Личный опыт

Қайда босанған бәрінен де жақсы? Мемлекеттік жеке меншікке қарсы

Құрметті блогерлер мен оқырмандар, сіздердің көмегіңізбен толық салыстырмалы талдау жасауға үміттеніп отырмын: жеке перзентханалар мемлекеттік перзентханаларға қарсы, қайда босанған жақсырақ? Өзімнің тәжірибем туралы баяндап бер
Қайда босанған бәрінен де жақсы? Мемлекеттік жеке меншікке қарсы
Құрметті блогерлер мен оқырмандар, сіздердің көмегіңізбен толық салыстырмалы талдау жасауға үміттеніп отырмын: жеке перзентханалар мемлекеттік перзентханаларға қарсы, қайда босанған жақсырақ? Өзімнің тәжірибем туралы баяндап бер
Қайда босанған бәрінен де жақсы? Мемлекеттік жеке меншікке қарсы
Құрметті блогерлер мен оқырмандар, сіздердің көмегіңізбен толық салыстырмалы талдау жасауға үміттеніп отырмын: жеке перзентханалар мемлекеттік перзентханаларға қарсы, қайда босанған жақсырақ? Өзімнің тәжірибем туралы баяндап бер
31.07.2015, 14:23
Изменено: 05.12.2023, 23:22

Құрметті блогерлер мен оқырмандар, сіздердің көмегіңізбен толық салыстырмалы талдау жасауға үміттеніп отырмын: жеке перзентханалар мемлекеттік перзентханаларға қарсы, қайда босанған жақсырақ?

 

Өзімнің тәжірибем туралы баяндап берейін

Мен өзімнің блогымды жеке меншік «Керуен Медикус» клиникасында жүктілікті тіркеуді жүргізу туралы шағын мақаламнан бастадым. Ұзақ уақыт ойланып-толғаннан және туған-туысқандарым мен достарыммен ақылдасып, талқылағаннан кейін, дәл сонда босануға шешім қабылданды. Біріншіден, менің бірнеше әріптесім Керуенде босанып, өте риза болып қалған болатын. Екіншіден, форумдарда басқа босанған әйелдер өз тәжірибелері туралы өте оң лебіздерін білдіріп, жақсы бағаларын берді. Әрі ақырында, үшіншіден, Керуенде тек жеке палаталар ғана бар, ортақ палаталар да, «жартылай жеке» палаталар да жоқ. Иә-иә, онымен қоса мен олардың мұнда өз аяғыңды ұстау қажет емес және жалпы босану – тек ләззат болатын тамаша кресло-трансформері жайында хабардар болатынмын. Мұндай креслолар қалада саусақпен санарлық дейді (бұл шын ба?).

Pandaland Image
 

Міне, аты аңызға айналған кресло және онда отырған менің нақ өзім (фото Vox Populi алынды)

36-шы аптада, осылай болуы керек сияқты, Керуенмен шарт жасастым. Физиологиялық босану 300 000 теңге тұрады. Шарттың құнына босанудың өзі (бесенеден белгілі жайт), 4 кереует-күн, тамақтану, өкпе рентгені, анализдер, дәрігердің белгілеуі бойынша дәрі-дәрмек, босану кезіндегі ауыруды сезінбейтін қылу және босанудағы серіктестік (менің жүктілігімді бақылап жүрген дәрігерімнің қатысуы) кіреді. Енді барлығын рет-ретімен қарастырып шығайық:

Босану – өте жақсы жағдайларда өтеді. Дәрігерлер мен акушерлердің барлық командасы босанатын әйелге қысым көрсетпейді, жан-жақты қолдайды («менің әдемім» және басқа да ілтипаттар). Іс-әрекет қоса енгізідген массажері бар, еске алынып кеткен кресло-трансформерде өтеді. Оны қосқан кезде, өте тамаша болды. Акушеркаға алғыс айтуға күшім болмағанымен де, бірақ мұның қаншалықты жайлы, жағымды екендігін өзіме атап өттім.:)

Баға: 5+

 

Палаталар – бізді үлкен палатаға орналастырды, бірақ шағынырақ палаталар да бар (өзімнің түсінуімше, бағасы бірдей болса да). Палатада тоңазытқыш, ыстық және суық суы бар диспенсер, заттарға арналған шағын шкафтар, теледидар, DVD-плеер, сауықтыратын кереует (ретке келтірілетін арқалық, жазықтық бұрышы және т.с.), балаға арналған шағын кереует, құндақтайтын комод, аурухана үстелшесі, душ, дәретхана бар. Палаталарды күніне екі рет жинап, «кварцтайды», сондықтан мұнда болу жан рахаты: заттар әрқашан рет-ретімен орналастырылған, таза, жаңа ауа, жайлылықтың бәрі бар.

Баға: 5+

Pandaland Image
 

Тамақтану – міне, дәл осы жерде менің бағамның пайдалы бола қоюы екіталай. Вегетариан ретінде, мен іс жүзінде мұндағылар өзіме алып келгеннен ештеме жеген жоқпын десе болады. Күніне 4 рет тамақтандырды, мұның өзі жақсы. Күйеуімнің анасы (яғни, енем) әзірлегенді ғана жегендігіме  қарамастан, мен бір парадоксты байқамай қала алмадым: дәрігерлер ақ нан мен тәтті жеуге тыйым салып отырды, ал дәл сол кезде әрбір тағамға ақ нан ұсынылып отырды, ал түстен кейінгі асқа шоққа пісірілген бөлке әкелініп жатты.

Баға: 3 (ұсынылып отырған мәзірдің босанатын әйелдің ұсынылған рационына сәйкес келмегендігі үшін).

 

Анализдер, ауырсынуды басу, дәрі-дәрмек – тәрізі, барлық жердегідей, баға: 5. Бұл жерде қалайша мүшлт кетуге болады?

 

Серіктестік – күйеуімді менің ажырамастай бөлігім ретінде қабылдады және оның барлық сұрақтарына әрқашан өте сыпайы және толық жауап беріп отырды. Біз оның менімен қала алатындығын білмеген едік, бірақ бізге мұны ұсынған кезде, еш бас тарта алмадық. Ұлымызбен клиникада болған барлық 4 күн Әділ бізбен түнеді, бұл тамаша болды.

 

Сондай-ақ маған жүктілікті жүргізген дәрігердің де шарт бойынша босануға қатысуға міндетті екендігі ұнады. Ол кезге қарай менің Жанара Ибадуллақызымның туыстай болып кеткендігі соншалықты, оның босануға қатысуы сол сәтте басқа қалада болған өз анамның қатысқандығына ұқсас болды. 

Баға: 5+

 

Клиникадағы ең жақсысы – бұл олардың медициналық персоналы. Нәрестем жылап үлгермейінше, табалдырықта тәуліктің кез келген сәтінде баланы сиқырмен тыныштандыруға әзір мейірбике пайда болып отырды. Ешкім де бір де бір рет қыршаңқы ескерту жасамады. Акушеркалар, мейірбикелер өзіңді атыңмен есінде сақтап қалып, сенімен өзіңді өмір бойы білетін адамдар секілді сөйлеседі.

 

Екінші баламды тек Керуенде босануым керек!

 

Бірақ, маған мемлекеттік перзентханаларда және ортақ палаталарда босанатын әйелдердің жағдайы қандай екендігі құпия болып қалып отыр. Қандай да болсын ерекше атмосфера: тәжірибе мен білім алмасу, ынтымақтық пен өзара қолдау бар екендігі сөзсіз болар? Осыдан барып ерекше естеліктер, жаңа таныстықтар мен одан кейінгі достық пайда болар? Жеке клиникадағы болсын, әлде мемлекеттік клиникадағы болсын өз тәжірибеңізді бөлісіңізші.

Menu
×