Бет күтімі: үйде жасалынатын маскалар

Бет күтімі: үйде жасалынатын маскалар


Қазіргі таңда нəзік жанды аруларымыз бет күтіміне ерекше көңіл бөлетіні айдан анық. Əрине, əдемі,көрікті,жас əрі тартымды болып жүруді кім болсада қалайды емеспе? Мына дамыған заманда косметолог жəне бет күтіміне арналған түрлі-түрлі маскалар өте көп. Бірақ біз үй жағдайында өз қолыңызбен жасайтын əрі теріңізге еш зияны тимейтін, табиғи таза маскалар жайында айтпақпыз. Бұндай үй жағдайында жасалған маскаларды тіпті косметолог мамандардың өздері қолдайды. Осы маскалардың түрлері өте көп. Соның ішінен ең таңдаулысын назарларыңызға ұсынбақпыз. Ескере кететін жағдай бұндай маскалармен жоғары деңгейдегі күтімге қол жеткізгіңіз келсе, теріңіздің қандай (құрғақ, майлы, сезімтал т.б.) түріне жататынын біліп алғаныңыз жөн. Соған қарай масканың түрінде дұрыс таңдай аласыз.

      Сəбізбен шалқан (репа) бет маскасы: 

Pandaland Image


  1. Бұл маска бетті жас əрі таза етеді. Сəбіз А дəруменіне бай, ал шалқан жақсы тазартатын зат болып табылады. Пісірілген сəбізбен шалқанды əбден ұнтақтап, қоймалжың болғанша  араластырамыз. Бетке 10-15 минут қоя тұрыңыз, сосын сүтпен жуып тастайсыз. 

        Алмадан жасалатын бетке маскалар:

Pandaland Image

  1. Үгітілген  алмаға 1ас қасық ірімшік, сүт немесе қаймақ қосып жақсылап араластырады. Осы қоспаға теріңіз құрғақ болса өсімдік майын, қаймақ қосып бетте 15-20 минут ұстайды. Соңынан салқын сумен жуады. Теріңіз құрғақ болмаса алғашқы қоспалардың өзін ғана қолданасыз.  
  2. Алманың қоймалжыңына 1шай қасық бал, 1ас қасық ұсақталған сұлы дəндерін қосып, бəрін араластырып аласыз. Бетіңізде 15мин ұстап, жылы сумен жуып тастайсыз. Бұл əлсіз жұқарған бетке пайдалы.
  3. Пісірілген алма қоймалжыңына бірнеше зəйтүн майын (оливковое масло) тамызады, оған 1шай қасық бал қосып араластырады. Бетіңізде 15-20 минут ұстап, жылы сумен жуамыз.  Бұл маска терінің ерте қартаюына қарсы пайдаланылады. 
  4. Алманың жартысын алып, тазалап ұсақтап турап 1 ас қасық бал,1ас қасық аскорбин қышқылын, 1 жұмыртқаның сарысын, 1ас қасық алма сіркесуын, 3 ас қасық сұйық маймен жақсылап араластырады. Бетіңізде 30 минут ұстап артынан салқын сумен шайыңыз. Бұл барлық бет терісіне арналған маска. Əсері өте күшті. Сіркесуы терінің барлық қышқыл қабатын қалпына келтіреді. Алманың құрамында емдік қасиеті күшті пектин бар. Аскорбин қышқылы, бал, жұмыртқа, май теріні қоректендіреді. 
  5. Орташа бір алманы алып бір сəбіз екеуін үккіштің кішкентай тістерінен өткізіп жақсылап араластырамыз. Бетіңізде 15 минут ұстап артынан салқын сумен шайыңыз. Бұл маска теріңізді ылғалдандырып əрі нəр береді. 

         Жұмыртқадан бетке маскалар:

Pandaland Image

  1. Ескере кететіні үй жұмыртқасын қолдану керек. Бір жұмыртқаның ағын алып əбден былғап бетке жағасыз, 10-20 минут қалдырып салқын сумен жуады. Маска терінің əжімдерін жазып, жиырады. 
  2. Жұмыртқаның сарысын, 1 ас қасық сыра ашытқысын, 1 ас қасық күнбағыс майын қосып əбден араластырып бетке жағып, 15 минут қалдырамыз. Сосын сүтпен шайып тастаңыз. 

          Балдан жасалатын маскалар: 

Pandaland Image

  1. 1-2 ас қасық ерітілген балды 1 жұмыртқаның сарысымен жəне 3 ас қасық сұйық маймен жақсылап араластырып, бетіңізге бірнеше қабат қылып жағыңыз. 15минут ұстап, жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл маска əсіресе құрғақ теріге өте пайдалы. Бетті жақсы ылғалдандырады. 
  2. Бетіңізді жұмсақ əрі нəрлі болсын десеңіз сүт немесе айранды балмен араластырып бетіңізге жағыңыз. Біраз уақыт өткенде жуыңыз. 
  3.  1шай қасық балға 1 ас қасық сүт құйып жақсылап араластырып бетіңізге жағыңыз. 15-20 минут қалдырып жылы сумен жуыңыз.  
  4. Бұл маска əсіресе көктемде өте пайдалы: 1ас қасық сұйық балды, бір алмамен (үккіштің ұсақ тісінен өткен)əбден араластырып аласыз. Екеуін блендермен езсеңіз тіптен керемет болады. Бетіңізге 15 минутқа қалдырыңыз. 

       Картоптан бетке маска жасаймыз: 

Pandaland Image

  1. 1 ас қасық картоп шырынын 1ас қасық фуллерлі топырақпен араластырып бетке жағу керек. Картоп С дəруменіне бай əрі теріні түрлі дақтардан тазартады. Фуллерлі топырақ кірмен майды сорып алады. 

Түрлі бет маскалары;

  1. Ет тартқыштан бір кіші кабачокты өткізіп 20 минутқа қойып қойыңыз. Сол аралықта ол сөлін шығарады. Сол сөлге бір жұмыртқаның сарысын қосып жақсылап араластырады. Қабаттап бетіңізге жағып 20 минут өткенсоң жуып тастаңыз.  
  2. Бұл масканы жасау үшін: 2 шай қасық жұмыртқа сарысы, 0.5-1 шай қасық лимон жəне асқабақ шырыны жəне 1-2 шай қасық айран керек. Барлығын жақсылап араластырып бетіңізде 15-20 минут ұстап шайып тастаңыз. 
  3. Бір бананды алып жақсылап еземізде майлы йогуртпен араластырамыз. Бетіңізге жағып 20 минут ұстаңыз. Артынан жылы сумен жуыңыз. 
  4. 2 ас қасық қолдың сүзбесін (езіп) 2 ас қасық сұйық маймен араластырып 15-20 мин ұстаймыз. Артынан жылы сумен жуыңыз. 
  5. Стақанға қайын жапырағын салып үстіне 1 стақан суық су құйып сегіз сағатқа қойып қоямыз. Компресс ретінде көз айналасындағы теріге пайдаланасыз. 
  6. Мақтаны жақсылап зəйтүн майына (оливковое масло) малып көз айналасына 10-15 минутқа қойып қоямыз. Осыдан кейін жылы шаймен жуып тастаймыз. Тоңазытқыштағы формада тұрған мұзбен абайлап сүртіңіз. Жəне нəрлендіретін крем жағыңыз. 
  7.  Қиярдың жартысын сынып, шырынын алып  жұмыртқаның ағымен, бір ас қасық  арақпен  бірнеше тамшы қара маймен ( бензойная смола ) əбден көбік болғанша араластырасыз. Пайда болған сұйықтықпен бетіңізді сүртесіз. 
  8.  Мақтаның кішкентай бөлігін сүтке малып алып бетіңізді сүртсеңіз бетіңіз тазаланып ағарып, нəрленеді.   
  9.  Кивидің қабығын ашып жартысын езіп үстіне 2 шай қасық күрпі (манная каша) салып араластырып дымқыл бетке жағасыз 10 минут кейін бетті жылы сумен жуып крем жағып   тастасаңыз бетіңізді тазартады. Бұл масканы аптасына бір рет жасаған жөн.   
  10.  Жұмыртқамен лимонды араластырып бетіңізге жағасыз жəне бетіңіз тырысып бəрі сіңген соң жақсылап сумен жуып тастайсыз. Бұл маска бетке əжім түсірмеуге көмектеседі. 
Теги:

БЕТ МАСКАЛАРЫ   БЕТ КҮТІМІ   КҮШТІ МАСКАЛАР БЕТКЕ   ҮЙДЕ ЖАСАЙТЫН МАСКАЛАР  





Поделиться:



Интересные статьи



Рекомендуемые






Ипотека
от Сбербанка
Оставьте ваши контакты: