Здоровье

Ата-аналарға арналған жадынама: аутизмнің ерте белгілері

Жасқа толмаған балаларда аутизм спектрінің бұзылыстарын қалай танып білуге болады?
Ата-аналарға арналған жадынама: аутизмнің ерте белгілері
Жасқа толмаған балаларда аутизм спектрінің бұзылыстарын қалай танып білуге болады?
Ата-аналарға арналған жадынама: аутизмнің ерте белгілері
Жасқа толмаған балаларда аутизм спектрінің бұзылыстарын қалай танып білуге болады?
18.07.2019, 01:41
Изменено: 09.04.2024, 07:00

Әрбір сәби өз қарқынымен дамиды: сәбидің қашан отырып, қашан гуілдеп, қалай еңбектеу керектігін нұсқайтын жалпыға бірдей қатып қалған қағидалар жоқ. Әйтсе де – бұл жай даму ерекшелігі ғана емес, АСБ (аутизм спектрінің бұзылысы) диагнозын растау немесе жоққа шығару үшін дәрігерге қаралу керектігінің белгісі екенін көрсететін бірқатар үрейлі белгілер бар. AutismSpeaks ұйымының бас ғылыми қызметкері, аутизм зерттеушісі, клиникалық психолог доктор Томас Фрейзер: «Кейбір ықыласты ата-аналар баласының дамуындағы ауытқуларды өте ерте кезеңде – 6 айдан 12 айға дейінгі аралықта танып біле алады. Тіпті одан да бұрын», – деп көрсетеді. Оның көмегімен біз бір жасқа дейінгі балалардағы үрейлі белгілердің тізімін құрдық – диагноз неғұрлым ерте қойылса, кейінгі түзету шаралары да соғұрлым тиімдірек болады.  

Аутизм дегеніміз не?

Аутизм – ойын, оқу және қарым-қатынас сияқты әлеуметтік дағдыларға әсер ететін кешенді даму бұзылысы. Бірақ бұл аурудың өрбу деңгейлері әртүрлі болып келеді: жеңіл түрінен бастап ауыр түрлеріне дейінсырқат аясы өте кең. Аутизм бойынша бүгінгі таңдағы статистика көңіл көншітпейді. 2018 жылы америкалық ғалымдар АСБ қырық баланың біреуінде азды-көпті деңгейде кездесетінін мәлімдеген.

Дәрігерлер аутизмнің пайда болуының дәл себептерін осы күнге дейін анықтай алмай келеді, бірақ олар бұл ауытқулар сыртқы және генетикалық факторлардың кешенді әсерінен пайда болады деген пікірді жиі ұстанатын болып жүр. Кейбір факторлар АСБ-ның нәресте дүниеге келмей тұрып даму мүмкіндігін білдіруі мүмкін. «Егер туған бауырларының бірінде АСБ диагностикаланған болса, онда келесі баланың осы сырқатпен туылу мүмкіндігі 20%-ға артады», - деп санайды доктор Фэйзер. Басқа әлеуетті қауіп-қатерлер қатарына ол мерзімінен бұрын босану, туылған кезде нәресте салмағының төмен болуы, босану барысындағы қиындықтар және ата-анасының егде жаста болуы сияқты белгілерді жатқызады.

Нәрестелердегі аутизм белгілері

Кейбір ата-аналар аутизм белгілерін өте ерте жаста – 6 айдан бастап диагностикалай алады. Доктор Фэйзердің пайымдауынша, «Баланың айналасындағы нәрселерге қалай жауап қайтаратынына назар аудару керек. Сәбидің былдыры және оның былдырламауы, бір нәрсені көрсеткісі келетіндігі немесе мүлдем парықсыздығы, таныс адамдарға жымиюы немесе жымимауы – осының бәрі маңызды». «Аутизмі бар балалар қоршаған шу мен басқа да қоздырғыштарға аз көңіл бөледі».

Ата-аналарға арналған жадынама: аутизмнің ерте белгілері

Нәрестелердегі аутизмнің ресми белгілері:

3 айға дейінгі жаста:

Жылжып жатқан объектілердің қозғалысын қадағаламайды. «Аутизмнің даму қаупі жоғары балалар ата-аналары мен басқа да жақын адамдарына назар аудармайды. Олар көрпе тәрізді басқа бір нәрселерге көбірек көңіл бөлуі мүмкін», - дейді доктор Фрейзер.

Қатты шуға елеңдемейді.

Затқа қолын созып, оны ұстап қалуға тырыспайды.

Адамдарға жымимайды.

Былдырламайды.

Жаңа адамдарға назар аудармайды.

7 айлық жаста:

Дыбыс немесе шудың пайда болған жағына қарай басын бұрмайды.

Сізге қатысты ешқандай қызығушылық танытпайды.

Күлмейді және шырылдағысы келмейді.

Заттарға ұмтылмайды.

Өздігінен жымимайды.

Қандай да іс-қимылдарымен өзіне назар аудартуға тырыспайды.

Баламен ойнағыңыз келгенде, еш қызығушылық танытпайды.

12 айлық жаста:

Еңбектемейді.

Бір де бір сөз айтпайды.

Ымдамайды – қолын бұлғамайды және басын шайқамайды.

Объектілерді немесе суреттерді қолымен нұсқамайды.

Баланы демеп ұстап тұрған кезде, тұра алмайды.

Аталған белгілер АСБ болуының жүз пайыздық кепілдігі болып табылмайтынын есте сақтаған жөн. Балалардың Ақыл-парасаты Институты жанындағы Аутизм Орталығының аға директоры Мэнди Сильверман: «Бұл ерекшеліктер ата-ананы өз баласын мамандарға көрсетуге итермелеуі тиіс. Бұл жерде АСБ-ның еш қатысы болмауы да мүмкін, бәлкім басқа әлеуметтік факторлардың әсері де бар шығар» - деген пікіріне сенімді.

Баланың дамуында АСБ белгілері бар болған жағдайда не істеу керек?

«Дереу маманға қаралыңыз, түзету шараларын неғұрлым ертерек бастасаңыз, олардың әсері де соғұрлым күштірек болатынын дәлелдейтін деректер бар», - деп кеңес береді доктор Фрейзер.

Жағдайға ерте араласу баланың мінез-құлқының реакциясын түзетуге, кейде тіпті толығымен өзгертуге көмектеседі. Жасы неғұрлым үлкенірек балалармен логопедтер жұмыс істейді, олар еңбек терапиясымен оқытылады, психологиялық көмек көрсетуді қажет етеді. «Кез келген емнің ақырғы мақсаты – АСБ-ның әсерін азайтып, баланың симптоматиканы басқаруына және мүмкіндігінше әлеуметтенуіне көмектесу», - деп есептейді Мэнди Сильверман.

Parents.com материалдары бойынша

 

Menu
×