Психология

Бала ұрлығы: ата-ананың әрекеті

«Бала ұрлығы» дегенде, көз алдымызға лас шалбар мен жыртық күртеше киіп, оңай табыс табу мақсатымен базар кезіп жүрген панасыз баланың бейнесі елестейді. Бірақ бұл мүлдем олай емес! Балалар неліктен ұрлайтынын біз белгілі психолог Людмила Петрановскаямен анықтадық.
Бала ұрлығы: ата-ананың әрекеті
«Бала ұрлығы» дегенде, көз алдымызға лас шалбар мен жыртық күртеше киіп, оңай табыс табу мақсатымен базар кезіп жүрген панасыз баланың бейнесі елестейді. Бірақ бұл мүлдем олай емес! Балалар неліктен ұрлайтынын біз белгілі психолог Людмила Петрановскаямен анықтадық.
Бала ұрлығы: ата-ананың әрекеті
«Бала ұрлығы» дегенде, көз алдымызға лас шалбар мен жыртық күртеше киіп, оңай табыс табу мақсатымен базар кезіп жүрген панасыз баланың бейнесі елестейді. Бірақ бұл мүлдем олай емес! Балалар неліктен ұрлайтынын біз белгілі психолог Людмила Петрановскаямен анықтадық.
17.07.2019, 01:08
Изменено: 18.04.2024, 14:19

Балалық шағым онша есімде қалмапты. Әйтсе де кейбір сәттер стоп-кадр тәрізді жадымда сақталып қалыпты. Және осыдан 30 жылдай бұрын басымнан өткерген қиын жағдайда сезінген эмоцияларым әлі де есімде. Жақында психолог ЛюдмилаПетрановскаяның* «Тайная опора» және «Если с ребенком трудно» кітаптары қолыма түсті. Солардың көмегімен мен өз ата-анамды түсіне алдым, ал ең бастысы – дұрыс тұжырым жасадым.

Бірінші жағдай

Мен төрт жаста едім. Мен әжемдікінде қонақта болып, оның моншағымен ойнап отырдым – ол маған рұқсат берген. Келесі кадр – менің бойымды қорқыныш билеген, себе ібарлығы маған ұрысып, айғайлап жатыр екен. Мен не үшін екенін түсінбеймін. Мен тек әжемнің дәл сол моншағын алып,оған бұл туралы айтуға ұмытып кетіппін.

Баланың естігені

Төрт жасар бала бұл жағдайдан ешқандай сабақ алған жоқ. Бір түсінгені, ата-анасы оған ұрысып жатқаны, демек олар оны жақсы көрмейді, себебі ол жаман.

Бала ұрлығы: ата-ананың әрекеті

Психолог не дейді

Балалар бұл жаста ненің жақсы, ненің жаман екенін әлі білмейді. Мұны түсіндіру – ата-ананың міндеті. Бірақ есте сақтаған жөн– «күйзеліс зиятты тежейді». Бала өзіне ұрысып жатқандықтан қорыққан кезде, баста дабыл қосылады: ең жақын адамдарым маған наразы, мен оларға керек емеспін, ал оларсыз маған өлім қаупі төніп тұр. Осы сәтте ми жаңа ақпаратты қабылдау атқарымын бұғаттап, өмірді құтқаруға жұмылады. Әрине, ақыл-насихат құлаққа кірмейді. Жаныңызда бомбалар жарылып жатқан кезде, математикадан есеп шығарып көріңізші. Бұл ата-анасы айғай мен қорқыту арқылы баласын тәрбиелеуге тырысатын сәбидің шамамен не сезінетіндігі.

Ұрлыққа келетін болсақ, төрт жаста бұл қылмыс емес,бұлжеке меншік туралы қалыптаспаған түсінік. Бұл айтарлықтай күрделі абстрактылық ұғым, мұны сәби біртіндеп игереді.

Дұрысы қалай

Біраз тынышталып, сөйлесу керек еді. Дауысыңызды көтермей, басыңызды ұстамай, моншақ әженікі екендігін, және сізге қазір онысыз өте көңілсіз екендігін түсіндіру керек. Балаға өзгенің затын сұраусыз алуға болмайтынын есте сақтауын өтіну (зат тіпті ең жақын адамға тиесілі болса да) сұраусыз алуға болмайды.

Бала ұрлығы: ата-ананың әрекеті

Екінші жағдай

Мен алты жаста едім. Ата-анамнан өзіме Барби қуыршағын алып берулерін бұрыннан өтініп жүргем. Бірақ олар алып бермейтін, себебі «ақша жоқ» болатын. Бір күні мен ата-анамның бөлмесінде ойнап отырып, анамның сөмкесінен 20 теңгені көрдім. (Түсінікті болуы үшін, сол кездері 20 теңге – шамамен қазіргі мың теңгедей). Оны өзіме алып, ата-анама өзімді бақытты етуге көмектескім келді. Мен расында да бәрін қуантамын деп ойладым. Қытайда жасалған, түрі онша емес, бірақ Барби қуыршағын сатып алып, үйге көтеріңкі көңіл-күйде оралдым, қалаған ойыншығыма ақша табылғандығына бәрі қуанады деп ойладым. Бірақ қуанышым бірден ренішке ауысты – ел ішінде дағдарыс, ата-анам қиналып жүргенде, мен ақшаны қайдағы жоқ ойыншықтарға жұмсап жүргенім туралы көңіліме ұнамсыз әңгіме басталды. Айта кету керек, ақшаны қайдан алғанымды ешкім сұрап, ол үшін ұрысып жатқан жоқ. Әйтсе де өзім бәрін жақсы түсіндім – бұл ұрлық еді.

Баланың естігені

Ел ішінде дағдарыс, отбасымызда ақша мәселесі күрделі болғандықтан, ата-анам күйгелектеп, маған ашулы болды. Демек, расында да бір жамандық болғаны, және оған кінәлі өзім ғана.

Психолог не дейді

Бұл ұрлықтың себебі – қандай да бір нәрсені қатты алғым келді. Бұл өте маңызды өмірлік тәжірибе. Бала өзін-өзі азғыруға көніп, ұрлық жасаған кезде, рұқсат етілген шекті білгісі келеді. Ар-намыс дәл осылай қалыптасады — ұрлықты кейін жазалайтындықтан емес, жүрегің орын таппайтындықтан жасамайсың. Бұл жағдайда бала өзін-өзі азғыру, теріс қылық, ұят, өкіну тәжірибесін алып, тұжырым жасауы маңызды.

Енді балаларды қорқыту туралы. Бала өзіне айтылған тікелей қоқан-лоқы болмаса да, ата-анасының ол үшін түсініксіз саясат, мемлекет, үкімет, экономика жөнінде ашуы мен жай шағымдарын естіген кезде, ол өте қорқады. Бала «әкем мен анамның өздері қорқатын «хайуан» бар, демек олар мені де қорғай алмайды» деп ойлайды. Бұл жағдайдан шығатын екі жол бар: өзін кінәлау, үндемеу, қорқу, өзімен-өзі болу немесе күшті болып, ата-анасын қорғауға тырысу. Екі нұсқа да – психикаға едәуір соққы, бұның салдары кейін ересек өмірде байқалатыны анық.

Қалай болуы тиіс

Өз наразылығыңыз бен ашуыңызды көрсетіп, ухілеп-ахілеп, «Не деген масқара – біздің отбасымызда ұры пайда болыпты» деп айғайға басу керек. Сосын сәл басылған соң, әрбір бала өз өмірінде бір рет болса да ұрлап көретіндігін айтып, айқай-шусыз жай сөйлесіп түсіндіру керек. Бұл жағдай оны ұрлықшы етпейді. Ол осылай істеп көріп, мұның қалай болатынын біледі, сосын бұдан әрі де осылай істейтінін немесе осымен доғаратынын өзі шешеді.

Үшінші жағдай

Мен жасөспіріммін. Тап болған компаниям — «өңкей азғындар», бірақ бұл адамдар мені түсінеді, сынамайды және ақыл айтпайды. Маған сонысы ұнайды. «Достарымның» негізгі кәсібі – көрші кіреберістегі сәкіде отырып, темекі тартып, арақ ішу. Мен оларға сай болуым керек. Ал бұл үшін үнемі қаражат керек, үйдегілер ұсақ шығындарыма ақша бермейді десем де болады. Ал берген күннің өзінде қайда жұмсағанымды тәптіштеп сұрап алады. Сондықтан мен анамның сөмкесінен ақырын білдіртпей 200-300 теңге алып тұрамын. Бұл сомаға сыра ішіп, саябаққа барып, балмұздақ жеуге болады. Анам ақшаның жоғалғанын байқамайды, себебі оның сөмкесінде ақша қашан да былығып жатады, ал мен көп ақша алмаймын. Бірақ уақыт өте келе, мен көбірек алатын болдым, себебі ақшам көбейген сайын, «достарым» да маған жақынырақ бола бастады. Сөйтіп бұл жағдай ұзаққа созылып келді.

Бала ұрлығы: ата-ананың әрекеті

Баланың ойлағаны

Әрине мен өз жасағанымнан ұялатынмын және өзімнің табыс көзім туралы ешкімге тіс жарып айтпайтынмын. Достарыма ата-анам өздері ақша береді деп айтатынмын. Бірақ қазір ұрлау себебімнің бүкіл қисынсыздығын түсініп, өз қылығымның қаншалықты жексұрын екендігін ұғынған кезімде, өзімді бұрынғыдан бетер нашар сезінемін. Мүмкін, уақыт өте келе, мен осы жасағаным туралы анама айтып, аздап жеңілдеп қалатын шығармын. Әзірше батылым жетпейді. Кішкентай қызды сөгеді деген қорқыныш әлі де бар. Ал мен бір сәтке 33 жастамын.

Психолог не дейді

Бұл жағдайда ұрлықтың себебі бала ақшасы бар құрбылары арасында ақшасыз өзін жайсыз сезінетіндігінде. Ал жасөспірім ата-анасының оған ақшаны өз бетімен жұмсауға рұқсат бермей, «оны кішкентай баладай көріп», санаспайтындығын ұғынады. Бұл жағдайда баланың басты қажеттілігі – құрбыларынан ажырамай, өзіне қатысты шешімдерді өз бетімен қабылдау болып табылады. «

Дұрысы қалай

Қаржылық сауаттылықтың маңызды тармақтарының бірі – ақшаны қатал тәртіпте ұстап, кез келген сәтте қанша қаражатыңыз барын және оның қай жерде жатқанын дәл білу. Егер мені бір рет болса да ұрлығым үшін жазалаған болса, мен бұл әдетімді қойып кеткен болар едім.

Ал екіншіден, балаға ұсақ шығындарына ақша беріп тұру керек және оны қайда жұмсағанын қадағалап сұрау қажет емес.

Бала ұрлығының басқа себептері

«Егер балаңызбен қиналсаңыз» кітабында Людмила Петрановская бала ұрлығының тоғыз себебін атайды. Оның үшеуі өзіммен болған оқиғалар, олар туралы айтып бердім.Бірақ бұл тақырыпты аяқтау үшін қалған алтауын да атап өтейін.

1. Ата-анасынан ақша ұрлайтын жасөспірімнің мақсаты көбіне онымен тек бірдеме сатып алуға мүмкіндігі болған кезде ғана қатынасатын туыстарын сатып алу болып табылады. Бұл себеп менің үшінші жағдайымдағыға ұқсас, бірақ менің «жолдастарым» менімен ақшасыз болған кезде де қатынасып, тіпті қонақ қылған кездері де болды. Ал бұл жердегі«достық» тек қаржы мәселесіне ғана байланысты.

2. Балалар ата-анасының махаббаты мен қамқорлығының орнын тәтті немесе ойыншық сатып алумен толтырғысы келіп, ұрлайтын кездер де болады.

3. Кейде балалар өз отбасындағы жағдайға әсер етейін деп ұрлыққа барады. Мысалы, ата-анасы ұрысып қалып, көп уақыт бойы бір-бірімен сөйлеспейді. Жасөспірім шиеленісті сезіп, бірдеңе істегісі келеді. Ұрлық жасаса – анасы мен әкесі асүйде болған жайды бірге талқылап, өзара келісімге келіп жатады. Бала өзіне кінә тағылып, өкпелесе де, ересектер арасында өзіне қажет жақындық пен қарым-қатынасқа және отбасындағы қорғанысқа ие бола алады.

4. Егер баланың бойында оны қабылдамайды деген аз да болса үйрей болса, ол өзінің жақындығын қатал әдістермен тексереді. Балалар мұндай жағдайда «ең осал тұстарды» оңай анықтайды,және ұрлық– олардың ата-аналары үшін ең басты сұмдық болып табылса және олардың тәрбиеші ретінде толық күйреуінің дәлелі болса, онда бала «Мені тіпті осындай күйімде де жақсы көресіңдер ме?» деген сұрақты қою үшін дәл осындай теріс қылықты таңдауы мүмкін.Бұл жағдайда«ұрлықшының»басты қажеттілігі – жақындықтың беріктігіне сенімді болып, үрейліліктен азап шекпеу.

5. Үрейліліктің өте жоғары дәрежесімен байланысты клептомания. Ұрлаған сәтінде адам кейін қуанышқа ұласатын өткір сезімді сезінеді. Баланың қажеттілігі – бойын билеп алған үрейден құтылу, эйфория мен босаңсу түрінде аздап тынығу.

6. Бала ауыр жағдайға түсіп, бұл туралы ата-анасына тура айтуға қорқады. Мәселен,одан ақша бопсалайды немесе ол есірткіге әуес болған.

Баланың теріс қылығының себебін біле келе, біз оған жылдам көмек бере аламыз.Оған нағыз керек нәрсесін ұсынамыз. Сонда баланың қиындықтары бар екенін білдіретін ұрлық мәселесі өзінен өзі жойылады. Айта кетсек, дәл осы алгоритм кез келген ауыр мінез-құлық жағдайында кішкентай балаларда да, жасөспірімдерде де жақсы нәтиже береді.

*Людмила Петрановская – психолог, білім беру саласындағы РФ Президенті Сыйлығының лауреаты, «Отбасы бала үшін» отбасылық құрылымның мамандар қауымдастығының мүшесі. Кітаптарының аудионұсқалары: «Тайная опора»және «Если с ребенком трудно».

Бала ұрлығы: ата-ананың әрекеті

Бала ұрлығы: ата-ананың әрекеті

Menu
×