Qazaqsha

ЖҮКТІЛІКТІҢ 12 АПТАСЫ

Дәрігерлер жүктіліктің 12-ші аптасын баланың алғашқы мерейтойы деп атайды! Олай болса Pandaland.kz ақпараттық порталы сізді құттықтайды!
ЖҮКТІЛІКТІҢ 12 АПТАСЫ
Дәрігерлер жүктіліктің 12-ші аптасын баланың алғашқы мерейтойы деп атайды! Олай болса Pandaland.kz ақпараттық порталы сізді құттықтайды!
ЖҮКТІЛІКТІҢ 12 АПТАСЫ
Дәрігерлер жүктіліктің 12-ші аптасын баланың алғашқы мерейтойы деп атайды! Олай болса Pandaland.kz ақпараттық порталы сізді құттықтайды!
28.04.2021, 03:34
Изменено: 19.04.2024, 17:53

Жолдың үштен бір бөлігін өттіңіз, уайымды айлар артта қалды. Жүктіліктің үзілу қаупі да азайды, демек, сіз өзіңіздің құпияңызды енді туыстарыңызға, достарыңызға, әріптестеріңізге аша аласыз!

Жүктіліктің 12 аптасындағы әйелдің сезімдері

Жатыр ені 10 см-ге ұлғайды, ол кіші жамбаста тарылып, іш қуысына көтеріледі. Қан айналымы көлемінің ұлғаюына байланысты ананың қан қысымы көтеріліп, тамыр соғысы жылдамдауы мүмкін. Айнадан болашақ ана дөңгеленген кішкентай ішті көре алады. Сіздің омырауыңыз ұлғайып кетті, тар болып қалған іш киімді ауыстыратын кезіңіз келді. Бет пен денеде пигмент дақтары пайда болуы мүмкін. Босанғаннан кейін мұның бәрі өтеді. Сіздің көңіл-күйіңіз өте құбылмалы. Осы кезеңде мазасыздық шабуылдары қалыпты жағдай болып табылады, олар кенеттен көңіл-күйдің жоғарылауымен ауысып отырады. Егер дәрігер рұқсат етсе, онда сіз жүкті әйелдерге арналған гимнастика немесе йога жасай аласыз. Бұл сіздің физикалық күйіңізге және эмоционалды әл-ауқатыңызға жағымды әсер етеді. Сондай-ақ, мезгіл-мезгіл ішіңізді сипап, балаңызбен сөйлесуді ұмытпаңыз. Сіздер бір-бірлеріңізді түсінесіздер!

Бала: ұрықтың дамуы, 12-апта

Бала белсенді өсуін жалғастыруда. Ол шамамен лимонның көлеміндей. Ішкі органдар қалып болды. Қазірдің өзінде көзді жауып тұратын қабақтар бар, құлақтың төменгі бөлігі пайда болды, кішкентай саусақтарда тырнақтар пайда болды. Ультрадыбыс арқылы оның қызықты бір іс-әрекеті - саусақты сору көрінісін бақылауға болады. Тыныс алғанда нәресте қабағын түйіп, аяқтары мен қолдарын қимылдатып, аузын ашуды біледі. Айтпақшы, жыныс мүшелері қазірдің өзінде қалыптасып үлгерген және оларды да ультрадыбыспен көруге болады. Егер нәресте сізге «өзінің жыныстық құпиясын» көрсетсе, онда болашақ ана, ырым-тыйымға салынбай, балаға алғашқы жаңа киімді сатып ала алады.

Кеңес:

Дәрігерге баруды және ультрадыбысты жасауды ұмытпау.

Гардеробты өзгертуді бастау - егер қаржы жетіп жатса, жүкті әйелдерге арналған керемет және ыңғайлы киімдерді сатып алу пайдалы. Есіңізде болсын, сізде тығыз және қысатын заттар болмауы керек!

 

Өзіңізді еркелетіп, тері жыртылуынан қорғайтын крем сатып алыңыз.

 

Жүктілік күнтізбесін апта бойынша қадағалауды жалғастырыңыз!

 

Келесі оқитыныңыз: ЖҮКТІЛІКТІҢ 13 АПТАСЫ

 

Сурет: pixabay.com

Menu
×