Өмiр мен ажал. Жизнь и смерть. Өмiр мен ажал. Жизнь и смерть.
7 минут - 01.06.2016, 06:43
Өмiр мен ажал. Жизнь и смерть.

Өмiр мен ажал. Жизнь и смерть.

7 минут - 01.06.2016, 06:43

Пост на двух языках.

Өмiр адамзатқа Жаратушының сыйлаған ең ғажап сиы. Бұл өмiр тек сынақ болсада сондай тәттi, сондықтан болар мендей пенденiң өз жанын ажалға қимайтыны?! Бұл постым өте қысқа болмақ, өйткенi, экперимент ретiнде бiр постқа қазақ және орыс тiлдерiндегi әңгiменi қоса жазғым келiп отыр.

Pandaland Image


Мен өмiрдi шексiз сүйемiн, басымнан қандай қиындық өтседе еш мойымай, өмiрiме, тағдырыма ренжiмей, Алламнан жақсы күндердi сұрап жүремiн.

Бұл түстiң астарында мағыналы сыр жатыр ма?

Үш күндей болды бұл түстi көргенiме.

Ұшақ аспанда екi рет айналып, жерге бiрақ құлады. Қасымда туыстарым бар, солармен бiрге көруге жүгiрiп бара жатыр екенмiн. Кенеттен, менi ешкiм естiмейтiнiн, тiптi көрмейтiнiн байқап қалдым. Алыста менiң суып қалған денем жатыр екен. Бәрi жылап-сықтап, менiмен қоштасуға дайындалып жатыр. Менiң жан-айқайымды айналамдағы бiр жан естiмейдi. Бойымды қорқыныш пен үрей басып алды. Денем суық терге түсiп, тез-тез тыныс алып жатырмын.

"Мен әлi өмiрсүргiм келедi, әлiде терең тыныс алғым келедi", - деп Аллаға жалынып жатырмын.
Артымда шырылдап қалған екi құлынымды ойлап, көз жасы көл болған әке-шешемдi ойлап Аллаға өмiрге қайтаршы деп жалынып тұрғанымда...
- Оян, не болды саған? - деп жолдасым оятып жатыр екен.

Pandaland Image

Сағат таңғы бес шамасы екен. Отыра салып, бетiмдi шымшып көрiп, айналама көз жүгiртiп, тiрi екенiме Аллама сансыз шүкiрлер айтып, сол жерде үш сағат бойы қимылдамай отырып, Алладан өмiрiмдi ұзақ ете гөр деп қайталай берiппiн.

Сол түс сондай анық көрiндi, мен тiптi сол жерде есiп тұрған желдi де ұмыта алар емеспiн.

Үй iшiм - күйеуiм, енем, балаларым маған не болғанын түсiне алар емес. Қуанып тәттiлер пiсiрiп, әншейiнде, жина ойыншықтарды деп ұрысатын мен ұлыма қоя сал, балапаным, өзiм жинаймын деп жүрмiн. Осы соңғы үш күн өткенiме анализ жасап, болашағыма қарап, бұл түстiң астарында қандай мән-мағына жатыр екен деген ой менi мазалай бередi. Мен ендi өмiрдi алдыңғыдағыданда асқан құштарлықпен сүйемiн. Алламнан тiлерiм, балаларымды жеткiзiп, оқытып-тоқытып, үйлi-жайлы етiп, балалы-шағалы күндерiн көрiп, немере-шөберелерiмнiң маңдайынан иiскеп, қалтылдаған шалымның қасында отырсам екен. Осы күндердi еске алып, өмiрдi оңай қиып кететiн, өткенiме өксiксiз қарап, жеңiл жүрекпен кете алатын кезде о дүниеге аттансам екен деп тiлеп жүрмiн.

Pandaland Image

Жизнь - самый прекрасный подарок от Создателя. Жизнь наполнена борьбой, горестями и проблемами, но несмотря на все это я ее люблю. Ради эксперимента я решила в этом посту совместить рассказ на казахском и русском языках, поэтому постараюсь написать как можно короче.

Я до безумия люблю свою жизнь, возможно поэтому любые проблемы переношу некой долей оптимизма.

Кроется ли скрытый смысл в моем сне?

Три дня назад мне приснился сон.

Самолет дважды совершив круг на небе, упал на землю. Я стояла рядом со своими родными, мы все побежали смотреть что случилось. Но в этой толпе я заметила, что никто меня не слышит, и не видит. Вдалеке лежит мое остывающее тело. Мои родные оплакивают и собираются проводить меня в последний путь. Я бьюсь в панике, крича каждому, что я здесь, но никто не замечает.

"Я еще не надышалась, я хочу жить," - начала я молиться Аллаху. Я просила его не забирать меня. Вся жизнь, словно картина, начала мелькать передо мной. Я не могу бросить своих двух малышей, не могу уйти, оставив родителей утопать в горе от такой преждевременной потери...
- Проснись, что с тобой? - будил меня муж.

Это было около пяти утра, я присела, ущипнула себя, оглянулась вокруг. Слава Создателю, я жива. Я ровно три часа просидела на том месте, благодарила Всевышнего за то, что жива.

Pandaland Image

Этот сон был таким настоящим и ярким, я до сих пор помню тот холодный легкий ветерок, который веял тогда. Мои домочадцы - муж, свекровка и дети не могут понять, что со мной происходит. Я хожу вся счастливая, напекла вкусностей, обычно ругала сына, чтобы убрал игрушки, а в эти дни говорю, не надо, малыш, я сама уберу. Последние три дня провожу анализируя свое прошлое и заглядывая в будущее. И все время думаю, "говорит" ли о чем - то? Одно я знаю точно, жизнь я стала любить еще крепче. Поэтому стала чаще просить Аллаха дать мне возможность вырастить и воспитать своих детей, дать им хорошее образование, женить их и понянчиться с внуками и правнуками, состариться рядом со своим старичком и с улыбкой вспоминать эти дни. Я молюсь, чтобы в конце своей жизни смогла покинуть ее с легкостью и надышавшись, ни о чем не жалея.

А вы любите жизнь?


Menu
×