Инста мамы

Динара Сатжан: Менің балаларым – менің ең жақсы ынталандырушыларым

Дарынды адам барлық істе дарынды. Әрі осы шындықты ол әр ретте растап келеді. Әлеуметтік жағынан белсенді, ақылды, әдемі де табысты. Белгілі тележүргізуші, блогер, ал жуырдан бері «квадраттағы мама». Мен де, мама секілді, әрі енді “pand
Динара Сатжан: Менің балаларым – менің ең жақсы ынталандырушыларым
Дарынды адам барлық істе дарынды. Әрі осы шындықты ол әр ретте растап келеді. Әлеуметтік жағынан белсенді, ақылды, әдемі де табысты. Белгілі тележүргізуші, блогер, ал жуырдан бері «квадраттағы мама». Мен де, мама секілді, әрі енді “pand
Динара Сатжан: Менің балаларым – менің ең жақсы ынталандырушыларым
Дарынды адам барлық істе дарынды. Әрі осы шындықты ол әр ретте растап келеді. Әлеуметтік жағынан белсенді, ақылды, әдемі де табысты. Белгілі тележүргізуші, блогер, ал жуырдан бері «квадраттағы мама». Мен де, мама секілді, әрі енді “pand
15.09.2015, 13:36
Изменено: 03.04.2024, 05:07

Дарынды адам барлық істе дарынды. Әрі осы шындықты ол әр ретте растап келеді. Әлеуметтік жағынан белсенді, ақылды, әдемі де табысты. Белгілі тележүргізуші, блогер, ал жуырдан бері «квадраттағы мама». Мен де, мама секілді, әрі енді “pandaland.kz” блогері ретінде, өзіме сұрақ қойдым: неліктен басқалар тек мама ғана болып қоймай, бәрін үлгеріп жатады, ал бұл менің қолымнан неге келмейді))) Әрине, бәрі де тәжірибемен келеді, бірақ күтіп отырғың келмейді ғой. Сондықтан, мен осы тәжірибені басқа мамалардан, белгілі, табысты, ақылды, ал ең бастысы, белсенді аналардан қабылдап алуға шешім қабылдадым. Неге тырысып көрмеске? Ең озықтармен қатарлас болу керек қой:)))  Сіздерге де, қымбатты мамалар, Динара Сатжан туралы тек белгілі тележүргізуші және қоғамның жоғары топтарында табысқа жетіп жүрген әйел ретінде ғана емес, өте дана ана ретінде де оқып, білген қызықты болады деп сенемін.

Pandaland Image
 

 

- Динара, Сіз екі мәрте анасыз. Екінші рет босану да, нәрестені күтіп-бағу да, тәрбиелеу де жеңілірек соғады дейді. Сіз осымен келісесіз бе?

- Егер әйел аналыққа дайын болса, бұл оның ниет еткен баласы болса және ана өзінің жүктілігін қабылдаса, онда тіптен токсикоз да болмайды дейді. Бақытыма орай, барлық 9 ай өзімді тамаша сезіндім, 6-шы айға дейін спортзалға барып жүрдім, 7-ші айға дейін «Статус Quo» түсіруімді жалғастырдым. Соңғы кезге дейін биік өкше аяқ киіммен жүрдім, әрі мен үйімде жұмыссыз бостан-босқа жатқан бір күн болмады.

Маған жүкті болған ұнайды, бұл ерекше күй, өз өзіңе арналған уақыт, тоқтап, айналаңа қарап, басым бағыттарды қайта қарастыруыңа, өзіңді және өзіңді қоршағанның барлығын өзгертуіңе болатын тайм-аут.

 

- Аналық Сізді өзгертті ме?

 

- Әрине! Менің балаларым – менің жаттықтырушым, менің қуатым, менің ынталандырушыларым. Балалар бізді тәрбиелейді. Мен күліп: менің балаларым болмаса, бәлкім, қазір Балиде өмірдің мәнін іздестіріп жүрер ме едім деймін (күледі). Аналық – менің өмірімдегі ең жақсы нәрсе, ұлым үшін мақтаныштан, әсіресе өзім оның жетістіктерін көргендегі мақтаныштан асатын ештеме де мені осыншама бақытты етпейді. Даниал өте зерек бала, ол барлық іске шығармашылықпен келеді. Ол мені тәртіпті етеді, басы артық, балағат емес, тіпті жаман сөздерге жол бермейді, «ауру», «қайғы» секілді дәп жаман сөздерге жол бермейді деп айтуға болады.

Pandaland Image
 

- Қызыңызды сонда да кім деп атадыңыз? Даяна ма,әлде Диана ма? Қазірдің өзінде-ақ оның кімге ұқсас екендігін айта аласыз ба?

 

- Жүктіліктің әу басынан-ақ біздің папамыз оны, Диана есімін көкейде ұстай отырып, Леди Ди деп атады, маған және ұлыма Даяна есімі көбірек ұнайтын. Бірақ перзентханадан шығатын күні, кез келген демократия дамыған елдегідей, барлығын дауыс беру шешті (күледі). Оған осы ат өте жарасып тұр, нәзік, бірақ мінезі бар қыз. Латын тілінен Диана -  құдай берген ретінде аударылады, ал ежелгі Рим мифологиясында бұл онымен қатар аңшылық құдайы да. Жалпы айтқанда, нарттай дегенді білдіреді.  Папасы оны үлкен спорттан, ал мен подиумда көремін. Ең бастысы - біздің Дианамыздың дені сау болып өскені, қалғанының барлығы бола жатады! Ал сырттай қарағанда, ол өздерінің әжелеріне ұқсас, екі жақтан да ең жақсы белгілерді қабылдап алған.

 

- Әлеуметтік желілерде Сіз болашақ мамаларға кеңестер бересіз, спортзалға барасыз және салауатты өмір салтын ұстанасыз. Біздің оқырмандарымыз үшін барлығын қалай үлгеріп отыру керектігі жайында кеңестеріңізді бөлісе аласыз ба? Қазіргі мәртебеңіздегі Сіздің әдеттегі күніңіз қандай?

 

- Мен белсенді өмірге үйреніп кеткенмін. Сергеу болуға дағдыланғанмын, сондықтан босанғаннан кейін бірден өз мүсінімді қолға ала бастадым. Ал кеңес бере бастағаным, Инстаграмға өте көп сұрақтар келіп жатты. Қазір салмағым 48 кг, әрине, бұл генетика да, бірақ, егер дер кезінде өзіме массаж жасай, пресс жаттықтыра бастамасам, бәрі қайғылы болар еді (күледі). Менің жасым бар болғаны 30-да ғана, лайықты көрінгің келеді. Менің күнім таңертеңгі 7-де басталады, оның ата-анасының ерте тұратын адамдар емес екендігіне қарамастан, Диана өзгермей, дәл бір сол уақытта оянады (күледі).  Әрине, күн сайын емес, менің үйіме келетін өзімнің сүйікті шеберлерімнің арқасында, түске дейін мен маникюр, шаш жатқызу және басқа істер жасап үлгеремін. Әр күні таңертең Дианамен көшеде серуендейміз, ал түстен кейін мен өз істеріммен шығамын, бұл бар болғаны бір сағат уақыт алады. Одан соң мен қайтадан баламмен көшеге шығамын.  Бұл кезде мен әрқашан онлайндамын, дизайнерлерге тапсырыс жасаймын, өйткені әр аптада менің «Aida KaumeNOVA” және “Red Carpet” шоу-румдарымда жаңа топтама болуға тиіс. Барлығын үлгеру менің қолымнан қалай келіп жүргенін білмеймін, бірақ бақытыма орай, қолдан келіп жатыр. Өзімнің кәсіби жұмысыма оралып та жатырмын, 26 маусымда мен “Нұр Сұңкар” салтанатын, 3 шілдеде “Астана Жұлдызы” сыйлығын жүргіземін, маған бар болғаны осындай ырғақпен өмір сүрген ұнайды, басқаша болғанын қаламаймын да.

 

- Сіз тәрбиелеуге қалай қарайсыз? Осыны қалай дұрыс жасау керектігі, маңызды сәттерді қалай жіберіп алмау, сөйлей бастауға қалай көмектесуге болатындығы және т.с. туралы қазір әдебиет өте көп. Сізде авторларды артық көру бар ма, әлде, бәлкім, Сіздің бұл мәселеде өз әдістеріңіз бар шығар?

 

- Мен сүйіспеншілікпен ешкімді бұзып жібермейсің деп санаймын. Ең бастысы – балалардың бойында инабаттылық пен адамгершілік тәрбиелеу. Менің ұлым Даниал 9 жаста, ол таэквондомен айналысады, теннис ойнайды, вокалға барады және барабанда тамаша ойнайды. Футбол – оның құштарлығы. Жалпы алғанда, ол өте еліктегіш, қызықтағыш бала. Бірақ, спорттан және басқа сабақтардан өзге, мен оған еркіндік беремін. Көшбасшыны мұнда шешімді өзі қабылдай алатын жеке уақыт беріп тәрбиелеуге болады. Қызыммен қазірдің өзінде-ақ өзіміздің қайда баратындығымыздың, қайда өнер көрсететіндігіміздің жоспарын жазамын, біздің папамыз былай дейді: жалпы айтқанда, одан өзіңді жасайтын боласың (күледі). Ал мен болсам оның анағұрлым жақсырақ болатындығына сенімдімін!

Pandaland Image
 

 

- Сіз жұмысқа қаншалықты жылдам оралуды жоспарлап отырсыз?

 

- Мен ертең болса да эфирге шығар едім. Хабар түсіруді, сұхбат алуды, монтаждауды өте сағынып қалдым. Бірақ, менің бала бағатын қызметшім жоқ, өзімнің қызыммен бір жасқа дейін бірге болуды өзім шештім. Сондықтан, әзірге маған қарындастарым мен әжелерім көмектесіп отырғанда, мен концерттер жүргізіп, кейбір жобаларға түсетін боламын, бірақ Диана бір жасқа толғанда толығымен қайтып ораламын.

 

- Медиа адамдарына көзден ұзақ уақыт таса қалуға болмайды деп есептеледі. Сіз бұған қалай қарайсыз?

 

- Қандай адамдар екендігіне қарай (күледі). Егер Баян Есентаева көзден тіптен үш жылға таса болса да, оны ешкім ұмытпайды деп ойлаймын. Бұл тұлғаның ауқымына байланысты. Эфирде жылдар бойына жұмыс істеп келе жатқан, бірақ оларды танымал және белгілі деп атау қиынға соғатын жүргізушілер бар. Егер өз жұмысыңызды сапалы орындасаңыз, тек эфирде ғана емес, өмірде де қызықты адам болсаңыз, сеніңіз, Сізді ешкім де ұмытпайды.

 

- Сізде серіктестікпен босану болды, жақындардың көмегімен босанған шынында да жеңілірек пе?

 

- Мен жалпы алғанда өте дербес адаммын және барлық мәселелерді, оның ішінде босануды да өзім шешуге дағдыланып кеткенмін (күледі). Ал күйеуіңмен бірге серіктестікпен босануды жалпы алғанда әдеттен тыс іс ден санаймын. Бірақ бұл жолы өз анамды өзім шақырып алдым, өйткені тіптен дене шаршап, тамақ жегім келді. Маған қарағанда, оған қиынырақ болды деп ойлаймын. 

Pandaland Image
 

 

 

- Сіз өз балаларыңызды болашақта қандай болып көресіз?

 

- Олардың болашағын мен жарқын және бақытты деп көремін. Олардың лайықты адам болып өскендерін, Даниал мен Диананы тек біз ғана емес, Қазақстан да,  тіптен бүкіл әлем де мақтаныш еткендігін қалаймын!

 

- Біздің порталымыздың болашақ және жаңа ғана болған мамаларына Сіз не тілер едіңіз?

 

- Шыдамдылық пен күш-жігер! Жүкті болған, әсіресе тоғызыншы айда оңай емес, босанған жеңіл емес, бала туғаннан кейінгі алғашқы үш айда әсіресе қиын, бірақ бұл осыған татырлықтай, нәрестенің бір ғана жымиысы шаршағандықты және ұйқың қанбағандық туралы, барлық қиындықтар туралы ұмыттырып жібереді және сенің нәрестең өзін қорғалған, ал ең бастысы – сүйікті және ниет етілген балақан сезінуі үшін барлық істі жаңа күшпен жасауға дайын боласың!!!

Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан.

Pandaland Image
 
 
Menu
×