Подготовка к родам

Астананың перзентханаларын шолу

Pandaland.kz редакциясы  Instagram желісіндегі жаңа сұрау салудың негізінде, астаналық пе
Астананың перзентханаларын шолу
Pandaland.kz редакциясы  Instagram желісіндегі жаңа сұрау салудың негізінде, астаналық пе
Астананың перзентханаларын шолу
Pandaland.kz редакциясы  Instagram желісіндегі жаңа сұрау салудың негізінде, астаналық пе
19.09.2015, 07:18
Изменено: 30.03.2024, 17:22

Pandaland.kz редакциясы  Instagram желісіндегі жаңа сұрау салудың негізінде, астаналық перзентханалардың өткен жылғы шолуын жаңартып отыр. Өткен уақыт ішінде медициналық орталықтардың көпшілігі өз атауларын өзгертті, ал кейбірі озық деп саналудан қалды. Ең маңызды таңдау туралы біздің мамаларымыздың алғашқы болып айтқандарынан оқыңыз!!!

Pandaland Image

Мекен-жайы: Тұрар Рысқұлов көшесі, 8

Байланыс телефондары: +7(7172) 30-22-70, 30-25-01, 47-44-05

Сайты: жоқ

Бірінші перинатальдық орталық (бұрынғы №3 перзентхана) көптеген жақсы пікірлер, лебіздер жинап алды. Мамалар  мұнда өте таза екендігін және жаңа аппаратура енгізілгендігін атап өтуде.

i_nataliya: Тұңғыш баламды 5 жыл бұрын 3-ші перинатальды орталықта уағдаластық бойынша дәрігер Әлия Бекежанқызында босандым. Бұл тамаша дәрігер мен әйел адам мені 33-ші аптадан бастап және босанғаннан кейін 40 күн бойына бақылады.  Дәрігер де керемет, аурухана да тамаша. Ақылы бөлімде жеке палатада жаттым, персонал өте ілтипатты, екінші рет те сонда баруды ойлап жүрмін)))))!!

undinas.s: Екі рет 3-ші перзентханада (қазір бұл 1-ші перинатальдық орталық) босандым, уағдаластық бойынша босандым. Ұнап қалды. Бәрі таза, аппаратурасы да жаңа. Бірақ, өз дәрігеріңізді тапқаныңыз жақсырақ болады.

zdossova: Екі рет қазір әуежай жақтағы #1 перинатальдық орталық болып отырған  3-ші перзентханада босандым. Бірінші рет тегін бөлімде, екінші рет ақылы бөлімде. Екі рет те ұнады, бірақ, әрине, алдын ала таңдау жасап, дәрігерлермен уағдаластым. Менің екі әріптесім Ана мен бала орталығында босанып, екеуіне де онда ұнамаған еді.

Pandaland Image

Мекен-жайы: Тәуелсіздік 3/1

Байланыс телефондары: +7(7172) 36-60-70, 34-00-37, 36-60-23

Сайты: http://www.perinatal-astana.kz/index.php/ru/

Екінші перзентхана Астананың оң жағалауында орналасқан. Орталықтың ресми сайтында маусым айында оларда 695 нәресте туғандығы хабарланып отыр. Тәуір статистика. Пайдаланушы danil_ruzi мекеменің тазалығын және өзінің табысты босанғандығын атап көрсетті.

dani_ruzi: Біз 2-ші перзентханада босандық. Бәрі де таза және жақсы болды. Ал енді біз 5-ші перзентханада сақтауда жатқанда, онда егеуқұйрықтар жүгіріп жүретін (ақылы бөлімде жаттық).

Pandaland Image

Мекен-жайы: Ә. Молдағұлова көшесі, 28

Байланыс телефондары: (7172) 39-57-39, 39-55-29

Сайты: http://www.roddom1.kz/index.php/ru/

№3 перинатальдық орталықта, егер ресми сайттарына сенер болсақ, тіптен жүкті әйелдерге арналған йога да бар екен. Бірақ, перзентхананың атағы бәрінен бұрын өзінің медициналық персоналымен шығып отыр. Әсіресе, мамалар Хамидуллина Зайтуна Гадиловнада қарауда болуға кеңестерін беруде.

aika1984: үш ретінде де Хамидуллина Зайтуна Гадиловнада босандым (1-ші рет – Ана мен бала орталығында, 2-ші рет – үшінші перзентханада, 3-ші рет -  #3!перинатальдық орталықта)! Әрі екінші ретте жатырым кесілді, үшінші ретінде өзім босандым! Қазір ол кісі 3–ші перинатальдық орталықта (бұрынғы #1 перзентхана) бас дәрігер. Үшінші ретте бәрінен де көбірек ұнады! Ақылы бөлім де, акушерлер де, педиатрлар да, мейірбикелер де, тамағы да, палаталары да!

alimka87: Келісемін!!! Ол кісі өз ісін біледі!!!

alexandra_bekker: Екі ретінде де 1-ші перзентханада босандым. Бірінші ретінде Марина Марковнада, екінші ретінде Игорь Николаевичте! Құдай маңдайымызға бере салған дәрігерлер! Кейін тегін бөлімде жаттым. Палаталары таза, персоналы инабатты.Үнемі студенттер жүріп, қысымымды өлшеп жүрді.

Pandaland Image

Мекен-жайы: Ирченко к., 12

Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-11-15, 32-53-40

Сайты: http://www.keruen-medicus.kz/

Керуен Medicus жеке меншік клиникасы да біздің мамаларымызға ұнайды. Мұнда олар инабатты персоналды атап өтуде және өткен қауіпсіз босанулары туралы әңгімелеуде.

zarina_1212: Мен Керуенде босандым, ешқандай оңсыз тұстар болған емес! Тек қана орасан зор плюстер! Бұл кезде дәл сонда бақылауда болып, дәл сонда патронажға тұрдық! Барлығыңызға кеңес беремін.

ainura008: Мен де тұңғышымды Ана мен бала ғылыми институтында босандым, ұнамады. Қазір, Аллам жар болсын, Керуенде тіркеуде тұрмын және дәл осында босанғым келеді. Әзірге мұнда барлығы да көңілімнен шығып отыр.

Pandaland Image

Мекен-жайы: Тұран даңғылы, 32

Байланыс телефондары: + 7 (7172) 70-14-25, 70-14 -26, 70 -14 -14, 70 -14 -00

Сайты: http://www.nrcmc.kz/ru

Бір кездері Ұлттық Ана мен бала ғылыми орталығы озық мекемелердің қатарында болатын, бірақ қазіргі күні босанушы әйелдердің пікірлері екіге бөлініп кеткен.

ЖАҚТАҒАН ПІКІРЛЕР:

alimka87: Ал маған Ана мен бала орталығында босану ұнап қалды, өте жақсы ауысым болды, персонал өте зейінді және инабатты болды!!

@aiman_ms Қорықпаңыздар, ең бастысы – сіздердің осыны мақсат еткендеріңіз! ))

salt_deep_sea: мен де өткен жылы Ана мен бала орталығында босандым, бәрі де ұнады!

damilusha: Rojala v Centre materinstva v astane u Lyazzat Laulekovny. Vse ponravilos. Personal v tom chisle, med sestry horoshie )

ҚАРСЫ ПІКІРЛЕР:

zhulduzkonyrbay: бірінші баламды Ана мен бала орталығында босандым, баланы да, мені де сәл болғанда өлтіріп ала жаздады, Аллаға шүкір, бәрі артта қалды, қазір оның жасы 6-да, екінші нәрестемді Триумфалды арка бар 3-ші перзентханада босандым, бұл жерде бәрі жақсы, маған ұнады. Барлық болашақ аналарға қорықпауларын және сәтті босануларын тілеймін!

aliushaaa: Ана мен бала орталығында босандым, онда босануға болады, бірақ олар есеп пен тіркеуді масқара жаман жүргізеді. Келесі жолы 3-ші перзентханаға (қазір 1-ші болып отырған) барамын, Ана мен бала орталығында тек ақшаны күреп алады, ал шебер дәрігерлер болса аз. Егер жүктілігіңіз мінсіз өтіп жатса, мұнда босануға, есепте тұруға болады. Бірақ, егер Орталыққа баратын болсаңыздар, Үкібасоваға барыңыздар, ол сондағылардың арасында профессор дәрежесіне ие жалғыз ғана дәрігер. Ол тамаша маман.

aiman_ms: Ана мен бала орталығында босануға дайындалып жүрмін, бірақ, олар туралы теріс пікірлерді оқи-оқи, енді ойланып қалдым...

Астанада сонымен бірге 5-ші номерлі перзентхана да бар екендігін, бірақ оқырмандарымыздың бір де бірінің ол жайында ақпарат жазбағандығын қоса айтайық. Егер Сіз бесінші перзентханада босанған болсаңыз, түсініктемелерде осы жайында жазуыңызды өтінеміз.

Барлық болашақ мамаларға қауіпсіз босануларын және өздерінің дені сау пандаларын қолдарына тезірек алуларын тілейміз!!!

Ұқсас материалды осы жерден оқыңыз.

Menu
×