Шашты қалай тез өсіруге болады: пайдалы кеңестер

Шашты қалай тез өсіруге болады: пайдалы кеңестер


Шаш - адамның ажары. Ол сұлулық пен құпия қасиетке толы. Əдемі əрі ұзын, қалың да қайратты шашқа қол жеткізу үшін көп күтім жасап, көп еңбектену қажет. Қазіргі таңда қыз-келіншектердің көбісі шаш күтімімен айналысады. Олардың көбісінің шаштары баяу өседі сонымен қатар көп мөлшерде түседі. Əрқайсысы əр түрлі күтім жасайды. Неге? Себебі кей шаштар құрғақ, кейбіреуі майлы, енді бірі сынғыш, тым жұқа дегендей.

Сонымен қатар денсаулыққада байланысты болады: дəрумендердің жетіспеуі, күйзеліске түсу, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау жəне бас терісінің аурулары. Бұл адам ағзасының ішкі жағдайына байланысты болса, сыртқы жағдайларда шашқа кері əсері тиіп жатады.

Олар бəрімізге белгілі: шаш үтігін, шаш кептіргішті, шаш бұйралағышты (плойка) т.б. заттарды көп қолдану, шашты үнемі химиялық заттармен бояу, шашты қатты тартып, бұрап өру (оның қан айналымын нашарлатып, түсуіне əсер етеді).

Шашқа тағыда не зиян келтіреді? Үнемі тар немесе ауыр бас киім кию, өте ыстық жəне суық күндері бас киімсіз жүру, қатты немесе темір тісті тарақты үнемі пайдалану (олар бас терісін тырнап зақым тигізіп қайызғақтың пайда болуына əкеледі).

Құрметті қыз-келіншектер бұндайға жол бермеңіздер! Егер бір күнде жүзге жуық шашыңыз түссе - онда қорықпаңыз, себебі ол шаштар қайта өсіп шығады. Ал егер одан көп түссе, тез арада шаш күтімін қолға алғаныңыз жөн, əйтпесе қиын жағдайға душар болуыңыз мүмкін...

Шаш күтудегі пайдалы кеңестер: 

Pandaland Image

  •   Шаштың өсуі үшін бастың терісін уқалау пайдалы.

  

  • Ұзын шашты ұшынан бастап, ал қысқа шашты  түбінен бастап сирек тісті тарақпен тарау керек.

   

  • Əр түрлі пайдалы маскалар жасап тұру керек (егер массаж жəне маска көмектеспесе дəрігердің көмегіне жүгіну қажет). 

    

  • Аптасына 1-2 рет жуу.

    

  • Өз сусабыныңызды дұрыс таңдау (құрамының ішінде SLS пен парабен болмау керек).

     

  • Шашыңызды бір қалыпты жылымалы сумен жуу (өте ыстық немесе суық су шаштың жылтырын кетіріп құрғатып жібереді).

      

  • Егер шаш кептіргішті (фен) пайдалансаңыз шашыңызға жақын əрі бір орында ұзақ уақыт ұстамаңыз.

     

Қандай жағдай болмасын, жасанды қоспалары бар əрі бағалары удай қымбат маскаларға қарағанда көбінесе табиғи, үй жағдайында жасалған, бағасыда қол жетімді маскаларды қолданғаныңыз жөн. Сол маскалардың біразына тоқтала кетейік. 


Шашты тез өсіретін маскалар:

1. Шашыңыз тез өссін десеңіз - қызыл бұрышпен май қоспасын əзірлеңіз. Ол үшін сапалы зайтүн майы ( Virgin olive oil немесе Extra virgin olive oil), өте үлкен емес қызыл бұрыш (сəбіз сияқты) жəне шыны бөтелке қажет. Бұрышты ұсақтап турап бөтелкеге салып үстінен майды құямыз (100 ден 250мл дейін мөлшерлеп). 2-3 апта қараңғы жəне салқын жерге қоямыз, бірақ тоңазытқышқа қоюға болмайды. Дайын болған масканы бас терісіне жағып, салафанмен орап қоямыз, 1-2 сағат ұстаймыз (егер қатты қыздырмаса), артынан сусабынмен жуамыз. Бұл масканы сақтықпен жасағаныңыз жөн.     

2. Кастор майыда шашыңыздың өсуіне жақсы əсер етеді. Кастор майы шаш түбімен ұзындығында құнарландырады, нəр береді.

  • Майды бас терісіне əрі шаштың құрғақ түбіне жағыңыз; 
  • Əуелі пакетпен содан кейін орамалмен орап 30 мин қалдырыңыз; 
  • Бірінші кондиционермен содан кейін сусабынмен жылы сумен жуыңыз (май тезірек кетеді).

 3. Алоэ,бал,сарымсақ (чеснок) қоспасы бар маска:

  •  Ас қасық алоэ жапырағының шырыны; 
  •  Шай қасық сарымсақ шырыны;
  •  Ас қасық бал;
  • Бəрін жақсылап араластырып мықты жабылатын ыдысқа саламыз. Күн ара бір ай бойы шашқа жағуға болады (30-40 минут ұстаймыз бір жаққанда).
Теги:

ШАШ ӨСІРУ   ШАШТЫ ӨСІРЕТІН МАСКАЛАР   ШАШЫМДЫ ТЕЗ ҚАЛАЙ ӨСІРЕМІН  





Поделиться:



Интересные статьи



Рекомендуемые