28.12.2021 05:17

Жаңа жылдық дастарханға арналған ерекше тағамдар 

Жаңа жыл қарсаңында әр үйдің ханымдары дастарханға ұсынған тағамдарымен ерекшеленгісі келеді. Осыны ескере отырып, Pandaland редакциясы қайталанбас тағамдар тізімін ұсынбақшы.

Әдеттте жаңа жылдық сиқыр түнін елестенкенде, мұрнымызға мандарин иісі келетіні анық. 

Қыс мезгілінің бас символы - мандарин салатын әзірлеу нұсқасын ұсынамыз.

 

Құрамы: 

Әзірлеу нұсқасы: Ірімшікті майда үккіштен өткіземіз. 

1. Қалған ингредиенттерді қосып араластыруға арналған табақша дайындаңыз.

2. Суға қайнатылған сәбіз бен жұмыртқаны майда үккіштен өткізіп, ірімшікке қосығыз. 

3. Осы қосындыға ұсақталған укроп және сарымсақты салыңыз.

4. Майонез косып араластырыңыз, қалауыңызша тұз, бұрыш қоссаңыз да болады.

5. Енді салатымыздан мандарин формасындағы шеңбер құрыңыз.

6. Піскен сәбізді майда үккіштен өткізіп, жақсылап сығып алыңыз. Сәбіздің артық суынан құтылуымыз керек. 

7. Жасалған шеңберді сәбізбен жұқалап әсемдеңіз. 

Дастарханға ұсынар алдында, мандариндеріңіздің астына жасыл салат жапырақтарын жайып, сәндегеніңіз дұрыс болады. 

Саңырауқұлақтар 

Құрамы: 

Әзірлеу нұсқасы: саңырауқұлақтардың таяқшаларын кесіп тастаңыз.

1. Пиязды ет тартқыш арқылы немесе үккішпен ұсақтаңыз. Ұсақталған пиязды фаршқа қосыңыз. 

2. Қалауыңыз бойынша туралған жасыл желеңді, тұзды және бұрышты қосып араластырыңыз. 
3. Дайын болған фаршпен саңырауқұлақты толтырыңыз. 

4. Алдын ала 200 градусқа қыздырылған электр-пешке жарты сағатқа қойып пісіріңіз. 

Тағамыңыз дайын болар алдында үстіне үгітілген ірімшік қосыңыз.

 

 

Поделиться