19.12.2021 21:00

Болашақ аналарға арналған әлеуметтік жәрдемақы

Аяғы ауыр оқырмандарымызға арнайы, мемлекеттік төлемдерді алу үшін дайындалатын құжаттар жайлы баяндаймыз. Ұлмекен Сарман есімді бухгалтерлік кеңесші tengrinews.kz тілшілеріне болашақ аналардың декреттік демалысқа қалай дайындалу керектігімен бөлісті. 

Мемлекеттен төленетін әлеуметтік жәрдемақы соңғы 12 айдағы табысыңызға байланысты есептеледі. Демек әлеуметтік жәрдемақыңыз жоғары деңгейде болсын десеңіз, дәл жүктілік кезеңінде емес, оған 5 ай бұрын дайындалғаныңыз жөн. Мәселен соңғы жылдың 6 айында ғана жұмыс істеген болсаңыз, сол уақыттағы бар табысыңыз 12-ге бөлінетін болады. 

Жалдамалы жұмыс кезінде зейнетақы, медициналық сақтандыру және әлеуметтік аударымдардың уақытылы төленгенін мұқият қадағалаңыз. Төлемдерді алу кезінде аталмыш факторлардың жетіспеушілігі қиындық тудыруы мұмкін.

Оларды бақылап отыру үшін Egov.kz порталына тіркелсеңіз жеткілікті: кез келген әлеуметтік салықтар мен аударылымдарыңыз айқара көрінеді. 

Жүктілік және босану бойынша жәрдемақыны есептеу формуласы

Жұмыс істейтін болашақ аналардың назарына, әлеуметтік жәрдемақыны санау формуласын ұсынамыз.  

Барынша үлкен қаражатты жәрдемақыны қалай алуа болады?

Назар аударайық! Жеке кәсіпкер ретінде сіз 2023 жылға дейін, заңды түрде салық төлеуден босатыласыз. Демек, бір жыл ішінде ай сайын мына төлемдерді жасап отыруыңыз керек:

Заң тұрғысынан жүкті әйелдердің құқығы қалайша қорғалған? 

Жұмыс беруші сізден мереке немесе демалыс күндері қосымша жұмыс істеуді талап етуге құқысыз. Жұмысыңыз денсаулыққа зиян немесе сәбидің дамуына қауіп төндіретін болса, бастығыңыз сізді денсаулыққа зияны жоқ жұмысқа ауыстыруы керек. Бұл жағдайда жалақыңыз толықтай сақталуы тиіс. Сонымен қатар, сіздің өтінішіңіз бойынша жұмыс беруші толық емес жұмыс кестесін ұсына алады.

 Әлеуметтік жәрдемақыңызды толықтай алам десеңіз, декртетті демалысқа ресми түрде жұмысқа орналасқан болып шығыуыңыз керек.

Поделиться