Инста мамы

Қазақ әйелі бизнесте және жанұяда. Бұл қалай мүмкін болады? (блиц-сұхбат)

Бұл менің еркімде болса, мен әйелдерге банктерде 1% арзанырақ мөлшерлемелер ұсынар едім. Өзім үшін әйел мәселесі онша түсінікті болмағанымен, жұмысымда ер адамдарды да, әйел адамдарды да көріп жүремін және біздің жұмысымыздағы ең бастысы - ада
Қазақ әйелі бизнесте және жанұяда. Бұл қалай мүмкін болады? (блиц-сұхбат)
Бұл менің еркімде болса, мен әйелдерге банктерде 1% арзанырақ мөлшерлемелер ұсынар едім. Өзім үшін әйел мәселесі онша түсінікті болмағанымен, жұмысымда ер адамдарды да, әйел адамдарды да көріп жүремін және біздің жұмысымыздағы ең бастысы - ада
Қазақ әйелі бизнесте және жанұяда. Бұл қалай мүмкін болады? (блиц-сұхбат)
Бұл менің еркімде болса, мен әйелдерге банктерде 1% арзанырақ мөлшерлемелер ұсынар едім. Өзім үшін әйел мәселесі онша түсінікті болмағанымен, жұмысымда ер адамдарды да, әйел адамдарды да көріп жүремін және біздің жұмысымыздағы ең бастысы - ада
13.03.2019, 14:16
Изменено: 09.04.2024, 23:11

Бұл менің еркімде болса, мен әйелдерге банктерде 1% арзанырақ мөлшерлемелер ұсынар едім. Өзім үшін әйел мәселесі онша түсінікті болмағанымен, жұмысымда ер адамдарды да, әйел адамдарды да көріп жүремін және біздің жұмысымыздағы ең бастысы - адал ниеттілік, адалдық.

Қызметтегі мансапты және отбасын қалай үйлестіруге болады? Бұл жайында ешкім де Қазақстанның іскер әйелдерінен жақсырақ әңгімелеп бере алмайды. Полина Шиманская қазақстандық бизнеспен  айналысатын әйелдермен әрқашан өзекті тақырыпқа – Бизнестің көшбасшысы бола отырып, қалайша ана-әйел болып қалу керек? деген тақырыпқа әңгімелескен болатын.

Әйел  үшін мансап маңыздырақ па, әлде жанұя қымбат па деген сан көптеген дауды үйде отырған әйелдер немесе жұмыс істемейтін ер адамдар жүргізеді. Мансапқор әйелдерде бұған жай ғана уақыт жоқ. Табысқа жеткен әйелдердің жанұясы, бірнеше баласы, немерелері болатын бірегей мысалдар бар. Балалары мен немерелері қамтамасыз етілген, жақсы білім алады, өз аналарының назарынан да тысқары шеттеп қалмаған. Айталық, Халық банкі басқармасының төрайымы және Ұлттық палата жанындағы іскер әйелдердің аймақтық кеңесінің көшбасшысы Үміт Шаяхметованың үш баласы бар.

- Менде бала кезімнен белсенді болу мақсаты болған еді. Мен мектепті тамаша аяқтадым, Мәскеуге оқуға түстім, одан кейін оқуымды жалғастыруға АҚШ-қа кеттім. Әрқашан әйел адам жұмыс істеуге тиіс деп санағанмын, бұл ретте ол өз ерінің көмекшісі болуға тиіс. Білім ала отырып, мен әрқашан дамып отырдым.  Мен өзімнің тұңғыш ұлымды босанғанда, академиялық демалыста бар болғаны бір жыл болдым, екінші ұлымды диплом алуыма 11 күн қалғанда тудым, бұл енді Америкада болған еді, үшінші қызымды да өмірге әкеліп, қырық күннен кейін жұмысқа шықтым, өйткені банк төрағасының орынбасары болып та қойған едім.  Бірақ, өзім жұмыста болмаған күндердің өзінде де жұмыспен әрқашан байланыста болып отырдым.

-Ал балаларыңызбен кім қалушы еді?

- Әрине, маған анам, жарымның анасы, бала күтушілер көмектесіп отырды. Бірақ менде демалыс күндері және еңбек демалысының күндері өз балаларыма арналатын. Бәлкім олар, әсіресе менің кіші қызым менің назарымды толығымен ала қоймаған да болар, өйткені мен оны қызметте жүргенімде босанған едім. Мен ерте кетіп, кешкі 9-да қайтып ораламын, бірақ демалыс күндері мен тек балаларыммен ғана боламын. Менің жасап жүрген еңбегім өзім үшін емес, жанұям үшін де. Менің балаларым мені мақтан тұтады, мен олардың әлдебір материалдық қажеттіліктерін шеше аламын, оларға білім беріп отырмын.

- Қазіргі кезде банктегі жұмысыңыздан өзге, Сіз іскер әйелдер кеңесін басқарып отырсыз, мұның Сізге не керегі бар?

- Іскер әйелдер кеңесінде болу мен үшін қоғамдық жүктеме, бірақ өзіме сенім көрсетілгендігі менің жаныма жайлы жағады, мен әлі де жұмыс істеуге және пайдалы болуға әзірмін. Мен бұл кеңестің қандай да бір ресми түрге ие болғанын қаламас едім, біз бір бірімізге көмектесуге тиіспіз. Маған әйелдер жауаптырақ, шиеленіске азырақ көңіл бөлетіндей болып көрінеді, олардың барша адамды жақсырақ, әдемірек, мейірімдірек жасағысы келеді. Бұл менің еркімде тұрса, мен әйелдерге банктерде 1% арзанырақ мөлшерлемелер ұсынар едім. Өзім үшін әйел мәселесі онша түсінікті болмағанымен, жұмысымда ер адамдарды да, әйел адамдарды да көріп жүремін және біздің жұмысымыздағы ең бастысы адал ниеттілік, адалдық.

Біздің әңгімеміз Алматыда Іскер әйелдердің аймақтық кеңесінің бірінші мәжілісінде өтті. Әрі, анықталғанындай, барлық қатысушылардың жаняұлары мен балалары бар екен. Әрбір іскер әйелдің табысты бизнесі бар екендігіне қоса, бірлесе отырып «билікте әйел адамдардың болуын» арттыру үшін, олар өздеріне онымен қоса қоғамдық жүктеме алып отыр.

- Өз кәсібімнен бизнес жасау қолымнан келді, бастапқыда кондитер болып өзім жұмыс істедім, одан соң кафе аштым, өз өнімімді өндіре бастадым, патент алдым, - деп әңгімелеп берді «Нәзік» ЖШС президенті Татьяна Семенова, - Менің екі қызым және үш немерем бар. Оларды бағып-қағу және жұмыс істеу оңайға соқпады, бірақ іс жолға қойылған қазіргі кезде анағұрлым жеңілірек. Енді қыздарым өз отбасылық бизнесімізді дамытуға көмегін көрсетіп жүр.

- Күн ішінде басымдылықтарды дұрыс қойып отыру керек, сонда барлығын да үлгеретін боласың, - деп ойын бөлісті Қазақстан-Британ университеті Академиясының директоры Ділдә Сәбитқызы, - Жанұямнан, жұмыстан өзге, мен спортпен белсенді шұғылданамын, менің кестем өте анық, дәл бөлінген. Сағат 7-ден 9-ға дейін менде спорт, 9.30 бастап 19.00 дейін – жұмыс, ал одан кейін отбасы.   Барлығын да үлгеруге болады, тек осыны ниет ету керек. Әйелге карьера жасау қиынырақ, ол көбірек қам жеп, қапаланады, өз эмоцияларына ерік береді, бірақ мен барлығын араластырмауға шешім қабылдадым.  Жұмыста менде бастысы жұмыс, жұмыстан шыққанда, мен үшін жанұям маңыздырақ. Бірақ маған жанұямның қолдауы, әйел өмірінде мақсаттар бар екендігін және олардың ас үймен аяқталмауға тиіс екендігін түсінетіндіктері қатты көмектеседі.

- Менің балам бір жаста ғана, декреттік демалыста мен босанғанға дейін бір апта және босанғаннан кейін екі апта болдым, - деп әңгімелеп берді Crossfit залының негізін қалаушы Әсел Әскер, - Қиын кездер болды, бірақ мен өзіме жинақы болу керектігін мақсат етіп қойдым, өйткені бизнесті қалдыруға болмайтын еді.

Иә, көп нәрсені құрбан етуге, азырақ ұйықтауға, өзіме азырақ көңіл бөлуіме тура келді, бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Мен тіптен спортпен айналысуымды да тоқтатпадым, өйткені өзімді бабымда ұстауым керек болды. Маған жарым, анам үлкен қолдау көрсетіп отырды. Жанұяңның әйел адамның өмірде бір нәрсеге қол жеткізгісі келетіндігін түсінгендігі өте маңызды. Мен кәсібім бойынша қаржыгермін, Лондонда оқыдым, әрі менің білімдерім солай өз бойымда ғана қалып қалса, маған өкінішті-ақ болар еді. Бүгінде менің бизнесім дамып отыр, балам өсіп келеді, менің көптеген ұлан-асыр жоспарларым бар – біздің аймақтарда дамығымыз келеді. Өзім үшін балаларымның жұмыстағы мансабыма кедергі емес екендігін анық білемін, менің балам мен менің бизнесім – бұл менің қос балам, қос қолтумам.

Pandaland Image

Әрі бұл жерде, сірә, қоса қоятын сөз де жоқ шығар. Егер әйел адам бір нәрсені жасағысы келсе, оны ешкім де тоқтата алмайды деген мәтел дұрыс болатын жағдайдың дәп өзі.

жалпы сурет – автордың түсірген суреті

Menu
×