Подготовка к родам

Астананың ең жақсы перзентханаларының рейтингі

Pandaland.kz редакциясы Instagram желісінде сұрау салудың негізінде ең жақсы перзентханалардың рейтингін жариялауын жалғастырып отыр. Бүгін біз өзіміздің қымбатты панд

Pandaland.kz редакциясы Instagram  желісінде сұрау салудың негізінде ең жақсы перзентханалардың рейтингін жариялауын жалғастырып отыр. Бүгін біз өзіміздің қымбатты панда-маматайларымызға Астананың ең жақсы перзентханалары туралы қуана-қуана әңгімелеп береміз.

Қанша адам болса, соншама пікір де бар. Біреулер перзентханалардың біліктілігі жоғары персоналын және тегін бөлімдердегі дәрігерлердің тарапынан бөлінген көңілді бөле-жара атап көрсетеді, басқалары болса, егер сен ақылы бөлімде болмасаң – саған деген көзқарас өзгереді дейді.

Қалай болғанда да, астананың ең жақсы перзентханаларының рейтингінде бірінші орынды Ана мен балаҰлттық ғылыми орталығы алып отыр. Жүктілігі қиын өтіп жатқан, елеулі экстрагенитальдық аурулары, жүрек ақаулары бар болашақ аналарды бүкіл Қазақстаннан дәл осында жіберіп отырады. Орталықтағы жағдайлар – жақсы отельдегідей: пальмалар өскен әдемі холлдар, жүрдек лифтілер, люкс-палаталар және жеке санитарлық тораптар.

Pandaland Image

Жүктіліктің өрбуін бақылап отыру шамамен 115 мың теңге тұрады, ал физиологиялық босануларды жеке жүргізіп отыру 90 мың теңгеден басталады.

Pandaland Image

Медициналық персонал:

Жоғары санатты дәрігер-акушер гинеколог:Үкібасова Талшын Мұқадесқызы

Акушерлік және гинекология бөлімінің меңгерушісі: Наханова Жұпар Кәрібекқызы

Акушерлік және гинекология бөлімінің аға мейірбикесі: Рүстемова Әмина Еркінқызы

Pandaland Image


Zhuldyz Khamzina деген никпен блогер былай деп жазады: «Астана қаласы, Ана мен бала орталығы! Дәл осында босаныңыздар! Тамаша дәрігерлер, күтім, қазіргі заманғы аппараттар және ана мен балаға керектінің барлығы бар»

Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығының байланыс ақпараты -осында.

Көптеген аналар босанудың табыстылығы дәл осы дәрігердің көңіл-күйіне және әдістемесіне байланысты болғандықтан, дәрігерді таңдап алуға байыппен қараудың қажет екендігін атап көрсетіп отыр.

Астананың перзентханаларының рейтингінде екінші орында №3Қалалық перзентхана болыпшықты.

Ол ауыр соматикалық аурулары және жүктіліктің ауыр асқынулары жоқ әйелдерде физиологиялық бала босануды жүргізуге маманданып отыр. Перзентханада серіктестік босанулар құпталып отыр және оларды жүргізу үшін жағдайлар жасалған. Босанғаннан кейін нәрестелер аналарымен қалады. Аналардың пікірінше, перзентханадағы жағдайлар тура үйдегідей. Ыңғайлы палаталар және барлық қажетті заттар бар.

Босануды ақылы жүргізу шамамен 80 мың теңге тұрады, бірақ, инста-маматайлардың пікірінше, тегін бөлімде де өте жайлы жағдайлар жасалған, ал мұндағы персонал өте ілтипатты.

Бөлім меңгерушісі: Сүлейменов Марат Мәлікұлы

Pandaland Image

Mrs_Idrissova осы перзентхананың ақылы бөлімін мақтауда және: «Акушеркалар мен мейірбикелер есті қызметкерлер!» деп атап көрсетеді.

Эстафетаны №1Қалалық перзентханажалғастырып отыр.

Бір қарағанда, көптеген панда-маматайлар перзентханадағы медициналық персоналдың ниеті түзулігін және әдеттегі жағдайларды атап өтті. Мұның әдеттегі перзентхана екендігіне қарамастан, мұнда шала туған балаларға арналған бөлімі, дене салмағы 1 килограмға жетпейтін балаларды күтуге арналған инкубаторлар, кювездер, диагностикалық жабдық бар, лапароскопиялық операциялар, гистероскопия жүргізіледі.

Босану бөлімінде жеке санитарлық тораптармен жарақтандырылған бір орындық және үш орындық палаталар бар. Температуралық режим және жаңадан туылған нәрестелердің дене температурасын термобақылау қатаң сақталынып отырады. Перзентханадағы жабдық асқынбаған босануларға есептелген.

Жүктілік бойынша есепте ақылы негізде тұрған аналар үшін жүктілікті жүргізу сомасы шамамен 73 мың теңгеге түседі, ал босанудың өзі болса, осында болуды және медициналық рәсімдерді қоса отырып,  жуықтап алғанда 105 мың теңге болады.

Бас дәрігер: Тихомирова Елена Алексеевна

Бөлім меңгерушісі: Рамина Мұратжанқызы

Pandaland Image

«Өзімнің үш баламды 3-ші перзентханада босандым, қазір ол Астана қаласында 1-ші перзентхана, менің акушерім, босану залының аға маманы Елена Анатольевна – біліктілігі жоғары маман, тамаша адам, керемет әйел! Перзентхана ұнайды, жағдайлары тамаша, тап-таза, асты дәмді әзірлейді! Біздің елімізде әрқашан барлық жерде «өз» адамдарың болуы керек», - деп жазады Kuangalieva28.

№1 Қалалық перзентхананың байланыс ақпараттары - осында.

Астананың перзентханаларын шолуымызды Перинаталдық орталық (№2 перзентхана) аяқтап отыр.

Орталықтағы босану бөлімі 150 орынға есептелген, жеке санитарлық торабы бар 1-2 орындық және жалпы палаталар бар. Бір орындық палаталарда теледидарлар мен тоңазытқыштар бар.

Мұнда жүкті әйелдерге, патологиясы бар босанатын әйелдерге, жаңа туылған балаларға және гинекологиялық ауруларға медициналық көмек көрсетіледі.

Бөлім меңгерушісі - Досова Күләш Ебенқызы

Pandaland Image

Rozaeszhanova Перинаталдық орталыққа 5-тен 5 деген бағасын қойды.

Перинаталдық орталықтың (№2  перзентхана) байланыс ақпараттарыосында.

Ана болуға әзірленіп жүрген барлық оқырмандарымызға сәтті және жеңіл босануларын тілегіміз келеді. Жуырда ғана сіздердің нәрестеңізбен ұзақ күткен кездесулеріңіз болады және өмірлеріңіз бақыт пен нұрға толады!

Сегодня читают

Сегодня читают

Топовые новости

×