсыз және бақытты балалығым өткен туған және жүрекке жылы үйімнің белгісі секілді.

- Еуропада қалай жұмыс алдыңыз? Осы процестің егжей-тегжейлері туралы (Сіздің жұмыс салаңызда Еуропада қалай жұмыс алады және өз мансабын алға жылжытады)

- Университетті тәмамдай отырып, мен диплом қорғауға дайындалдым да, университет тәлімгерлердің жұбын бізге көмекке берді. Әрі тәлімгерлермен (өзің диплом жұмысын таңдап алған бағыттың кәсіпқойларымен) диплом дайындау қажет болды. Маған L’uomo vogue журналының бас редакторымен танысудың және жұмыс істеудің сәті түсті. Ол маған өте жақсы көмектесіп, қолдау көрсетті. Ал диплом қорғағаннан кейін өзінде практикадан өтуді ұсынды. Бұл жұмыста одан арғы жерде сән және журналистика индустриясы саласындағы таныстар мен достар таптым. Дәл осы байланыстар бойынша Max Mara group компаниясына жұмысқа орналастым, осында бір жылға жуық жұмыс істедім, осыдан кейін декреттік демалысқа шықтым. Еуропада, әсіресе сән индустриясында, жақсы жұмыс алу өте қиын, пысық және адамдармен тіл тапқыш болу керек. Сондай-ақ Еуропада ниет еткен қызметіңді алу өте қиын, өйткені жұмыс берушілерге сапа мен адалдық маңызды болып отыр да, көптеген жергілікті адамдар, жоғары білімді аяғынап дейін алмай, кәсіптері бойынша қатысы жоқ жұмысқа орналасып, жұмыс күші деңгейінде тоқтап қалады. Еуропа елдерінде жұмыс күшіне жақсы ақы төленеді. Әрі білікті емес еңбекке кеңсе қызметкерінің еңбегіне қарағанда көбірек ақы төленеді. Ал енді мұғалім немесе дәрігер болып орналасу өте қиын. Бұл ең жоғары ақы төленетін кәсіптер.

- Сіз басқа (еуропалық) дүниетанымды қалай қабылдадыңыз? Сізге қоршаған адамдар – дизайнерлер, стилистер ұнай ма?

- Европалық дүниетаным – сәл жалпылама түсінік. Өйткені тіптен Еуропаның өзінде әртүрлі елдерде өмірге көзқарас түпкілікті ерекшеленіп отыруы мүмкін. Италия – бұл өзіндік менталитеті бар адамдар тұратын ел, олар көңілді, адамға үйір, эстетиканы жақсы көреді және өмірді ашық-жарқын бояуларда қабылдайды. Сондықтанғ маған олардың дүниетанымын қабылдап алу қиын емес еді. Өткені кез келген адам оны позитив, оңды жай қоршап жатқанын қалайды. Бірақ, мен сонда да болса аяғына дейін «еуропалана» алмаймын, өйткені қалай болғанда да – мен қазақпын. Әрі біздің дәстүрлеріміз – бұл бізді елден ерекше бөліп көрсететін нәрсе, бұл күш береді, күрделі жағдайларда көмектеседі. Ал онымен бірге мен өзіме Қазақстаннан туысқандарымның және достарымның келгенін жақсы көремін – сірә, бұл өзіміздің ұлттық ерекшеліктеріміздің бірі – қонақжайлылық болса керек.

Pandaland Image

- Өз тобыңыздағы өзге адамдардан Сіз немен ерекшеленесіз?

- Дөрекілікке дейін төмен сырғып кетпей, кез келген жағдайда әрқашан инабатты және үлгілі болуға тырысамын, адамдардың бірін қалдырмай, оларға сүйіспеншілікпен және мейіріммен қараймын.

- Еуропада нені (қазақ дәстүрлерінен, Қазақстаннан) қатты сағынып жүрсіз?

- Өзімнің құрбыларымды қатты сағынамын. Қазақстанда танысқан нағыз және сыннан өткен достарымды, дәл біздің дүниені тануымыз, нағыз достық пен меймандостықты түсінуі бар шынайы және адал адамдарымды сағынамын. Олар маған келгендерінде, туыстар секілді, өздерімен бірге өзіміз деп барлығын – шәйден бастап асхана сүлгісіне дейін ала келеді. Нағыз достарымнан сол бір жылылық пен мейірім, қамқор маған кей кездері жетіспей жатады. Мұнда да қамқор жостарым бар, бірақ олар соншама туыс сияқты емес. Мұнда жүріп, мен ешқашан өз ұлтымнан бас тартпадым және өз ұлтымнан ұялып-қыстырылмадым, әрі маған өзімнің алыс та туыс елімнен өзімнің жақын достарымның дәл сол шынайылығы жетіспей жатады.

- Өз балаларыңызды неге үйреткіңіз келеді?

- Адалдыққа, шыншылдыққа және мейірімділікке. Өнерге деген сүйіспеншілікке. Өйткені ол – өнерге деген сүйіспеншілік, өнердің тарихын, өнердің ұлы және атақты шеберлерінің – суретшілердің, музыканттардың, скульпторлардың, сәулетшілердің, жазушылар мен ақындардың өмірін терең білу ересек өмірде мінез-құлық пен ойлауды тәрбиелеп, қалыптастырады. Мен жөні дұрыс және жақсы мәнерді, өнегені жақтаушымын. Дер кезінде кешірім сұрай және бөгде немесе жақын адамның кез келген шағын жақсылығы үшін уақытында алғыс білдіре білген өте маңызды.

- Қазақ дизайны деген не? (Мәселен, вокалдық орындаушылар ерекше «қазақ» тембрімен ерекшеленеді). Қазақстандық дизайнерлерде оларды, айталық, тәжік, ресейлік немесе норвегиялық дизайнерлерден ерекше ететін бірдеме бар ма?

- Иә, әрине, әлдебір «қазақи ерекшелік» бар. Біздің дизайнерлеріміздің жұмыстары ерекше ұлттық колоритпен және талғам мен ырғақтың нәзік сезімімен ерекшеленеді.

Pandaland Image

- Сіздің Қазақстанда да, Еуропада да жұмыс істегіңіз келе ме? Сіздің клиенттеріңіз қайда? Және – олар қандай?

- Маған Қазақстанда да, Еуропада да жұмыс істеген ұнайды. Еуропада мен көркем табиғаттың әсеріндемін, өткен замандардың еуропалық шеберлерінің көзім көрген туындыларының әсеріндемін, естен кетпес саяхаттардың, сондай-ақ театрларға, концерттерге және алуан түрлі көрмелерге барудың әсеріндемін, өзімнің шағын дизайнерлік туындыларымды жасаймын. Ал одан соң барып өзім жасағанның барлық озығын өзімнің алыстағы, бірақ соншама ыстық туған еліме жеткізгім келіп кетеді.

- Өміріңіздің ең бақытты сәтін еске алыңызшы (мысалға, мен институтқа түскенімде, өзімді ең бақытты адам ретінде сезіндім. Мұның баяғыда болғандығы қызықты, бірақ өзімнің бойымды жайлаған эмоциялардан тыныс алуым қаншалықты қиын болғандығы әлі күнге дейін есімде сақталып тұр).

- Мен АҚШ-тағы орта жеке мектепке оқуға қабылданған кездегі сәт. Менің тәтем 5 сыныпта оқып жүргенімде өзімен Калифорнияға кетуді ұсынып, біз екі жыл бойына виза алуға және мені орта мектепке қабылдауына тырыстық. Әрі, ақыр соңында маған вища бергенде және кетуіме бір ай қалғанда, мені тіптен эмиоциялар кернеді... Бұл ең еліктіріп әкеткен, сөзбен жеткізіле алмайтын балалық қуаныш еді!

- Ал қазір Сіз бақыттысыз ба?

Әрине, менде, кез келген адамда секілді, жай ғана барлығынан дем алғың келетін ауыр минуттар бар. Бірақ, жалпы алғанда – мен шексіз бақыттымын. Менің өзімді әрқашан қолдап, демейтін туысқан, сүйікті адамдарым бар, жаным жақсы көретін ісім бар – мен өзіме ұнайтын іспен айналысамын.

- Еуропадағы өмірден қандай сабақтар алдыңыз?

- Еуропада мен олар бұлардың қоғамдағы орнына, қаржылық жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына және т.с. тәуелсіз әр адамға қарайтындығы секілді, адамдарға мейіріммен, түсіністікпен қарауды үйрендім. Балаларға сүйіспеншілікпен қарауды, жаяу жүргіншіге құрметпен қарауға үйрендім. Өзімнің үйдегі жақындарыма қатысты ғана емес, қоғамдық орындарда – саябақта, жағажайда, супермаркетте, метрода және т.б. жерлерде егде жастағы адамдарға қатысты да өзімді инабатты және дұрыс ұстауға үйрендім.

- Өздеріне сенбейтін немесе барлығы алдын ала шешіліп қойған, әрі ақшасыз, тегіс, ата-анаң салған соқпақсыз еш үміт жоқ деп ойлайтын адамдарға не айтар едіңіз?

- Ештеме де қолдан келмейтіндей болып көрінгенде, адамдардың көпшілігі проблемалардан тайсақтайды. Ал шындығына келгенде, дәл осындай сәттерде алға қарай ұмтылыс жасауға көмектесетін үлкен өзгеріс болады. Қазір ақша – ең басты нәрсе емес. Сіз бір нәрсеге қол жеткіңіз келгенде, бұл міндетті түрде болады, ең бастысы әртүрлі жолдарды іздестіру және алға қарай қозғалу. Адамдардың қандай да болсын материалдық салымдарсыз өз мақсаттарына жеткендігі жайлы хиқаяларды өте көп кездестіруге болады – тек иықтағы бас пен сүйікті іс жасауға деген орасан зор ниет болса жеткілікті. Алысқа бармай-ақ қояйық – мен бастаған кезде, менде соншама бір орасан зор капитал болмады, біз күйеуіміз екеуміз өзіміздің жанұямыздың бюджетінен там-тұмдап ақша жинай бастадық, ол маған сенді, ал мен болсам біз бірлескен кезде барлығы да қолдан келетіндігіне сендім. Сондықтан мен сіздерге ешқашан салдарыңыздың суға кетпеуін, қолдарыңызды төмен түсірмеулеріңізді тілеймін!






Поделиться:



Интересные статьи



Рекомендуемые